15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Шалқан ертегісі»(көлеңкелі театр қойылымы)
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімдері: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Шалқан ертегісі»(көлеңкелі театр қойылымы)
Мақсаты:балалардың сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабылеттерін дамыту мен қатар тілін,сөз қорын жетілдіру,жан-жақты білімдерін кеңейтіп,өзін-өзі көпшілік мәдени ортада,әдепті,әдемі болуға үйрету,достықпен сыйластыққа үйрету. Көрнектіліктер:адам мен аңдардың бет перделері. Әдіс-тәсілдері:сұрақ,жауап көрініс. Жылулық шеңбері: Амандасу рәсімі: -Балалар бізге қонаққа қоян келді.Амандасайық. –Балалар қараңдаршы мынау не? -Көкөністер туралы қандай тақпақ білеміз?Кім айтады? -Қазір мен сендерді «Шалқан»ертегісін көруге шақырамын. Автор:Атай шалқан егіпті.Шалқан үйдей болып өсіпті.Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып,шалқалай тартады.Олай тартқылайды,былай тартқылайды,суыра алмайды. Атай әжейді шақырады.Әжей атайдың,белбеуінен ұстайды,атай шалқанның желегінен ұстайды.Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды,тартып суыра алмайды.Әжей немере қызын шақырады.Немере қызы әжейдің белінен ұстайды.Атай шалқанның желегінен ұстайды.Немере күшігін шақырады.Күшік мысықты шақырады.Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды,күшік немере қыздың етегінен ұстайды,қыз әжейдің белінен ұстайды,әжей атайдың белбеуінен ұстайды,атай шалқанның желегінен ұстайды,олай тартқылайды,бұлай тартқылайды,суыра алмайды.Мысық тышқанды шақырады,тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды,мысық күшіктің құйрығынан ұстайды,күшік немере қыздың етегінен ұстайды,қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды,атай шалқанның желегінен ұстайды,қатты тартып қалғанда шалқанды суырып алады.
Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Алақанды созайық. Алға қарай бір адым. Атқа қарай бір адым. Жоғары,төмен қарайық. Орнымызды табайық.
Фланелеграф ойыны «Қоянның үйшігі»ертегі кейіпкерлерін орындарына дұрыс қою. Балалар хормен іс-әрект арқылы көрсетеді. Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан Сәлем саған жер ана Сәлем саған достарым Сәлеметсізбе қонақтар? Жылуыма жылу қосқан, Міне менің қолым. –Сәлеметсіңбе қоян!
Балалар орындықтарына жайғаса отырады,көлеңкелі шалқан ертегісін көреді.
Қортындылау:
–Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық? -«Шалқан»ертегісі -Шалқан қайда өседі? -бақшада -Ол қандай болады? -үлкен -Атайға кімдер болысты? -әжей,немере қызы,күшік,мысық,тышқан -Міне қандай тату-тәтті отбасы! Бір-біріне көмектесіп,өз туысқандарына қамқорлық көрсетеді. –Ал сендер бір-бірлерімен доссыңдарма?Ендеше дос болайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген