«Ертегілер
елінде»
«Шалқан»
ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың
ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары
жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті
құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда әуен
ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен
амандасады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Бүгінгі ертегі қойылымына қош келдіңіздер? Олай болас біз
бастаймыз. Қабыл алыңыздар!
Баяу әуен қосулы
тұрады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір
мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында
шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен
үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып
қарайды.
Ата:
Ой,
бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін
болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы
болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды.
Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой
көмекке кемпірді шақырайын.
— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші,
қарашы,
шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел,
екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
Ой,
шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ
тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері
тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын
көмекке шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен
шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды әже сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп,
шалқанды тартады,
тартады.
Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін
шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер
көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит
қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра
алмайды.
Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен
шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз
кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері
жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды
шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп
жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Бәрі жұмыла тартады,
тартады, тарта-тарта шалқанды суырып
алады.
Тәрбиеші: Содан кемпір шалқаннан дәмді
сорпа пісіреді. Бәрі қуанышты күй кешіп мұрат мақсатына жетеді.
Назар қойып қарағаныңызға рахмет! Қош сау болыңдар
балалар!