400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Материал туралы қысқаша түсінік
*Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Балаларды әдеби кейіпкерлердің іс әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. *Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру. Ертегілерді рөлдерге бөліп сахналауға үйрете отырып, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сөздік қорларын молайту. *Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды көмектесе білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсат-міндеттері:

*Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Балаларды әдеби кейіпкерлердің іс әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

*Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру. Ертегілерді рөлдерге бөліп сахналауға үйрете отырып, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сөздік қорларын молайту.

*Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды көмектесе білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ертегіні сахналау, логикалық ойын, мақал айту, өлең жаттау.

Қолданылатын көрнекіліктер: Атрибуттар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі желісімен таныстыру, әңгімелесу.

Полингвизм: шалқан-репка, шалқан- turnip

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық қозғаушы

-Балалар, барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

-Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық! -дей отырып бүгінгі күніміз жарқын , қуанышты болсын!



Балалар шеңбер бойына тұрып бірге орындады.

Іздену

ұйымдастырушы

-Балалар, ертегі тыңдағанды ұнатасыңдарма?

-Бүгін біз оқу қызметінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын қаншалықты түсінгенін жеткізеді.

Ертегіні оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

-Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар?

- Шалқан қайда өседі?

- Атай көмекке кімді шақырды?

- Әжей кімді шақырды?

- Немере қыз кімді шақырды?

- Күшік кімді шақырды?

- Мысық кімді шақырды?

- Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?

Сергіту сәті:

Күндей болып күлеміз

Гүлдей боп өсеміз

Құстай боп ұшамыз

Көбелектей қонамыз.

-Енді осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.

Ертегіні сахналау


Логикалық ойын: «Айырмашылығын тап»

Шарты: Балалар суретте берілген 5 айырмашылықты тауып, оларды атап көрсетеді.


-Балалар ойын ойнаған сендерге ұнады ма?

Полингвизм: шалқан-репка, шалқан- turnip


-Иә, тыңдағымыз келеді.





Балалар ертегіні мұқият тыңдады.

-Ата, әже, немере қыз, мысық

-Жерде өседі

-Әжені

-немере қызын

-Күшікті

-Мысықты

-Тышқанды

-Шалқанды жұлып алды.


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындады.



Балалар ертегіні рөлдерге бөліп сахналады.


Барлығы ойынды қызығушылықпен ойнады.

-Иә, ұнады.

Үш тілде айтты.

Рефлексивті коррекциялаушы

Қазақтың мақал-мәтелін айтқыза отырып, оқу қызметін аяқтау.

-«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай



«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» барлығы бірге қосылып айтты.


Мұқият тыңдады, бірге қосылып айтып жаттап алды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ертегінің мазмұнын түсініп, рөлдерге бөлініп ертегіні сахналауды білді.

Қандай түсініктерді игерді: Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды және бір-біріне көмектесуді түсініп игерді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Сахналау арқылы ертегіні көрсету және толық әңгімелеу дағдыларын меңгерді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі