400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салт дәстүр «Құда түсу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сахнада үстел басында ауылдың үлкендері отырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы Жарма ауданы

«Жаңғызтөбе орта мектеп»

Балабақша кешені КММ -сі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Аметова Айнаш Каримбековна



Салт дәстүр «Құда түсу»

Сахнада үстел басында ауылдың үлкендері отырады.

Жеңгесі: - Біздің Айшажанымыз да есейіп тұрмысқа шығатын уақыты да кеп қалды ау ә ә.

Анасы: - Ия кеше ғана шашы жалпылдап ойнап жүрген бала еді.Енді міне қызымыздың бойжетіп тұрмыс құратын уақыты да кеп қалыпты.

Әжесі: Ия менің ерке тотай қызым бұйырса жақсы келін болады.Ақылына көркі сай ғой жарығымның.

Анасы: - Әй келін сен құдалармен хабарластың ба жолға шығып па екен өздері.

Жеңгесі: - Қайдам түс ауа шығамыз деген еді. Иии сол құдаларыңыз жеткенше де талай уақыт болатын шығар. Олар келгенше өзіміз бір шай ішіп алмадық па апа?

Әжесі самауырларың қайнап тұр ма еді ішсек ішейік. Бағанадан шапқылап жүріп шайды да ұмытып кетіппіз ғой.

(Сахнаға бір бала жүгіріп келеді )

Бала:- Апааааа апааа апа деймін. Біздің ауылға қарай түйе жетектеген бір топ адамдар келе жатыр деймін.

Жеңгесі: - Ойбууу кеп қалды құдалар келді келді

Анасы:- Арқан арқандарың қайда кім керуші еді жүгіріңдер бол жылдам.

Әжесі: - Әй қыздар шашуым қайда шашу

(Құдалар әдемі музыкамен түйелерін жетектеп сахнаға қарай көтеріледі. Осы жерде ауылдың келіншектері көршілері арқан кереді.)

Көршілері: Арқан керген себебіміз. Екі құданың арасы осы арқандай мықты жолы болсын дегеніміз.

Құдалардың біреуі арқан керген әйелдерге әдемі орамал жабады.

Құда жақтан біреу: Бұл қазақтың ырымы салт дәстүріміз арқан керген адамдарға әдемі ақ жаулық жабады. Айналайындар міне мына орамалды ала қойыңдар. Орамал тон болмайды жол болады.

Әжесі құдаларға шашу шашады. - Ал құдалар біздің ауылымызға біздің шаңырағымызға хош келдіңіздер.

Жеңгесі: - Ал төрлетіңіздер. Жоғары шығыңыздар.

(Құдалар дастархан басына жайғасады)

Әжесі: Ал астан алып отырыңыздар жеңіздер алыстан шаршап келдіңіздер.

Жеңгесі:- Ал құдалар құр отырмай таныса отырайық өздеріңізді таныстыра отырсаңыздар.

Құда жақтан біреу:-Міне мына кісі сіздердің нағыз бауыздау құдаларыңыз. Жомарт құда.

Ал мына кісі құдағиларыңыз болады аты Жанат. Менің есімім Айгерім болады.

Енді сіздерге әкелген сый сияпатымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.

Мынау үлкен әжесіне алтын білезік және басына әдемі бүртпе шәлі.

Ал мынау анасына алтын сырға жүзігімен. Әкесіне құндыз жағалы тон.

Той малға міне түйе әкелдік. Тағы сыртта қойымыз бар ол өлі тірісі құдағи Өлі жебемей тірі байымайды деген.Мына шапан ілуіміз шыға беріс босағаға іліп кетеміз. Әкелген кілеміміз бар ол ұлымыздың қайын атасының табанының астына салуға әкелгені ғой.

(Құйрық бауыр асатуға ән қойылады. Көршілері құйрық бауыр асатады.Кәделерін алады.)

Құда жақтан біреу:- Ал құдалар кәдемізді берістік құйрық бауыр жестік. Енді кел демек бар кет демек жоқ құдағи қараңғы батпай бізде жолға аттансақ бұйырса сол уәделескендей маусым айының тоғызы күні өздеріңізді тойда күтеміз. Рұқсат болса біз аттанайық.

Анасы: - Қазақта қуыс үйден құр шықпа деген бар ғой. Мына азын аулақ си сияпатымызды қабыл алыңыздар құдалар.

Әжесі: - Олай болса келіңдер батамды берейін.(Әжесі бата береді)

(Әдемі музыка қойылады құдалар құшақтасып беттерінен сүйіп қол алысып көңілді ырғақты би билейді)

Барлық қатысушылар сахнаға шығып бастарын иеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20.05.2024
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі