Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салт-дәстүр-тәрбие көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің тілегіміз -қазақ халқының қалыптасқан әдептілігі,инабаттылығы,адамгершілігі-бәрі осы пәннен табылуы қажет. Халқымыздың мақал-мәтелдерінен,даналық сөздерінен де ата-ананың қадір қасиеті туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі


«Абай атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Тақырыбы:



Shape1









Өзін – өзі тану пәні мұғалімі :

Ә.Аңшыбаева










Тасты ауылы 2017 ж



Салт – дәстүр – тәрбие көзі

Жоспар:

1.Кіріспе

«Тәрбие басы – тал бесік»

2.Негізгі бөлім

1. «Ұлттық тәрбие отбасынан басталады»

3.Қорытынды



































Қай елдің болса да әдет – ғұрыпы, салт – санасының озығы бар, көнерген тозығы бар. Болашақ азаматтарды жан – жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор. Дәстүр мәдениетімен тығыз байланыста болады. Ата –ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік, сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.

«Бала тәрбиесі – баршаның ісі» деген ұлағатты сөзде керемет бір үлкен мағына жатыр деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Бала тәрбиесі жанұядан басталмақ» деген сөз ата – ана тәрбиенің күштілігін көрсетеді.

1. «Ата – ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».

2. «Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау».

«Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».

3. «Бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».

4. «Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.

Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле – өлгенше сусындайтын махаббат.

Ғабиден Мұстафин

Негізгі бөлім:

«Ұлттық тәрбие отбасынан басталады.»

Қоғамның басты байлығы – адам. Елбасымыз биылғы халық жолдауында «Адам елдің басты байлығы» - деп атап көрсетті. Жан – жақты жетілген білімді саналы азаматтар қалыптасқан, қоғамның болашағы зор екені белгілі. Ал болашақ иегері жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріліп келеі. Жастарды отан сүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет. Әрине «Тәрбие тал бесіктен басталады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әр ата – ана өзінің мінез – құлқымен, жүріс – тұрысымен, адами қарым – қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуға тиіс. Өмір мектебінен өтсең, тәжірибесі мол, көпті көрген қарттармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу керек. Жан – жақты тәрбие алған жастар еліне, халқына адал қызмет етеді. Адалдық, әділдік, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өскен жастар елдің мықты азаматы болып шығады. «Отан отбасынан басталады» дегендей отбасы – тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. Бұрын қазақ баласы негізгі тәрбиені отбасынан алса, қазір ол қоғамдық тәрбиемен ұштасып отыр.

Әдетте көп балалы отбасында өскен бала бауырмал, сезімтал, басқаның қайғы – қасіретін тез түсінеді. Ал, жалғыз өскен баланың көбі өзімшіл, басқаның пікірімен санаса бермейтін болып келеді.

Күнделікті өмірде ата – ана балаларымен әр түрлі қарым – қатынаста болады. Бірақ оның ең бастысы – шексіз сүйспеншілік.

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің де тиетіні рас. Бұлардың бәрін ержетіп, азамат болуды ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласақ, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аяулы алтын діңгегі – әке – шеше.

«»Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» - деген халық даналығы тәжірибеден, үлгі – өнегесіне қарап, тәлім – тәрбие алады. Қазақ халқының қанына біткен әдет – ғұрып, салт – дәстүрдің талайы баланы адамгершілікке баулыға септігін тигізеді. Ұлтымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, «Бала тәрбиесі бесіктен» деген қағиданы ұстанған. Сондықтан жалпы бала тәрбинсіндегі ырым – тыйым сөздер халқымызда жиі қолданып баққан. Ахмет Байтұрсынов атамыз «Ырым етсең адал ет, адамдықтан аман ет» деп тегін айтпаса керек.

Қазақтың тыйым – сөзі тәрбие көзі.

1. «Бүйіріңді таянба,

Оттан аттама»,

2. «Босағаны керме,

Табалдырықты баспа»,

3. «Нәрестенің бетіне айдың сәулесін түсіруге болмайды»,

4. «Баланың желкесінен сүймейді, кесір болады »

5. «Бесікті аяқпен тербетпе»

Осы айтылған ырымдардың барлығы атам заманнан келе жатқан бала тәрбиесіндегі өте тиімді, өте маңызды қағидалардың бір бөлігі болып келеді. Халқымыздың баланың жеген асын қарап, сыртқы бейнесіне мін айтып, сын айтып отырған, осындай жағдайлардан қорыта отырып ата – аналары олақтық, салақтық, өсекшілік,жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болып жүруі үшін осындай тыйымдар айтқан. Тәрбие қайнар көзі – отбасы. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», - деп бекер айтылмаған. Сондықтан қай ата – ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Ал тәрбиенің көзі –ата-бабамыздан қалған ақыл да, дана сөздерде.Әрбір жас ең алдымен өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап Отанға білім берген ұстаздарға, рухани жағынан үлес қосқан ғылым, қөркемөнер иелеріне қарыздар.Оның өтеуі-әр азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын тауып, Отан –ананың игілігін арттыруға үлес қосуы.

Сондықтан, бала-біздің келешегіміз,оның тәрбиесіне көңіл бөлейік, қадірменді ата-ана!

«Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.

Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан – ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбилеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған»

Дәстүр(латынша-жапсыру,жалғастыру)-тарих барысын да қалыптасып,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар,салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.

Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қоса қорғап, мәдени игілігіміздің бөлшектеп болса да жинастырумыз керек.

Н.Ә.Назарбаев


Түйіндеме

Оқушылар ғалымдар мен қарттарды сыйламау, асты күтпей, ысырап ету сияқты қасиеттер халықтың қасиетін кетіріп қана қоймай, осының салдарынан кісінің келешегі, ел бірлігі жойылып, берекесіздікке душар ететініне көз жеткізді.

Келесі айтылған тағылымын халық сүйіспеншілігіне бөленген адамға еш жамандыққа жоламайтын,пәле-жала оны айналып өтетінін ұғады.

Ата-ананың тәлім-тәрбиесін алған, көрген –білгенін көкейге түйген адам өмірге бейім, шебер жан болатынын ттүсіндіретін тағылымның да мәні зор.

Қорытынды:

Жас ұрпақты тәрбиелеуге отбасы маңызды.Отбасы –адамзат бесігін тербеткен ұя болса «Баланың бас ұстазы-ата-ана». Себебі отбасы таным бесігі, отбасы-өркениет ошағы,отбасы-үлгі өнеге бастауы.

«Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны ілерсің»,

«Әкеден ақыл,анадан мейір» алады.

Отбасында «Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» болып есептеледі.

Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ.

Сондықтан да баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды.

Қорыта айытқанда, бүгінгі күнде жас ұрпақты әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін, ұлттық дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды балалардың санасына сіңіре білу ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындардың бірден бір парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

































Пайдаланған әдебиеттер:


1. Адамбаев Б. «Халық даналығы»


2. Бала тәрбиесі журналы


3. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

С.Қалиев, М.Оразбаев,М, Смайылова

Алматы «Рауан» баспасы.


4. Өзін-өзі тану журналы «Балам қөпшіл болсын десеңіз»


5. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы


6. Интернет парақтары.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1810
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11