15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"САЛТ-ДӘСТҮРДІ БІЛЕМІН"
Салт-дәстүрді білемін
ҰОҚ: Балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін. көркемдік эстетикалық талғамын дамыту. Халықтың тұрмыс салт дәстүріне қызығушьшықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілетгерін, мақал-мәтелдер арқылы тілдерін байыту. Бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстырып, оны меңгерту. Ептілікке сыйластыққа баулу; Отан сүйгіштік, бір-біріне деген қамқорлық жасау дағдыларына тәрбиелеу.Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері, сәнді қолданбалы бұйымдары, зергерлік бұйымдар т.б. суреттері..Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім қамшы бүйымдары, үкі.
Тәрбиеші:Қайырлы таң, қүрметті қонақтар, балалар!
«Алтын қол» шеберханасына қош келіпсіздер!
Ал, енді балалар, осы қонақтармен бір-бірімізбен қайырлы таң тілеп амандасайық.
Балалар:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апайлар.
Тәрбиеші: Енді өздеріңді қай өнер еліне келгендеріңді, тілектеріңді білдірсеңдер.
1-топ:Исатайдай батыр болам,
Иса атамдай ақын болам.
Игі істе батыл болам,
Игілікке жақын болам.
Тілектер:Еліміз тыныш болсын!
Әрқашан күн сөнбесін!
Тәрбиеші: Сендер елін, Отанын қорғайтын батырлар екенсіңдер ғой!
Ал, енді бір топ қыздарға сөз берейік.
2- топ:Шебер біздің әжемізде,
Шебер біздің анамыз да.
Шебер болған апамда,
Бізде шебер боламыз.
Тілектер: Аспан ашық болсын!
Қонақтар аман болсын!
Балабақшамыз жайнай берсін
Тігінші қыздар тілектерің
Қабыл болсын!
3-топ: Дайын қалам, қағазымыз,
Мүсіндей де аламыз.
Ақ көгершін кең аспан,
Суретін біз саламыз.
Тілектер: Ел-жүрт аман болсын!
Дос болайық.
Сендер мүсіншілер мен суретшілер болдыңдар ғой?
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, өнер туралы әңгімемізді, сабағымызды жалғастырсақ.
¥лттық қолөнер түрімен біз күнделікті үйде, де танысып жүрміз. Әрқайсымыздың үйдегі шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіндерін білесіңдер. Сол бұйымдарға нелер жатады? (көрпе, көктем, көйлек, шапан)
Ал енді осы жерден көне салт дәстүрдінбет пердесіннің шымылдығын бір ашып таныстырып өтейік . Ол көне заманнан кележатқан салт дәстүрдін бір түрі. Бесікке бөлеу немесе салу. Осы салтты жасаудың өзіндік әдебі мен эстетикалық тән –талғамы бар.Оны демонстратциялау сахналық қойылым арқылы көрсетіп таныстырып тамашалайық. Ең алдымен біз әжеміздін үйіне қонаққа барайық сол үйде біз осы салтпен танысамыз. Ең алдымен баланы шомылдырып одан кейін алас-аласты жасаймыз . Бесікке бөленген сәбиге Бесік жыры айтылады.
Тәрбиеші:Бүрынғы аталарымыз ағаштан, темірден қандай бұйымдар жасаған?(сандық, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел, ер-тұрман, кебеже)
Зергерлік бұйымдарға не жатады? (сақина, сырға, , бойтұмар, шашбау, алқа)
Енді естеріңе ыдыс-аяқтарды түсіріп, атап өтіңдерші. (кесе, тостаган, астау, ожау, табақ)
Осының бәрі де ыдыс-аяқ түрлері, осы ыдыс- аяқты салатын әжелер әдемілеп тіккен қапшық болады. Оны қалай атайды? (аяққап)
Дұрыс айтасыңдар! Осы бұйымдардың бәрін не- мен әшекейлеп, өрнектеген? (оюлармен)
Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер? (қошқар- мүйіз, жұлдыз, гүл, тарақ, балта, омыртқа)
Сонымен, осы бұйымдардың бәрін де халқымыз бір сөзбен қолөнер түрі деп атайды. Қандай өнер түрі деп атаймыз? (қолөнер түрі)
Бүтін сендер осы өнер түрлерін қалай меңгергендеріңді өз жұмыстарыңның нәтижесінен көрсетесіңдер.
Жұмысқа кіріспес бұрын демалып, сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту сәті:
Маған арнап жекелеп,
Әжем басты текемет.
Бір топ адам аяқпен,
Теуіп бердік төпелеп.
Басу
қызықтекемет,
Тәрбиеші:Рахмет
балалар, мен сендерге еңбек туралы мына
бір тақпақты оқып берейін жақсылап
тыңдаңдар:
Гүл өсірсең терелеп,
Мұның аты- еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты -еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Тәрбиеші:Еңбек еткен бала бәрінде жеңеді екен, ал сендердің қиындықтарыңның бәрі артта қалады, енді жұмыстарымызды бағалайық. Бүгін сендердің ата-аналарыңа «Қуанышты хабар» ашық хатын жолдаймын. Сендер өнерлі, ұқыпты екенсіңдер.
Қорытынды:Құрметті қонақтар, сіздерді қолөнер көрмесіне шақырамын. Балалардың жасаған қолөнерін тамашалаңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген