жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Салт-дәстүрді құрметтейік!
Тақырыбы:
Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу - діңгегі - бала. Бала туылғаннан кейін ат қою, бата беру, асық ойнау, айтыс, дәстүрлерін еске түсіріп,дәріптеу.
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Кіріспе.
Қазағымның
салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді
ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт
- дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ
атты үлкен, кіші, балдырған,
Жиналыппыз
сәтті күні бәріміз де,
Үлкен,
кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңіз,
қадірменді қонақтар,
Гүл
- гүл жайнап мына біздің төрімізге,
Қазақ халқының салт – дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ер жетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім – жітімге дейінгі аралықты сонымен қатар қауымдық – әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Ешбір заңда, кодексте жазылмаса да халық дәстүрді бұлжытпай орындап отырған. Бала өмірге келгенде екі көзі төрт болып күтіп отырған ағайынға шапшаңдау бірі «сүйінші» сұрап, қыз болса «кесте тігер», ұл болса «қамшы ұстар» екен деп өз сүйіншісін қолма – қол алып жатқан. Аман – есен босанғаннан кейін жаңа босанған әйелге құрмет және денсаулығын қалпына келтіру үшін «қалжа» береді. Бұны жақын адамдары, туған – туысқандары, дос – жолдастары қой сойып, ет пен сорпа әзірлейді. «Жарысқазанның» артынан іле – шала «шілдехана» орын алады. Бұған көбінесе жастар жағы жиналып, думанды той қылып жібереді. Сол кеште қалжа етінен «он екі омыртқа» тазаланып, мұжылады да әбден болған соң тобылғы ға тізіп, үйдің жоғарғы жағына іліп қояды. Қалжаның омыртқасынан ауыз тиюге әйел затының бәрі ат салысып осы әйел сияқты тезірек босанармыз деп ырымдап, үміттенеді. Жас босанған келінді енесі үнемі қадағалап, «шілде қағып кетпесін» деп салқыннан сақтайды. Қолын суға салғызбай, «қырық күнге дейін дене судан шошиды» деп шомылдырмайды. Бала дүниеге келгенде дауысы шығу үшін құйрығын шарт еткізіп ұрады да, кіндігін кеседі. Кіндігін кескен әйел «кіндік шеше» атанады. Осылай екі үй арасында жақсы қарым – қатынас жиілеп, жарастық орнайды.
Балаға ат қою рәсімі.
Көрініс « Балаға ат қою», «Бесікке салу»
Бала:
Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби
келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам,
бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау
шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден
нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
Автор: Күлән ана немерелі болғанына қатты қуанды.Немересі үйге келгеннен кейін қолына алып, бауырына басқан соң...
Әже:- Балаларым, құдай беріп, дүниегі бір азамат келді.Енді бұл балаға ат қойю рәсімін жасайық.Ана ауылдың шетіндегі Қартқожа атаны жақырып кел, жасы үлкен, көпті көрген, көреген кісі ғой, сол кісі қойсын атын.
Бала:Жарайды әже шақырып келейін
Автор:Қартқожа шалды ерітіп келеді. Амандасып жайғасқан соң.
Балаға
ат қою рәсімі басталды. Балаға
ат қоюда ауылдын беделді азаматы азан
шақырып, баланың құлағына үш рет естіртіп
айқайлап, қайталаған.
Көпті
көрген Қартқожа ата: Бұл баламыз мырза,
жомарт болсын деп, атын Мырзабек қояйын.
«Аллаһу
әкбар» деп азан шақырып
Есімің
Мырзабек болсын.
Есімің Мырзабек
болсын.
Есімің Мырзабек болсын.
Осы
бала елдің алдында жүріп, еліне қызмет
қылсын деген ниетпен бұл балама өз
батамды берейін.
Нәрестенің
бауы берік болсын,
Ата-анасына
серік болсын!
Азамат
болып ер жетсін,
Ақсақал
болып терлетсін,
Азамат
болсын көрікті,
Ғұмыры
ұзын берікті,
Қол
қанаты көп болып,
Артынан
ерте берсін серікті, ‘
Азамат
болсын ардақты,
Мінезі
болсын салмақты,
Өнері
болсын жан-жақты,
Осы
айтқанның бәрі келіп,
Алла
берсін зор бақты,
Аллау
әкбәр!..
Әже: Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. «Бесік тойы» қазақ өмірінде үлкен орын алады. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Сондықтан баламды бесікке салайық.
Баланы бесікке салу дәстүрі:
1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою.
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
Алас,
алас, баладан алас,
Түрлі-түсті
пәледен алас,
Көзі
жаманның көзінен алас,
Тілі
жаманның тілінен алас,
Алас,
алас, алас,
-деген сөздерді айтып бесікті аластайды.
3.«Тыштырма» ырымын жасау
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
1.Бесіктің көрпесін жабу
2.Атасының шапанын жабу
3.Ауыл ақсақалының киімін жабу
4.Ағасының киімін жабу
5. Әжесінің тонын жабу
6.Қамшы жабу
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
Бесік жыры:
Әлди-әлди ақ бөпем.
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем жылама,
Жілік шағып берейін.
Әлди-әлди бөпешім.
Ұйықтай қойшы көкешім.
Тербетейін жата ғой.
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Қорытынды:
Әдет
- ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,
ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған
дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап,
жаңартудан қашпайық.
Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген