Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Салт дәстүрім

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіме керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету.



Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән – қазақ тілі. Бла сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамаматикалық ережелерді дұрыс түсініп , күнделікті , өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс . Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды . Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп , олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн . Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады . Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі. Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады . Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі . Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып , әр сөзде неше дыбыс , неше әріп бар екенін ажырата біледі . Мысалы: «ана» , «домбыра» , «асық» сөздеріндегі дауысты , дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап – ақ ажырата білуге , сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп , әрбір сөз сөйлемді дауыстап оқытып , оны іштей қайталап , естеріне сақтап жазуға үйрету керек . Бұл , біріншіден , баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса , екіншіден , сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға , үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі . Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп , соның аттарын өздеріне жаздырып , жазған сөздерін , сөйлемдерін өздеріне жаздырып , жазған сөздерін , сөйлемдерін өздеріне , қатар отырған қасындағы балаға тексеремін . Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып , сауатты жазуға талаптанады . Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір – бірінен көшірмейтін болады . Әріп ( 1 – сыныпта ) буын , сөздік диктантын орынды жүргізіп , онда жіберген қателерін қайталап жаздырып , сол сөздерді қатыстыра отырып , сөйлемдер құратып астын сыздырамын .

Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі - сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану . Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады , материалды тез қабылдап , есінде ұзақ сақтауға көмектеседі . Ойынның түрлері өте көп , солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше . Мысалы , «Есіме жаттап сақтаймын » ойыны .

Ый – и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер -сый мен - тый - бұлар түбірлестер . Оған мысал : Сыйға – сый . «Көзің ауырса , қолыңды тый » , қалған сөздерде жалаң « и » жазылады . Егін , шөпті уақытында жи . Оюды қайшымен қи - деген сияқты сөздерді жиі сұраймын .

Демек , дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң « и » жазылуына ерекше тоқталған дұрыс .

Я әріпіне жүргізілген ойында и + а = я ; қоян , аяқ , таяқ , аяз , тағы сол сияқты құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып , өздеріне тексерту , осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп , тасымал тақырыбына байланысты бір буынды , екі буынды , үш буынды сөздерді дұрыс жазуға , « Кім көп сөз тауып жазады ? » ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді . Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі .

Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету . Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей , сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал – мәтелдерді , тақпақтарды жатқа жаздыртып , сауаттылығын тексертіп отырамын . Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет – ғұрыпқа байланысты алынады . Мысалы , Аттан биік . Қойдан аласа . ( Ертоқым)

Бұралып қос құлағы ,

Күмбір қағып тұрады . ( Домбыра )

Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей , қате жіберген сөзді қатыстырып , сөйлем құратып , қатесін түзеткен – түзетпегендерін байқап , ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыру керек . Әрі таза , көркем ,сауатты жазуға дағдаландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір – біріне беру , көрсету , салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді .

Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе , онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі.

Сауатты әрі калиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше . Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз , сөйлем , жазылған кесте суретті парақшалар , сюжетті суреттер пайдалануға көңіл бөлемін .

Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын . Оқушылар әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді . Мысалы : кейде ұ әрпін ү , ы немесе і , о әрпін ө , т әрпін д , с –ны ш , ң – ды н деп айтады . Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір –біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді . Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай , келесі сөйлемді бас әріптен бастамай , жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды . Қатенің бір түрі сөз мағынасын дұрыс түсінбей жазудан болады . Мысалы : « тастама » сөзін « тыстама » « кішкентай » сөзін « киттей» , « ештеңе » сөзін « іштеме » деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету , бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі кездеседі .

Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі .

Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор . Мысалы : дана – данышпан , ақылды , білімді . Қару – жарақ - мылтық , найза , қылыш .

Мәнерлеп оқу - сауатты жазудың негізі . Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады .

Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек , немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып , оны орнына қойып , үйлестіріп жазу , берілген сөздерден сөйлем құрап жазу , сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін тигізіп отырады . Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар , сөйлемдер , мазмұндама , шығарма , диктанттардың пайдасы зор . Диктанттың түрлері көп . Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі . Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып , астын сыздыру нәтижесін береді . Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшін оларға кітапты көп оқу , қалай оқу , қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын . Оқушыларды қатесіз , сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі . Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады . Қорыта айтқанда , сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады . Әріп элементтерін дұрыс бір – бірінен ажыратып , жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады . Әсем , қатесіз , сауатты жазу - өнер . Қатесіз жазуға , мәнерлеп оқуға , дұрыс сөйлеуге жаттықтыру - сауаттылыққа үйретеді . Оқушыларды сауаттылыққа үйрету - әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12