400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

«Салт-дәстүрім – қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы жалпы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гүлнар Нұғматқызы Кутинова

«№ 19 ЖОББМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы



Тәрбие сағаты 3 сынып

Тақырыбы: «Салт-дәстүрім – қазынам»

Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдет ғұрпына деген сүйіспеншілігін бойларына сіңіру, үйрету.

Білімділік мақсаты:

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы жалпы білім беру.

Дамытушылық мақсаты:

Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Эстетикалық сана-сезім мен ұлттық мәдениетке қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрлерін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру.

Көрнекілігі:


Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Салт-дәстүрім – қазынам» өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Дәстүр – мәдениеттің белгісі, дәстүр байлығы – мәдениет байлығы. Сондықтан да «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.


Ассалаумағалейкүм халқым менің, Біздер бұрын көрмеген,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім. Салт-дәстүрім өлмеген.

Мереке басы болсын берекенің, Үйренеміз дәріптеп,

Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін. Заманымда өрлеген.


Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Әр жастың әдепті, сыпайы, әрі инабатты болуын қалаған.

Әдептілік ар-ұят Әдепті бала – арлы бала,

Адамдықтың белгісі Әдепсіз бала – сорлы бала.

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі.

Жасында әдеп үйренбеген кісіге өскен соң одан қайран жоқ. «Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені» дейді халық. Ендеше балалар біз бірінші сәлемдесуден бастайық.

Сәлемдесу түрлері:

  • сәлеметсіз бе?!

  • аман-есенсіз бе?

  • бала-шаға, мал жаныңыз аман ба?

  • аман саусыз ба?

  • ассалаумағалейкүм!

  • үй ішіңіз аман ба?


Ата салты ардақты, Егемен болмай ел болмас,

Әрбір сөзі салмақты. Етек жеңі кем болмас.

Сол сөздерді ұқпасаң, Терезесі тең болмас,

Тістерсің бір күні бармақты. Енді қазақ кең болмас.


Сәлемдесу қатар ертеден келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі – үлкенді сыйлау. Үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс.


Үй артында төмпешік Көп жасаған қария

Ертеулі тұрған ат болар Ақылы теңіз дария

Қариясы кімнің бар болса Көп өнеге сөзі бар

Жазулы тұрған хат болар. Сөзі соқпақ өзі нәр.


Отбасының тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген халқымыз «мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» деу арқылы халқымыз қыздарды аялай білген, қыз баланы құрметтеген «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды – қырық үйден тыю» және т.б.


Ойын ойнату: «Сақина» ойыны


Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер. Әр адам өзінің жеті атасын білуі – көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе: «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың борышы.


Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.


Бата беру: «Алтын алма, бата ал» бата беру жақсы дәстүр. Тілек дегеніміз – бата. Бата дегеніміз – тілек. Бата-тілектің айтылу түрлері көп. Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер.

Асқа берілетін бата

Амандық берсін басыңа

Бөденедей жорғалап

Қыдыр келсін қасыңа

Бар екен деп тасыма

Жоқ екен деп жасыма

Дәулет келер басыңа.

Халқымыз әр түрлі жаман әдеттерге тыйым салу мақсатында ырым-тыйым сөздер айтып отырған.

Енді ырым-тыйым сөздерге кезек берейік:

  • Босағада тұрма

  • Кеш батарда ұйықтауға болмайды

  • Бетті шүберекпен жауып жату жаман ырым

  • Қол жуған соң қолыңды сілкілеме

  • Қонаққа сынық кесемен шай ұсынба

  • Қолыңды төбеңе қойма

  • Түнде тырнақ алма

  • Тізеңді құшақтама

  • Анаңа ауыр сөз айтпа

  • Бүйіріңді таянба


Әуелден жомарт серіміз

Асылын жырдың теріңіз

Білгіңіз келсе қазақты

Ән-күйін тыңдап көріңіз.


Ән: «Қазағым»


Табақ тарту рәсімі:

Қонақ күтіп, сый сыйапат көрсету халқымыздың ежелгі салты. Табақ тарту рәсімі халқымыздың ру ерекшелігіне байланысты әр жерде әр түрлі болған. Басты баташы қарияға тұмсығын қаратып қойған.

Табақ тарту түрлері:

  1. Бас табақ 6. Сыбаға табақ

  2. Орта табақ 7. Сарқыт табақ

  3. Күйеу табақ 8. Ошақ табақ

  4. Келін табақ 9. Ерулік табақ

  5. Қыз табақ


Халқымның ең қымбаттысы төрі ме еді?

Төрден ол қай уақытта жерінеді

Қонақсыз қалған күні сол қазаққа

Бәр нәрсе жетпейтіндей көрінеді.

Қонақ күту қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Ал енді балалар қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлерін білесіңдер?

  1. Арнайы қонақ – алыстан арнайы келген жақын туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас. Бұл – сыйлы қонақ.

  2. Құдайы қонақ – өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл – сауап қонақ.

  3. Қыдырма қонақ – ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ. Бұл – далбаса қонақ.

  4. Қылқима қонақ – үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып, құлқыны үшін жүрген көлденең қонақ. Бұл – сұғанақ қонақ.

Малға ен-таңба салу. Көшпелі өмір салтымен сабақтасып жатқан малға ен-таңба салу дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Төрт түлік малға ен-таңба қажеттілігін бүгінгі күнде сақталып отыр. Ен-таңба салу әдетте жаздың басына қарай, мал пышақ көтеретін кезде салынады.

Мал құлағынан түскен қиындыны қарттар балалардың алақанына салып, құмырсқа илеуіне тастайды. Сонан соң илеу ортасына үш-төрт тал ақ ши шаншытады. Егер құлақ қиындысын талапайлап жеген құмырсқалар ши бойымен жоғары қарай қанша көтерілсе, сол жылы шөп пен бидайдың бойы сонша көтеріліп өседі екен. Бұл әрине ақылгөй қариялардың ұрпақты зейінді, аңғарғыш, еңбекқор етіп өсіруді ойлағандықтан туған өнеге дәстүрлерінің бірі болатын.

Ен-таңбаның түрлері: соқа тілік, солақ кез, жүрекше, қиық, қиықша, ойық, құмырсқа, тесік, сырға.

Жақсылардың үлгісі,

Жанып тұрған шамдай.

Шешендердің сөздері,

Ағып тұрған балдай.

Ал енді балалар аталы сөзге жүгініп көрейікші:

  1. Адамдардың қадірін біл

  2. Сырыңды ішке сақта

  3. Досыңды қиын қыстау күнінде сыйла

  4. Біреудің затына көз сүзбе

  5. Ата-ананың қадірін біл

  6. Ұстазды әкеңнен артық деп біл

  7. Ашу келгенде абайлап сөйле

  8. Барша адамдарды құрметтеуді ұмытпа.

Қарағым ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоңыңды алып.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қонақжайлық салтымыз

Оқып біліп жатырмыз

Ата салтын сақтасақ

Арта берер даңқымыз.

Сау болыңыздар көргенше

Қайта айналып келгенше

Жиі келіп тұрыңыз

Қоштасайық ендеше!

Ән: «Дастарқан»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі