Материалдар / Салт дәстүрім асыл қазынам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салт дәстүрім асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Салт дәстүрлерім – асыл қазынам»


Сыныбы: 6 «Б»

Мерзімі: 12.12.2020

Мұғалім:

Оқушылардың саны: 25

Тақырыбы: Салт дәстүрім – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының тәрбиелік мәнін түсіндіру, оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту, халық өнегесін үйрету;

Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері, дәстүрлерді жасауға керекті бұйымдар.


Сабақтың барысы:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым.

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінгімен жалғадым.


Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетііз қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.


Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне бағытталған «Салт дәстүрім – асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Ән: «Қазақтың салт - дәстүрлері»

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт – дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек:

  • Отбасы, тұрмыс дәстүрлер

  • Отау көтеру дәстүрі

  • Еңбек дәстүрі

  • Қазақ халқының салт дәстүрлері

  • Тәрбие дәстүрі

  • Наурыз дәстүрі

  • Қазақ ғұрыптары

  • Ислам тағлымы

Салт – дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттың құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

  1. Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той.

  2. Кіндік кесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.

  3. Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

  4. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып, шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

  5. Тұсау кесер (салт). Сәби қаз туғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.


Ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

  1. Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

  2. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

  3. Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қояды. Оны «кекіл» дейді.


Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек:

  1. Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратен тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

  2. Базарлық (дәстүр) – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

  3. Байғазы (дәстүр) – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

  4. Тілашар (дәстүр). Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді, мұны «тілашар» тойы деп атайды.

  5. Жеті ата (дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

  6. Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табаққа қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.


Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық.

Бала: сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.

Әжелер: ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

Балаға қандай ат қойсақ екен? Қане, қазақтың ғұрыптарының бірі, ат қою рәсіміне кезек берейік.

(Балаға ат қою рәсімі жасалады.)


Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты.

(«Бесікке салу» рәсімі жасалады.)


Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген, - деп қазақ халқының тұрмыс – тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді? Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шеше көрген тон пішер, Әке көрген оқ жонар» демекші, біздің сыныптың қыздары кесте тоқып, тоқыма тоқып, көрпе құрап отырса, ұлдарымыз қамшы

өрумен қызу жұмыс үстінде. Бұның өзң қазақтың тұрысының тамаша көрінісі емес пе?!


Айтпақшы кешегі біз атын қойған сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді. Жүр, қалып қоймай соны тамашалайық.

(«Тұсау кесу» рәсімі жасалады)


Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, санларыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.


«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт – дәстүрінің жанашыры болатынына сенімдіміз.


Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда оқушылар!!!





Көрнекіліктер:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!