400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салтанатты жиын

Материал туралы қысқаша түсінік
барлығына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















«Елбасы күні - елдікке құрмет»

салтанатты жиын






















2018-2019 оқу жылы



«Елбасы күні - елдікке құрмет»

салтанатты жиыны.


Мақсаты:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге,қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.


Видеоролик

1 – жүргізуші: Қасен Жанат

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы күні - елдікке құрмет » салтанатты жиыны ашық деп жарияланады !

(Гимн)


2 – жүргізуші: Нуршина Жасмин

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.


1- жүргізуші: Қасен Жанат

Құттықтау сөз кезегі Жағатал ауылдық округінің әкімі Б.Бейсенбаевқа беріледі.

2-жүргізуші: Нуршина Жасмин

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Р.Нурбековаға беріледі.

1 – жүргізуші: Қасен Жанат

Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады.

2 – жүргізуші: Нуршина Жасмин

Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз. Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.

Ән: «Нұраға»

Орындайтындар: Қызырбек Нұрай, Қызырбек Нұралы , Келдеш Әділ , Барқазат Ерсін, Махаббатұлы Ернар, Кенжебекұлы Альфар.

1 – жүргізуші: Қасен Жанат

Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде-бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.

2 – жүргізуші: Нуршина Жасмин

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті.


Видеоролик /Қ Р тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев тың сайланған кезі туралы/

1 – жүргізуші: Қасен Жанат

1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады

2 – жүргізуші: Нуршина Жасмин

Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.

Әдеби монтаж

Ән: «Күн дидарлы Қазақстан » / хор/

1– жүргізуші: Қасен Жанат

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.

2– жүргізуші: Нуршина Жасмин

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі

Ән «Атамекен» хор

2 – жүргізуші : Нуршина Жасмин

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы күні - елдікке құрмет » салтанатты жиыны жабық деп жарияланады ! (Гимн)

1 – жүргізуші: Қасен Жанат

Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей !. Сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2019
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі