Материалдар / Салтанатты жиын "Кемел келешекке Жас Ұланмен" 2-5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Салтанатты жиын "Кемел келешекке Жас Ұланмен" 2-5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп тәлімгерлеріне керек.Қабылдау салтанатты жиынына пайдалану үшін,әдіс алмасу үшін керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий

Өтетін уақыты: 2017 жыл 13 желтоқсан

Өтетін жері: АКТ зал

Өткізілу түрі:" Жас ұлан","Жас Қыран" ұйымдарының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Ұстаздар,мектеп оқушылары

Жүргізуші:

Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

"Жаса Қазақстан " әні

Жүргізуші:

Бүгінгі Қазақстан тәелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ,жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Жүргізуші:

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын!

Әнұран ойналады

Жүргізуші :

Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілуге дайын

Ендеше «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:

1-оқушы

Қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты ссақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.

2-оқушы

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп,мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.

3-оқушы

Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған киімдерді киюмен,заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

4-оқушы

Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы,қарпайым мінезде ұстайды.

5-оқушы

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін,салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

6-оқушы

Жаслан ұйымының мүшесі- Отанына адал

Жасұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.

Жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендеше 5 - сынып оқушысы Сейт Сабина ант беруге дайын!

(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)

Анттың мәтіні

Мен, ------------------------------------ Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным-Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге;

Туған елім,жерім Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге жжәне Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!

Барлық оқушылар Хормен :

«Біз»

Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

«Ұранымыз»

Оқушылар : «Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» -3 рет қайталайды

Жүргізуші:

Құрметті Ұстаздар және оқушылар,сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустуктерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)

Құттықтау сөз мектеп директоры Сарыбаев Хауас ағайға және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсенбаев Сәбитке беріледі

Жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа

Орман Нұрайдың орындауында ән
Жүргізуші:

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!