400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салтанатты жиын "Ұстаз - ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Салтанатты жиын "Ұстаз - ұлы тұлға". Ұстаздар күніне орай ұйымдастырлған жас мамандар сайысы мен мерекелік концерт
Материалдың қысқаша нұсқасы

























«Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты

мерекелік салтанатты жиын аясында

жас мамандар сайысы









































Жоспар





Күні: 29.09.2021 жыл

Уақыты: 10:00

Тақырыбы: «Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты мерекелік салтанатты

жиын аясында жас мамандар сайысы

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа білім беру саласында еңбегі

сіңген, жетістікке жеткен ұстаздарды құрметтеу,

марапаттау, жас мамандарды сайыстыру.

Мазмұны: Ұстаздар мерекесіне арналаған мерекелік жиын

Өткізілу орны : Акт зал

Көрнекіліктер: шар, слайд, видеолар, аудиолар




















«Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты мерекелік салтанатты жиын аясында жас мамандар сайысы


І Жүргізуші: - Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!


ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2021 » жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!


І Жүргізуші:

«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.

Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында,- дей отыра

Қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жана берсін!
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз!


ІІ Жүргізуші: « Ұстаз» әні орындайтын :


І Жүргізуші: Ортаға Алғашқы құттықтау сөз кезегін білдіруге мектебіміздің директоры _____________ шақырамыз!


ІІ Жүргізуші: Ұстаз!

Ол - ақыл ойдың кені емес пе?

Көш бастар замананың ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған,

Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?

Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіре отырып

«Үздік жас маман -2021» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!


І Жүргізуші: «Жас маман деген кім?

Ж - жігерлі

А - алғыр

С - сұлу да сымбатты

М - мақсаткер

А - айтқанды екі етпейтін

М - мінезі жайсаң

А - арманшыл

Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз!


ІІ Жүргізуші:


І Жүргізуші: Музыка бөлімі домбыра сыныбының мұғалімі

Ұстанымы: «Өмірдің әр сәтінен сабақ ал»



І Жүргізуші: Жас қалам үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді өзің түсіну»



ІІ Жүргізуші: Домбыра үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге, Үлкен атақ содан келер кішіге»



І Жүргізуші: Музыка бөлімі хор дирижері , солфеджио, музыка сауаты сабағының мұғалімі

Ұстанымы: «Еңбек- бәрін де жеңбек»



І Жүргізуші: Хореография үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей .»


ІІ Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

І Жүргізуші:

1.Мектеп директоры :

2.Хореография сыныбының мұғалімі:

3.Музыка бөлімі баян сыныбының мұғалімі :


ІІ Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

1. Таныстыру сайысы

Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызметі, мақсаты , ұстанымы қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(слайд, видео, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.


І Жүргізуші:

2. Үй тапырмасы «Өнерлінің өрісі кең »

Бұл сайыстың мақсаты қатысушының әдеби шығармашылық қабілетін, өлең жолдарын оқуға деген бейімділігін көрсету.

Сайыскер өз қалауына қарай тәуелсіздігімідің 30 жылдығына немесе ұстаздар мерекесіне арналған көркем сөз оқуы, монолог немесе ерекше жанрлар арқылы әдеби өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).

Ескеріледі:- Мазмұны - Көрерменге әсер етуі - Орындау шеберлігі – эмоционалдығы




ІІ.Жүргізуші:


3. «Білікті маман – Ел тірегі» Ситиуациялық тапсырма


Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.


І.Жүргізуші:

4. Психологиялық тренинг, сұрақтар сайысы


ІІ.Жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді.


І.Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.

1.Таныстыру кезеңі



ІІ.Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім талабы.

Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа қойылатын екінші шарт өз бойындағы әдеби шығармашылық өнерін көрсету.

Ескеріледі: - Орындау шеберлігі - Образдылығы - Шынайылығы - Көрерменді баурап алуы

Жас мамандардың өнерін тамашалайық.


(өнер көрсетіп болғасын)


І. Жүргізуші:

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.

(таныстыру сайысының, өнер сайысының бағаларын айту)


ІІ.Жүргізуші: Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.


І.Жүргізуші:

«Білікті маман – Ел тірегі» демекші, Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін, әр түрлі жағдайлардан шығуын тексеру мақсатында өтеді.


ІІ.Жүргізуші: Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі - Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы - Түсінікті баяндауы

- Жедел әрі нақты жауап беруі - Өзіне, жауабына сенімділігі


(Ойлануға 2 минут.)

Педагогикалық жағдаят Ситуациялық сұрақтар:


1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?


2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?


3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?


4. Сіздің сабағыңыз оқушыларға ұнамайды және ашық түрде айтады.Сіздің әрекетіңіз?


5. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?


6.Сабақты өз деңгейінде өткізу үшін не жетіспейді?


7.Жас маман білікті педагог сатысына өту үшін қандай жұмыстар жүргізу қажет?


8.Сіздің күнделікті сабағыңызға кенеттен комиссия келді.Қолыңызда оқу құралынан басқа ештеңе жоқ,тіпті журнал да үстеліңіздің үстінде жоқ.Сіздің әрекетіңіз?


9. Сіздің әріптесіңіздің сабақ беретін пәні бойынша білім деңгейі жеткіліксіз екенін байқайсыз.Сіздің әрекетіңіз немесе қандай көмек бере аласыз.


10.Сіздің оқушыңыз пән оқытушысымен келіспей қалды. Ол туралы оқытушы шағым түсірді.Сіздің әрекетіңіз?


11. Сіздің сыныбыңызда қоңырау кезінде бір оқушының ұялы телефоны жоғалды. Сіздің әрекетіңіз?


І.Жүргізуші:

4. Психологиялық тренинг « Тимбилдинг » кезеңіне кезек берейік.


І.Жүргізуші:

Ортаға жас мамандарды шақырайық.Әділ қазылардан соңғы екі кезеңнің бағаларын білейік.


ІІ.Жүргізуші:

Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік.

Сол үшін әділ қазы алқаларын жеңімпазды анықтап, ақылдасу үшін шығарып саламыз.


І.Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша жас мамандарымыздың мерекелік «ән - шашуына» кезек берейік.


1.Ортада ___________ орындауында Фибихтың «Поэма» шығармасын қабыл алыңыздар!


2.Ортада __________ биімен қабыл алыңыздар!


3. Қобызшылар ансамбльінің орындауында « Игра пристолов » саундтрек қабыл алыңыздар!


4.Ортада домбырашылар ансамбльі «Папури» қабыл алыңыздар!


5. Барша ұстаздар қауымына жас мамандарымыздың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!


ІІ.Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,

Болашаққа бар білімін берерін

Барыс текті жастар ғана келешек,

Жалындатып биік шыңда жүретін деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.

І.Жүргізуші: Әділ қазыларды ортаға шақырамыз!


І.Жүргізуші: Жеңімпаз жас мамандарымызды шын жүректен құттықтаймыз! «Бастысы жеңіс емес, бастысы қатысу қошемет алу» – дегендей бүгінгі ұстаздар мерекесіне аясында өткен «Үздік жас маман -2021» сайысына белсене қатысқан барша жас мамандарымызға мың алғыс.

ІІ.Жүргізуші:

ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбе

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі