Материалдар / «Салтанатты қабылдау»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Салтанатты қабылдау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас Ұлан, Жас қыран ұйымдарына қабылдау сценарийы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2023
259
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау жиыны.



Мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі
І Туды кіргізу
ІІ Әнұранды орындау
ІІІ Қабылдау рәсімі
ІV Ант беру
V Ұйымның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
VІ Құттықтау сөздер
VІІ Туды шығару































1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға тартқан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – берекенің бір басы,
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
Қазақстан сен бір елсің жаһанға,
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.
Міне, бүгін де еліміздің Республика күні мерекесіне орай мектебіміздің 1-ші және 5-ші сынып оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!
(Ту кіргізіледі).
(Әнұран орындалады).


1 - жүргізуші:«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

(5 сынып оқушысы)

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі:
«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Құрметті Ұйым Президенті,

«Жас Ұлан» ұйымы Республика күні мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:
«Тәуелсіз еліміздің болашағы,
Туған ел мен Отанын мақтан тұтар.
Салауатты өмір салтын ұстанар,
Біз – патриот жас ұландар!» ұранымен дайын.


(1 сынып)

«Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі:
«Жас қырандықтар» сап түзеп, тік тұр! Құрметті Ұйым Президенті,

«Жас Қыран» тобы Республика күні мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына:
«Біз – болашақ жас қыран,
Өз Отанын қорғайтын.
Білім сүйер ұланбыз,
Заңғар көкке самғайтын» ұранымен дайын.
«Жас Қыран» тобы, еркін тұр!

1 - жүргізуші:
Республика күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Жасұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан - жылға
Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әрбір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.
(«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі шығып айтады).

(5 а,ә сынып оқушылары)

1 оқушы: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата - анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2 оқушы: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.
3 оқушы: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4 оқушы: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
5 оқушы: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт - дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6 оқушы: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
7 оқушы: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
8 оқушы: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
9 оқушы: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
10 оқушы: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
(оқушылар қол шапалақтап, қошемет көрсетеді).

1 - жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

2 - жүргізуші:

Құрметті мектеп әкімшілігі және ардақты ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тағу үшін мектеп директоры Қайрат Сыдықұлын, Ақжал ауылдық округінің бас маманы Олжас Мақсатұлы , бастауыш сынып мұғалімі Сауле Советхановнаны шақырамыз.


1 - жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етемін, ант етемін, ант етемін» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылық пен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

2 - жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Байгалиев Қайрат Сыдықұлына, және Ақжал ауылдық округінің бас маманы Олжас Мақсатұлына сөз кезегін береміз!

1 - жүргізуші:

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылсын!

2 - жүргізуші:

Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі – Маралбаева Мадинаның «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!


1 - жүргізуші:

Білімді – көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

2 - жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Жүргізушілер: Бірге
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спорт пен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

1 - жүргізуші:

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!