400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Салық және салық салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін арттыруда салық және оның түрлерін, салықтық есептептерді үйретіп, айқындап, түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


Пәннің аты: Салық және салық салу

1. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік салық

2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін арттыруда салық және оның түрлерін, салықтық есептептерді үйретіп, айқындап, түсіндіру.

А) Білімділік: Оқушыларға әлеуметтік салық және оның есептелуін оқытып түсіндіру. Жалпы салықтың түрлері бойынша білімдерін пысықтай отырып, әлеуметтік салық туралы түсіндіріп мағлұмат беру. Салықтық декларацияларды толтыру жайлы тереңірек білім беру.

Б) ой-өрісін дамыту: Экономикалық қазіргі қолданыста болатын жаңа терминдерді меңгерту. Құжатты толтыруды толық игеру. Қосымша тапсырмаларды ұқыпты орындауға дағдылау.

В) Тәрбиелік: Болашақ мамандарды ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу. Экономикалық өсу жағдайына оқушылардың ой жүйесін жетілдіру. Өз жеке пікірі бар ашық ойлы азамат етіп тәрбиелеу. Сапалы жұмыс жасауға, топтық жұмыстарды орындауға бейімдеу.

3. Сабақтың түрі: практикалық

4. Сабақтың типі: аралас сабақ

5. Сабақтың өткізілу әдістері: Сайыс түрінде, проблемалық оқыту-логикалық сұрақтар, ситуациялық сұрақтар, түсіндірме жұмысы

6. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, тест, таратпалы материалдар, буклеттер, бейнежазбалар

Пәнаралық байланысы: «Қаржы негіздері», «Кәсіпорын экономикасы»

7. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- білім алушылармен сәлемдесу;

- аудиторияның тазалығын қадағалау;

- білім алушыларды журнал бойынша түгендеу;

- оқу тобын екі топқа бөліп отырғызу. (1 мин)

2. Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру:

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Үйге берілген тапсырма оқушылардың түсірген жарнамасына назар аудару және оны талдау

ІІ кезең. «Ойлануға он сұрақ» Үйге берілген тақырып бойынша екі топқа 10 сұрақтан қойылады. Және олар қойылған сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп қана жауап бере алады. топ слайд қорғау. (10 мин)


ІІІ кезең. «Кім жылдам?» Үй жұмысын қорытындылау мақсатында екі топқа пән бойынша есептер беріледі. (10 мин)

ІV кезең. Бейне сұрақ. Екі топ өздері дайындап келген сұрақтарын қояды. (5 мин)


Тақырып: Әлеуметтік салық

1.  Әлеуметтік салықтың пайда болу тарихы. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу обьектілері.

2.  Әлеуметтік салық салынбайтын табыстар. Әлеуметтік салықтың ставкалары және оның ерекшеліктері.

3.  Әлеуметтік салықты есептеу  және төлеу тәртібі. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация.

 

Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасындағы негізгі салықтардың бірі болып табылады. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген еді. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер  мемлекеттік бюджеттің 15-16 пайызын құрайды.

Әлеуметтік салықты төлеушiлер:

1) дара кәсiпкерлер;

2) жекеше нотариустар, адвокаттар;

3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.  

Әлеуметтік салықтың салық салу обьектілері:

1) Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалар,  Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер,  филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер және заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi үшін:

·  жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай және заттай нысандағы кез-келген табыстар, сондай-ақ өтемді қызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда) түріндегі оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары;

2) жеке кәсiпкерлер және жеке нотариустар мен  адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда:

·  қызметкер саны. 

Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі

Әлеуметтік салық ставкалары

Салық кодексі қабылданған кездегі әлеуметтік салықтың ставкасы:

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ

қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге

асыратын резидент еместер 21 пайыз бойынша;

2004 жылы әлеуметтік салықтың ставкасы 21 пайыздан 20 пайызға

төмендетілген еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 жылы 1

наурызда Халыққа арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау

қарсаңында» Жолдауында «2008 жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен

30 пайызға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын

өсіруге ынталандыруы керек» деді.

Қазіргі кезде әлеуметтiк салық 11 проценттік ставка бойынша

Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара

кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиісті қаржы жылына

арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк

көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық

есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.

Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен

айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар 4,5

процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.

Әлеуметтiк салықты төлеу тәртiбi

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi

бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы

осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген

әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi. Төлеушілер құрылымдық

бөлімшелер үшін өздерінің орналасқан жерлері бойынша тиісті бюджеттерге

әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi

айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес, жүктiлiгi мен босануына, жұмысқа уақытша

жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала

немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк

жәрдемақылар сомасына кемiтiледi. Жоғарыда аталған әлеуметтiк

жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық

сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға

ауыстырылады.

Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация

Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi

тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып

отырады. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық

бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген

жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік

салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша

әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру

үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті

мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.


Оқушыларды бағалау: үйге берілген тапсырмалардың орындалуы мен сабақ барысында белсенділігіне жаңа тақырыпты меңгеру деңгейіне баға қою. Сабаққа белсене қатысқан студенттерді ерекше атап өту, бағалау. (5 мин)


Үйге тапсырма беру. (5 мин)

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Салық кодексі. – 2019

  2. Боранбаева А. Салық және салық салу/А. Боранбаева. – 2011

  3. Қалдыбаев Е.К. Салықтық бақылау: теориясы және жүргізу әдісі/Е. К. Қалдыбаев. – 2011

  4. Крамаренко Т. Салық және салық салу/Т. Крамаренко, А. М. Қомбарова. – 2011

  5. Нұрымов А.А. Салық әкімшілігі/А. А. Нұрымов, А. Т. Исаева. - 2011


Қосымша әдебиетер:

  1. Крамаренко Т. Салық және салық салу/Т. Крамаренко, А.М. Қомбарова. – 2007

  2. Бекболсынова А. Салық жүйесінің негіздері/А. Бекболсынова. – 2007

  3. Үмбетәлиев А.Д. Салық және салық салу/А. Д. Үмбетәлиев, Ғ. Е. Керімбек. – 2006

  4. Найманбаев С.М. Салықтық құқық/С. М. Найманбаев. – 2006

  5. Үмбетәлиев А.Д. Салық және салық салу/А.Д. Үмбетәлиев, Ғ. Керімбек. – 2006

  6. Найманбаев С.М. Салықтық құқық/С. М. Найманбаев. - 2005





Ашық сабақты өткізген: арнайы пән оқытушы Рагалиева Жания Болатовна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі