400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп, отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан, яғни ХІХ ғасырдың басынан басталады.

1816 ж. Неміс ғалымы Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парыс, герман тілдіріндегі етсітіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейінірек те ол бұл тілдерден жинаған материалдарын иран славян, балтық, армян тілдері мәнбілерімен толықтыра келіп, 1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Тіл білімі тарихында Франц Бопп салыстырмалы- тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.

Салыстырмалы - тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832ж.). Ол өзінің 1817 ж. басылып шыққан «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» деген еңбегінде « Тілдердің сөздік жағын бір- біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді. Тіл туыстығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуында. Өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды»,- деп өте дұрыс қорытынды шығарады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген Европа тілдерін бір – бірімен салыстыра зерттейді.

Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың тағы бірі – неміс ғалымы Якоб Гримм (1785-1863ж.). Оның төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» атты еңбегенің бірінші кітабы 1819 жылы басылды. Гримм өзінің еңбегенде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын салыстыра зерттеуге баса көңіл бөлді. Бұрын тіл мәнбілері қалай болса солай салыстыратын еді. Гримм тілдік мәнбілерді тек хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Сөйтіп, ол тілдегі өзгерістердің қай- қайсысы да оның бірте- бірте дамуының нәтижесі екенін дәлелдеді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігін баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді ол «сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы» деп түсіндірді. Бұл жаңалық ХІХ ғасыр лингвистерінің елеулі табысы еді.

Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың аса көрнекті өкілі – неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт ( 1767- 1835 ж.). Ол санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, т.б. көптеген тілдерді білген. Және соларды салыстыра зерттеген. Оның лингвистикалық ой- өрісі мейлінше аумақты еді. Тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл ғылымының салалары дегендер Гумбольдт зерттегн мәселелер.

В. Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара - пар келетін басқа бір ғалымды атау қиын»,- деп жазды.

Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықтан Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан ХІХ ғасырдағы тіл білімі траихында ол өзгелерден оқшау тұрады, ерекше жоғары бағаланады.

Салыстырмалы- тарихи әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінң маманы, Санкт- Петербург академиясының академигі А.Х. Востоковтың (1781-7861ж.) еңбегі зор. Ол 1820 жылы жариялаған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілдері мәнбірлерін бір - біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар ме өзгешеліктерді көрсетеді.

Қорыта келгенде біз ең алдымен когнитивті лингвистика ғылымына бармас бұрын, лингвистика ғылымының қалыптасуы, даму тарихы, лингвистика ғылымын қалыптастыруда ерекше ықпал еткен лингвистикалық ғылыми бағыттар мен лингвистикалық мектептер, сол мектептердің өкілдері мен олардың негізгі еңбектеріне тоқталып, олар мен жете таныс болғаннан соң ғана , когнитивті лингвистика пәніне арнайы тоқтауды жөн санадық. Себебі қандай да болмасын ғылымды игеру үшін оның ең алдымен тарихынан хабардар болу арқылы ғана, оның өзге де өзекті теориялық мәселелерімен таныс болуға болады. Біз бұдан кейінгі лекцияларымызда когнитивті лингвистика ғылымына арнайы тоқталамыз. Когнитивті лингвистика ғылымы антропоцентристік парадигма аясындағы ғылым саласы болып табылады. Және тіл білімінің философия ғылымымен өзара сабақтастығынан туындаған ғылым саласы деп айтуға да негіз бар. Сонымен қатар біз «Тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен олардың салалары және лингвистикалық мектептер» деп аталатын лекциямызда профессор Байынқол Қалиұлының «Жалпы тіл білімі» (Алматы,2000ж, -115 б) атты оқулығын пайдаландық. Тіл тарихы мен тілдің теориясымен, тіл білімінің зерттеу әдісімен жете таныс болғысы келетіндер осы еңбекті қолдарына алып қарауға болады.

Когнитивтік лингвистика – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілілігің, қиындығының басты себебі – нысанының қыр-сыры молдығында. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жатады.

Когнитивтік лингвистика – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Сөйлеу тілі – сан-салалы, өте күрделі құбылыс. Когнитивтік лингвистиканың ішіндегі күрделі, өзекті проблемалары: тіл мен танымның бірлестігі, дыбыс тілінің табиғаты мен өзіндік мәні (тіл білімі тарихында бұрын-соңды болған әр түрлі лингвистикалық мектептердің, бағыт-бағдарлардың барлығы да осы мәселенің қалай шешілуіне қарай аталып жіктелген); тілдің функциясы, ол функцияның қандай жолдармен іске асатынын айқындау; тілдің тіршілігі, оның таныммен, оның қоғаммен, ой-санамен қарым-қатынасы; тілдік элементтерде болатын өзгеріс-құбылыстар, тілдің дамуы, оның ішкі-сыртқы себептері; тілдің диалектілік және әлеуметтік салалары, т.б.

Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы негізгі қызметке тәуелді.

Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.

Тілдің шығуы туралы ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келісім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. «Тіл - қоғамдық» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, рөлі деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
2667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі