15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салыстыру .
Өткізген: Имамазам Назымгүл Баға:
Пән: Математика Күні: 20.02.2019 |
Қатысқандар саны:
|
|||
Сынып: 1 «А» |
Қатыспағандар саны: 0 |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасы. Әріпті өрнектерді салыстыру |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.5.Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру 1.4.1.2 Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету |
|||
Сабақтың мақсаттары |
х+7 мен х+8 түріндегі әріпті өрнектерді сан компаненттері бойынша салыстыру |
|||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар: жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру Оқушылардың басым бөлігі: әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады; Кейбір оқушылар: “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, ( □) белгісіз сан символын қолданады. |
|||
Сөздік қор
|
әріпті өрнектер, салыстыру, кем, артық, тең, теңдік, теңсіздік, сол жақтағы өрнектің мәні, оң жақтағы өрнектің мәні. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Жұптасып, топтасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу. |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Санды өрнектеді салыстыру тәжірибесі бар |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
|
Шаттық шеңбері: «Кәмпиттер дорбасын» тарату арқылы бір- біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Топқа бөлу: «Кәмпиттер» арқылы бөлу |
топқа бөлуге арналған кәмпиттер |
||
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
(Т) Кіріспе тапсырма. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар таратылады. Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Оқушыларға сұрақтар қойылады: — бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.) Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқушылардың назарын аудару. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұрау: — Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.) Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірімен салыстыруға болады. Мұны қалай істеуге болатынын сұрау. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкелу. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады. Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызу: — ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды); — ең кіші мәні бар өрнекті тап; — екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көме гімен салыстыр; (ЖЖ) Салыстыр. Берілген тапсырма алдыңғы иллюстрацияның негізінде орындалады. Оқушыларға 1 кәмпитті бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан сияқты елестетуді ұсыну. Бұл жағдайда қандай әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұрау. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыну. х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырмада оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді. (Ұ) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақтарына жазуды ұсыну. Бірінші теңсіздік екі қарындаштың ұзындығын салыстырудан шығады. “ Қарындаштардың ұзындығы белгілі ме?” Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлау. Мысалы, бірінші қарындаштың ұзындығы х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірінші қарындаштың ұзындығы екінші қарындашқа қарағанда қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізіңіз. Жауабы: а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7 (ЖЖ) Орындап көр. Оқушыларға а= 0,1,2,3 деп алып, өрнектерді салыстыруды ұсыну. Қорытынды жаса 3-а және 4-а Шығарып көр. 6+b * 8+b x+6 * 15+x 100 + b * b + 90 60 + b * 20 + b «Сергіту сәті» Дәптермен жұмыс. «Cуретті белгіле». Текшелері көп суретті жасыл қарандашпен, аз суретті қызыл қарандащпен сыз. «Бос торкөзге сәйкес сандарды жаз»
|
Әр оқушыға арналған: ламинаттал-ған қағаз парағы; маркер.
әріпті өрнектер жазылған парақшалар (мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а).
оқулық
«Сергіту сәттері» жинағы
жұмыс дәптері
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген