400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

салыстыру операторлары

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән:

Цифрлық сауаттылық

Мектеп: Оңай Шонаев атындағы орта мектеп

Күні: 16.10.24

Мұғалімнің аты-жөні: Рахметоллааева С.Ф

Сынып: 4 «ә»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салыстыру операторлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.1.3 салыстыру операторларын пайдалану

Сабақ мақсаттары

Бұл бөлімде айнымалылар, логика негіздері, логикалық салыстыру және қайталау операторлары қарастырылады.

Өз ойындарының сценарийін оқушылар мәтіндік редакторын қолдана отырып, кесте түрінде ұсынады.

Ойын құрастыру кезең барлық тақырыптарды бекітуіне ықпал етеді.

Бағалау критерийлері

  • - логикалық операторларды пайдалана алады;

  • - салыстыру операторларын пайдалана алады;

  • - өз сценарийі бойынша ойын жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Оқушылар:

- айнымалыларды қолдана алады;

- кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;

- мәтінде қарапайым кестелер жасай алады

- логикалық операторларды пайдалана алады;

- салыстыру операторларын пайдалана алады;

- өз сценарийі бойынша ойын жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Оқушылар дайын сценарий бойынша ойын құрастыра алады және Scratch программалау ортасында бірнеше сахналармен, кейіпкерлермен жұмыс атқара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут








2 минут







15 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау)

Жаңа топ құру.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен қағаз алуларын сұраймын. Қағаздың түсіне қарай 2 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Спрайт»

2-топ «Скретч»

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)


Салыстыру операторлары тақырыбында жаңа сабақты түсіндіру

(Салыстыру операторларын қандай жағдайда қолданамыз?

Салыстыру операторларын екі мәннің өзара тең немесе бірі екіншісінен артық не кем екендігінін анықтау үшін қолданылады. Салыстырудың ақиқат немесе жалған деген логикалық мәндері программалау ортасында көрініп тұрады.

Біз шешімді қалай қабылдаймыз?

Күнделікті өмірде біз үнемі әртүрлі шешімдер қабылдаймыз. Мысалы, дүкендегі кітаптың алдымен мазмұнын, бағасын білеміз. Содан кейін ғана оны сатып алу немесе алмау туралы шешім қабылдаймыз.

Scratch программалау ортасында жобалар жасау барысында да бізге шешімдер қабылдайтын жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сондай кезде біз олардың мәндерін салыстырамыз.







Оқушыларды топтарға бөлуге арналған қағаздар.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

2 минут









Практика 15минут

Ширату тапсырмасы.








Тапсырма. Оқушылар компьютерге отырып, Scratch ортасында тапсырманы орындау. Кейіпкер сұрақ қояды, сосын сұрақтың ақиқаттығын анықтап, тексеру нәтижесін қайтарады.


Дескрипторы:

  • - айнымалыларды қолдана алады;

  • - кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;

  • - мәтінде қарапайым кестелер жасай алады

  • - логикалық операторларды пайдалана алады;

  • - салыстыру операторларын пайдалана алады;


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмала

ры.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 29 беттегі «Үйде орындайық» тапсырмасы

Сұрақ қою:

  1. Салыстыру операторын неліктен қолдандық?

  2. Салыстыру операторы дегеніміз не?

  3. Салыстыру операторының қызметі қандай?


Оқушылар «БББ» әдісі арқылы Білемін Білдім Білгім келеді деген кестені толтырып мұғалімге береді.

Мұғалім тапсырманы орындап сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «БББ»

әдісі тапсырмала

ры арқылы білдіре алады.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қазан
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі