15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шамалар. Уақытты анықтау.
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамалар.Уақытты анықтау |
Мектеп: Ақсай қаласының №5 ЖОББМ |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Ескалиева Л.С. |
||||
Сынып:1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||
Сабақтың тақырыбы |
Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру
|
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.1.3.5.циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтау: сағат\уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай 1.1.3.1 шамаларды ажырату,уақыт оларды өлшеуге қажетті әдістерді,құралдарды таңдау, өлшеу. |
||||
Сабатың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады:Тиісті уақыт өлшемдерін пайдаланады және олардың өзара байланысын біледі. Көпшілігі орындай алады: «Ай, жыл» - уақыт аралағы және уақыттың өлшем бірлігі деген түсінікті меңгереді, оқушыларды ай аттарымен және олардың орналасу ретімен танысады, Кейбірі орындай алады: Қолайлы уақыт өлшем бірліктерін арақатынасын түсініп қолданады. |
||||
Тілдік мақсат |
ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл. Талқылау сұрақтары: -Жылдың неше мезгілі бар? -Бір ай дегеніміз не? -Бір аптада қанша күн бар? |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Ұжымдық, топтық жұмыс кезіңде ұйымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды |
||||
АКТ-ны қолдану дадағдылары |
дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Өткен сабақтар бойынша қосудың ауыстырымдылық қасиеттерін біледі, өрнектер құрастыра алады.20-ға дейінгі сандарды санай алады.Балалар осындай дағдылардыларды меңгерген |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|||
Сабақтың басы 5 мин
5 мин
|
Алдыңғы білімді еске түсіру «Ұстап ал» әдісі сұрақтар қою арқылы ауызша тапсырмалар орындатамын. (Ұ)
Ширату: «Құпия зат» ойын. Бір зат жасырылады сол затты сипаттау арқылы оқушы мұғалімге немесе мұғалім оқушыға сұрақ қояды. (
С а ғ а т )
Оқушыларға күнделікті өмірде көріп қолданып жүретіндігін және олардың бірнеше түрі болатынын,минут тілінің ұзын болатынын оны минутты көрсететінін,ал сағат тілінің қысқа болатыны көрсетемін.
Сабақ мақсатына жетуде алдын-ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаны дайындатып қоямын Ортаға 12 оқушыны шығарамын.Оларға 1-12 дейінгі сандарды таратып беремін де,шеңбер бойымен тұруын сұраймын.Содаң соң ортаға тағы бір оқушыны шақырамын.Ортаға шыққан оқушыға сағат тілдерін беремін.Сағаттың қысқа тілі қызыл түсті,ұзын тілі көк түсті болады.Қалған орында отырған оқушылар кез-келген уақытты айтуын сұраймыз.Шеңбер ортасындағы оқушы орнында тұрып,айтылған уақытты айтуы тиіс. Дұрыс тапқан оқушыны мадақтап отыру. ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы Сөйтіп оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырамын. ОМ анықтап алу.
|
Сағат макеті
1-ден 12-ге дейінгі сандар, Қызыл,көк түсті сағаттың тілдері
|
|||
Сабақ ортасы 3 мин
3мин
7 мин
3 мин
2 мин
4 мин
2 мин
4 мин
|
Уақыт аралығы мен уақыттың өлшем бірлігі жыл туралы түсінік беру үшін bilimland.kz/iMektep арқылы бейнекөрініс көрсету. (МК) -Балалар төрт саусақтарымыздың әрбіреуінде үш буыны бар. Әр саусақтың үш буыны – үш ай.
Әрбір
жыл мезгілінде үш ай болады. Бір жылда
12 ай болады. Балалар тақтаға назар
аударайықшы 12 ай кестесі сызылған,
менімен бірге ай аттарын қайталап
отырыңдар. (Ұ,Т) Оқушыларды шеңбер бойынша отырғызып,қыс, көктем, жаз, күз деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу.
Әр топқа жыдың төрт мезгілінің суретін таратып беру . Әр топ жылдың төрт мезгілі суретін постерге жапсырып,жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен ойнайтын ойын аттарын топтастырып жазғызу.
Әр топтың жауабын тыңдау. Барлық топтың жауабын тыңдағаннан кейін,ортаға әр топтан бір оқушыны шығарып,оларға ай аттары жазылған кеспеқағаздарды бір-бірден таңдап алуын айтамын. Олардың міндеті ай аттарының ретімен тізбектеп оқып шығу сұраймын. Күз айлары; (қыркүйек, қазан,қараша) т.б ...Тапсырманы орындап болған соң ай аттарын хормен айтап шығады. * жыл мезгілінің суретін жапсырады * жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттарын атайды *жыл мезгіліне сәйкес келетін ойнайтын ойын атауын жапсырып көрсетеді ҚБ: «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалайды. (МК) Оқушылардан:Бір ай дегеніміз не? Сендер қалай ойлайсындар?-деп сабақ мақсатына жету үшін сұрақтар қоямын.Олардың жауаптарын тыңдаймын. Бір ай 30 немесе 31 (ақпанда 28 немесе 29) тәулікке созылатынынуақыт аралығы екенін айтамын. Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейін солдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай -ақпан Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір Сағаттың тіліндей иіліп солға бір Оң аяқ,сол аяқ Жаттығу оңай-ақ
(Т) +,- Дұрыс, бұрыс әдісі.Саралау тапсырмалары.(дәптермен жұмыс) Бұл тапсырманы топта орындайды.Тапсырма орындап болған соң топ арасында өзара тексеруді жүргізеді..Әрбір топ өз жауаптарын тақтамен салыстырады.Тапсырманы орындауда дұрыс бұрыстығына көз жеткізіп қатесін тауып,себебін анықтайды. 1-топ.А)Күн тәртібі. Сағат тілдерін сал.
2-топ.В) Күнтізбе бойынша анықта.Дұрыс жауапты белгіле.
3-топ.С) Оқушылар күнтізбенің көмегімен санап үйренеді
а) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады? Жауабы: 9 күн
(Ж)Қосымша тапсырма. Нүктелердің орнына тиісті шаманы жазыңыз. 1 сағ. = ... минут 1 ай = ... күн. 1 жыл = ... ай 7 күн = ... апта Дескриптор: Білім алушы -уақыт өлшем бірліктерін ажыратады; -нүктенің орнына тиісті санды жазады
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін –бірі бағалайды.
(Ж) Бекіту: 2-тапсырма Төменде берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
КҮН ЖЫЛ САҒАТ МИНУТ АПТА
Күнтізбеден бүгінгі күнді белгілеңіз және атаңыз .Бағалау критерийі: Білім алушы Уақыт өлшемдерінің арақатынасын анықтайды. Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын ажыратады және өлшемдер жасайды Дескриптор: Білім алушы - сағатпен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбемен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбеден аталған уақытты белгілеп көрсетеді.
ҚБ: «Жетістік баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалау
|
bilimland.kz/ iMektep презентация, жыл мезгіліне байланысты суреттер,ай аттары жазыла кеспеқағаздар, үстел күнтізбесі, А3 форматтағы қағаздар, түрлі-түсті маркерлер. |
||
Сабақтың соңы 2 мин |
«Бағалау ағашы» әдісі.Оқушылар себеттегі алма,гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қағаздарға қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады.Мұндағы :
|
Алма,гүл,жапырақ түріндегі жапсыру суреттері. Ағаштың суреті |
||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Тапсырма : бойынша топтық жұмыс жүргізіледі.Саралау тәсілдерінің тапсырма(Деңгейлік тапсырма ішінен) қарқын (қабілетті оқушыларға қосымша тапырма ), диалог және уақыт өлшемін анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. |
Бұл бөлімде уақыт өлшемін анықтап үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер : Топтық жұмыс кезіңде 2 жұлдыз 1ұсыныс арқылы балалар топқа баға берді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмада «Басбармақ» әдісі, сабақты бекітуде өзін-өзі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалады |
Сергіту сәті Ширату жаттығулары «Сағат тілі», «Ұстап ал»ойының қолданамын.АКТ қолдануда уақытты ескеремін. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген