Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Шамалар. Уақытты бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға арналған, ашық сабақ өткенге дайын қысқа мерзімді жоспар. Жоспар авторлық жұмысым. 1сыныптың математика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Уақытты анықтау"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: математика

Ортақ тақырып:«Саяхат»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Шамалар. Уақытты бағдарлау

Сынып:1

Мектеп: Жансүгіров атындағы №37ЖББ орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Манапова Мәдина Ерденқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау


Оқу мақсаты

1.1.3.1 Шамаларды ажырату; уақыт, оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу. Сағат



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шамаларды ажыратады. Уақытты өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды.

Көптеген оқушылар:

Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады, шамаларды өлшейді

Кейбір оқушылар:

Сағаттың өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеуді зерттейді

Бағалау критерийлері

Шамаларды ажыратады, уақытты өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды. Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады.



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Уақытты сағатпен анықтайтынын біледі


Пәнге тән лексика мен терминология:

Шама-нақты өлшем бірліктердің жиыны

Уақыт –өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеуі


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сағат бізге неліктен керек?

1 минутта қанша секунд бар?

1 сағатта қанша минут бар?

Неліктен уақытты білу керек деп ойлайсың?

1 тәулікте неше сағат бар?



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу бөлімі бойынша әрбір оқушы санасына жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізі-уақытты қазірден бастап тиімді пайдалану екендігін меңгерту.


Пән аралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Слайд(сағат суреттері)

Сағатқа байланысты танымдық видео

https://youtu.be/8mUpOWayEbE



Бастапқы білім


Минунт, секунд, сағат туралы түсінігі болады




Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарлан-ған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет




Ресурстар





Сабақтың басы


3 мин














3мин





Психологиялық ахуал.

Интерактивті тақтадан күн мен айдың суретін көрсетіп,оқушылардың ойларын сұрау.(Оқушылардың жауаптары: Ай түнде шығады.Біз түнде ұйқтаймыз.Күндіз ойнаймыз, тамақтанамыз,сабаққа келеміз. Күндіз жарық болады.т.с.с). Оқушылардың жауаптарынан соң, мұғалімнің түйінді сөзі:

-Дұрыс айтасыңдар! Біздің 1 күніміз-1 тәулік. Бір тәулікте 24 сағат бар. Тәулікті күндізгі уақыт және түнгі уақыт деп бөлеміз. Балалар, сендер сағат нешеде ұйқтайсыңдар?

-Сағат түнгі 10-да.

- Сағат нешеде таңғы нешеде ұйқыдан тұрасыңдар?

-Таңғы 7-де

-24 сағаттың 8-9 сағатында ұйқтаймыз. Ал, 15не 16 сағат ояу жүреміз.

Топқа бөлу. «Уақыт көрсеткіштері»

-Күндіз неге жарық болып тұрады?

-Күн шуағын шашып, жарық береді. Олай болса, бәрің тақтадағы күннің сәулелерінен өздеріңе бір-бірден алып, оның ішіндегі сағаттың берілген уақытына қарай топқа бөлініп отырайық.

(3 топқа 07:00, 12:00, 22:00 уақыттары жазылған сағаттар алдын-ала қойылған).


Интербелсенді тақта







Уақыт белгілері көрсетілген түрлі- түсті үлестірмелер








Суреттер
















































https://youtu.be/8mUpOWayEbE




















































































Сабақтың ортасы






5мин




















































2 мин


8 минут








































3 мин

















13 мин


Тапсырма 1 «Super time» (Ө)

Суреттен уақытты өлшейтін құралдарды тауып, оларды атайды.(Мысалы: сағат,қолсағат,құмсағат, секундомер) Сағат тілінің қозғалысынан шамаларды ажыратады. Сағат тілінің минуттық тілін және секундтық тілін көрсетеді.( Құмсағатта тілі мен сандары болмайтынын, тек құмның түсу жылдамдығына қарай неше минут не секунд болатынын айтады. )




Бағалау критерийлері


Дескриптор

Уақытты өлшейтін құралдарды ажыратады






Уақытты өлшейтін құралдарды атайды.

Уақытты өлшейтін құралдарды топтастырады.

Құмсағаттың басқа сағаттан айырмашылығын айтады.

Қ.Б«Уақыттың дәрежелері»

( Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындауларына қарай қызыл, жасыл және сары түсті сағаттармен бағалаймын.)

Секунд дәрежесі көрсетілген сағатты - дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыға беремін. Себебі, секунд сағаттың жылдам қозғалатын өлшем бірлігі.

Минут дәрежесі көрсетілген сағатты – аздаған қатесі болған және баяу орындаған оқушыға беремін.

Сағат дәрежесі көрсетілген сағатты - қатесі көбірек оқушыларға үлестіремін.


Уақытқа байланысты танымдық видео көрсету


Тапсырма 2 «Уақытыңды тиімді пайдалан» (Ж)

Сағат моделін құрастыр. Ұйқыдан тұратын уақытын, сабаққа баратын уақытын, түскі ас ішетін уақытын, ұйқтайтын уақыттарын көрсетеді.


Бағалау критерийі


Дескриптор

Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады, шамаларды өлшейді


Сағат тілінің бағытын біледі


Сағатты, минутты, секундты көрсететін тілдерін ажыратады.



1 сағатта 60 минут бар екенін айтады.


Қ.Б «Көңілді сағаттар»

1) «Жарайсың»

2) «Жақсы»

3) «Талпын»

Сергіту сәті: «Не жылдам?»

Оқушылар орындарынан тұрып, «сағат» дегенде баяу, «минут» дегенде жылдамырақ , «секунд» дегенде өте жылдам қолдарын шапалақтайды. Жануарлар бейнеленген сағатқа қарап, әр жануарлардың қозғалу жылдамдығына қарай қол шапалақтау.

Тапсырма 3 «Үштік әдісі» бойынша зерттеу жүргізу ( Т)

Топтағы әр оқушы үш түйінді сөйлем айтады. Әр топтан сараланған үш түйінді сөйлем айтады. Соңында үш топ өз ойларын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

1-топ. Қанттың ыстық суда және суық суда еруін зерттейді.

2-топ. Пакеттегі шәйдің ыстық және суық суда қаншалықты шығатынын анықтайды.

3- топ. Мұздың суық және ыстық суда ерігіштігін бақылайды.

Бағалау критерий-лері


Дескриптор

Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады,

шамаларды өлшеуді зерттейді


Мұздың, шәйдің, қанттың суық суға қарағанда ыстық суда жылдам еритінін біледі.

Еріген уақытын минутпен және секундпен анықтайды

1 минуттың жартысы 30 секунд екенін түсінеді




Қ.Б «Белсенді сағаттар» әдісімен бағалау.

«Алғыр сағаттар!»

«Зерек сағаттар!»

«Білімпаз сағаттар!»





Сабақтың соңы



3 минут

Кері байланыс

«Нысана сағат»

Сағаттағы сары түсті шеңбер «Бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Сағаттағы қызыл түсті шеңбер «Маған бәрі түсінікті...»

Сағаттағы көк түсті шеңбер «Маған көмек қажет...»

Оқушылар қолдарына сағат бейнеленген стикерлерді «Нысана сағатқа» жабыстырады




Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?


Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12