400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Шамалар. Уақытты бағдарлау. Ай

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне математика пәні бойынша сабақ жоспарының үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Ай

Мектеп: Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей

Күні :


Мұғалімнің есімі: Бекбулатова М.К.

СЫНЫП: 1 А

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай.

1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат


Барлық оқушылар: Уақыт аралықтарын білу: минут, сағат, апта күндері, ай, апта күндерін атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Уақыт аралықтарын біледі және уақытты бағдарлайды: (сағат, апта күндері, ай), шамалардың бірліктерін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Жыл мезгілдері мен айларының ауысуын атау, күнтізбені қалай пайдалануды және сағатпен уақытты анықтауды түсіндіреді.

Сабақ мақсаты

Бағалау критерийі:

--Уақыт өлшемдерінің арақатынасын анықтайды.

- Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын

ажыратады және өлшемдер жасайды..

Құндылықтарды дарыту


  • өз ісіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру,

  • ұжымда жұмыс дағдыларын құру

  • шешім қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Тілдік мақсат

ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.

Бастапқы білім


Уақытты анықтау тәжірибесі, апта күндерін біледі.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ай – ұзақ уақыт аралығы. Онда 4 апта және бірнеше күн болады. Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың ай атаулары мен ретін білетінін анықтап алыңыз. Содан соң ай атауларының ретін (егер оқушылар білмесе) айтыңыз немесе (егер оқушылар білсе) қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын өткізіңіз. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызыңыз. Оқушыларға ай атаулары жазылған парақшаларды таратып шығыңыз. Ай атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұраңыз.

Бір айға арналған күнтізбе - осы айдағы күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күн саны әртүрлі болады:

30,31,28 немесе 29 күн.

Мысалы, сәуір айында 30 күн бар.

1. Бүгін қай күн және қай ай?

2. Келесі қай ай?

3. Өзің туған айды ата.

4. Барлық айлардың атын оқы.

5. Қыс, көктем, жаз және күз айларын ата.


Күнтізбе бойынша анықта.

1. Талғаттың туған күні – 9 сәуір.

Бұл аптаның қай күні? (сейсенбі)

2. Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады. Сәуір айында оқушылар неше күн демалады? (8 күн)

3. Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады. Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады? (9 күн)

Прямоугольник 1



Прямоугольник 2

Сәуір












Орындап көр. Өз сыныптастарыңның туған күндерінің тізімін жаса. Қай айда туған күн иелері көп?


Сен білесің бе?

Бір айда қанша күн барын күнтізбесіз білуге болады.




Дескриптор

- Циферблат бойынша уақытты анықтай алады.

- Уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажыратады.

- Аптада неше күн бар екенін, олардың қалай

аталатынын және ретін біледі.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізіңіз. Алдымен­ оқушыларға ойынның шартын түсін­ діріңіз. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 12-ге дейінгі­ аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға­ іліп қойыңыз немесе интерактивті тақтада көр­ сетіңіз. Әрбір сан ай атауларының ретін білдіретінін айтыңыз. Мысалы:

1 – қаңтар

2- ақпан

3-наурыз

4- сәуір

5- мамыр

6- маусым

7- шілде

8-тамыз

9-қыркүйек

10-қазан

11-қараша

12-желтоқсан

Кез келген 1-ден 12-ге дейінгі санның біреуін көрсетесіз. Олар сол санға сәйкес келетін ай атауын атайды.

Күнтізбе парақтарына ай аттарын жаз.

Сұрақтарға жауап бер:

1. Қазір қай ай?

2. Келесі қай ай?

3. Үш айдан кейін қай ай болады?

4. Сенің туған күнің қай айда?

5. Қазақстандықтар қай айда Тәуелсіздік алды?

Оқып, үйренгендерін тексеру.

Дұрыс жауапты қорша.

Бір аптада неше күн бар?

А) 8 күн

Ә) 7 күн

Б) 6 күн

В) 5 күн

Маусым айынан кейін қай ай келеді?

А) тамыз

Ә) қаңтар

Б) наурыз

В) шілде

Наурызды қай айда тойлайды?

А) сәуірде

Ә) қаңтарда

Б) наурызда

В) мамырда

1 жылда неше ай бар?

А) 22 ай

Ә) 12 ай

Б) 10 ай

В) 9 ай

1 сағатта неше минут бар?

А) 40 минут

Ә) 30 минут

Б) 50 минут

В) 60 минут

Сейсенбіден келесі сейсенбіге дейін қанша уақыт кетеді?

А) 7 күн

Ә) 6 күн

Б) 1 күн

В) 1 апта

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады:

— Бір жылда неше ай бар?

— Қазір қай ай?

— Бір айда неше күн болады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі