400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шамалармен амалдар орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Шамалар мәндерін:ұзындық өлшем бірліктерінің (см,дм,м), салмақ өлшем бірліктерінің (кг,ц) қатынасын біледі, шамалардың мәндерін салыстырады. Көптеген оқушылар: Шамалар мәндерін: түрлі атаулармен берілген см,дм,м, кг,ц,л шамалардың мәндерін түрлендіреді, салыстыруды түсіндіреді, олармен амалдар орындайды. Кейбір оқушылар: Шамалар мәндерін: см,дм,м және кг,ц,л шамалардың мәндерін салыстырады және өмірмен байланыстырып, өздері мысал келтіріп, оларды кері амалмен тексеріп, дәлелдей алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ тақырыбы:

Шамалармен амалдар орындау

Оқу мақсаты

2.1.3.3.Шамалар мәндерін: ұзындық (см,дм,м), масса (кг,ц), көлем (сыйымдылық) (л), өлшем бірліктерін салыстыру, және амалдар орындау.

2.1.3.4.Ұзындық бірліктері (см,дм,м) мен масса бірліктерін (кг,ц) олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Шамалар мәндерін:ұзындық өлшем бірліктерінің (см,дм,м), салмақ өлшем бірліктерінің (кг,ц) қатынасын біледі, шамалардың мәндерін салыстырады.

Көптеген оқушылар: Шамалар мәндерін: түрлі атаулармен берілген см,дм,м, кг,ц,л шамалардың мәндерін түрлендіреді, салыстыруды түсіндіреді, олармен амалдар орындайды.

Кейбір оқушылар: Шамалар мәндерін: см,дм,м және кг,ц,л шамалардың мәндерін салыстырады және өмірмен байланыстырып, өздері мысал келтіріп, оларды кері амалмен тексеріп, дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

Шамалар мәндерін: ұзындық (см,дм,м), масса (кг,ц), көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Ұзындық бірліктері (см,дм,м) мен масса бірліктерін (кг,ц) олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіреді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Түрлі атаулармен берілген см,дм,м және кг,ц шамаларының мәндерін қалай салыстыруды, олармен амалдар орындауды түсінеді.

Пәнге тән лексика мен терминология: Шамалардың мәндері, әр түрлі өлшем бірліктерін қосу, азайту.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Түрлі атаулармен берілген см,дм,м және кг,ц шамаларының мәндерін қалай салыстырамыз?

  • Шамалармен амалдарды қалай орындау керектігін білесің бе?

  • Егер орындалатын амалдар түрлі өлшем бірліктерімен берілетін болса, қалай орындаймын?

Шамалармен салыстыруды жазады.

Шамалармен орындалған амалдарды жазады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру жүйесін дамытудың ең маңызды шарты екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

You tube желісінен «Қызықты шамалар» видеосы


Бастапқы білім

Әр түрлі өлшеу құралдары шәкілдерін бір-бірінен ажыратады және шамалардың сәйкес мәндерін анықтай алады, ұзындық (см,дм,м), масса (кг,ц), көлем өлшем бірліктерін қолдана отырып, өлшей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы








Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Сипап сез» ойыны

Барлық оқушының көзін жұмғызып, қолдарына әр түрлі заттар беремін. Балалар сипап сезу арқылы қолдарындағы не зат екенін анықтайды. Қолындағы заттың атын атаған оқушылар көздерін ашады. Барлығы анықтап болған соң:

  • Қолыңдағы зат қандай? (үлкен, кіші, жасыл, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, күшті, әдемі, т.б.)

  • Бұл зат (заттың атын атаймын) қай заттан ұзын?

  • Бұл зат қай заттан қысқа?

  • Бұл зат қай заттан ауыр?

  • Бұл зат қай заттан жеңіл?

  • Бұл зат қай заттан үлкен?

  • Бұл зат қай заттан кіші?


Топқа бөлу.

Ортадағы үстелдің үстіне суреттер қоямын. Әр оқушыға 1 суреттен таңдатамын.

  • Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Әркім өз қолындағы суретіне сәйкес тобына отырсын.

1-топтың үстелінде метр, 2-топтың үстелінде, таразы, 3-топтың үстелінде сағат, 4-топтың үстелінде құмыра тұр.


Тапсырма №1 «Кішкентай зерттеуші» (Т)

1-топтың тапсырмасы:

Саусағыңның ұшынан екінші саусағыңның ұшына дейін өлшеп, дәптеріңе жаз. Алақаныңның ұзындығын өлшеп, дәптеріңе жаз.

2-топтың тапсырмасы:

Бүкіл топ мүшелерінің пеналдарын таразыға қойып өлшеп, дәптеріңе жаз. Топ мүшелерінің біреуінің сөмкесін таразыға өлшеп, дәптеріңе жаз.

3-топтың тапсырмасы:

Топ мүшелерінің ішінен ең ұзақ ұйықтайтын оқушының ұйықтау ұзақтығын жаз. Күнделікті мектепте неше сағат өткізетіндеріңді жаз.

4-топтың тапсырмасы:

Алдарыңда шелек және 1 литрлік құмыра тұр. Қалай ойлайсың? Мына шелекке неше литр су сыяды? Жауабын дәптеріңе жаз.


Дескриптор

  • Өлшеуіш құралдарды дұрыс пайдаланып, тиісті заттарды дұрыс өлшейді;

  • Екі шаманы дәптерлеріне тиянақты жазады;


ҚБ «Кім көп ақша ұтады?» (Т)

200 теңге – «Ойлан»

2000 теңге – «Талпын»

5000 теңге – «Жарайсың»


Тапсырма №2 «Қос, азайт, салыстыр!» (Т)

  • Балалар, дәптерлеріңе қараңдаршы, сендер неше шама жаздыңдар? (2)

  • Осы 2 шаманы салыстырыңдар.

  • Енді екеуін қосыңдар.

  • Енді үлкенінен кішісін азайтып көрейік.

  • 1-топтың тапсырмасына назар салайық. Оларда 1 метр және 17 см деген шама шығыпты. Сендердің шамаларыңа қарағанда бұл топтың екі шамасының қандай айырмашылығы бар? (шамалары әр түрлі)

  • Қалай ойлайсыңдар бұл жағдайда не істеуіміз керек?

Таба алмаған жағдайда өзім көмектесемін.


Әр түрлі шамаларды салыстыру немесе амалдардар орындау үшін екі жағын да бірдей шамаға айналдырып алуым керек.


Дескриптор

  • 2 шаманы дұрыс таңбасын қойып, салыстырады;

  • 2 шаманы қосып, мәнін анықтайды;

  • 2 шаманы азайтып, мәнін анықтайды;

  • Ережені есінде сақтап алады;


ҚБ «Ұзын-қысқа ленталар» (Т)

1 м – «Жарайсың»

1 дм – «Талпын»

1 см – «Ойлан»






Қағаз, кітап, пенал, доп, ойыншықтар, өшіргіш, пластикалық ыдыстар














Таразының суреті 6, сағаттың суреті 7,

метрдің суреті 6,

құмыраның суреті 6


1 таразы, 1 метр, 1 құмыра, 1 сағат


















3 литрлік шелек










Shape1














Ереже жазылған қағаз







Shape2

1 см


Shape3

1 дм



Shape4

1 м




Сабақтың ортасы






























Сергіту сәті

«Көршіме сыйлық»

Әр оқушы кішкентай қағазға бір заттың суретін салып, артындағы балаға соны сыйлыққа береді.


Тапсырма №3 «Тапқыр болсаң, тауып көр» (Ө)

Салыстыр

25 см * 40 см

3 дм * 15 см

1 ц * 50 кг

3 дм+ 15 см*50 см-10см

1 м-47 см*12 см+71 см

23 кг+59кг*1ц-62кг



Дескриптор

  • Өлшем бірліктері бірдей шамаларды дұрыс салыстырады;

  • Өлшем бірліктері әр түрлі шамаларды дұрыс салыстырады;

  • Өлшем бірліктері бірдей шамаларды дұрыс қосып, азайтады;

  • Өлшем бірліктері әр түрлі шамаларды дұрыс қосып азайтады.


ҚБ «Сиқырлы қораптар»

Үлкен қорап – «Толық түсіндім»

Орташа қорап – «Сұрағым бар»

Кішкентай қорап – «Түсінбедім»



Кішкентай қағаздар


























Сабақтың соңы


Тапсырма №4

«Дұрыс жолды тап» ойыны (Ж)

  • Бір көлікті таңдап, дұрыс өрнектелген жолмен тиісті автотұраққа кіргіз. Кезекпен ойнаймыз.


1-көлік: 2 дм 7 см

2-көлік: 1 м 5 дм

3-көлік: 1 ц 41 кг

4-көлік: 1 дм 3см – 9см

5-көлік: 1 м-5дм

6-көлік: 1 ц + 36 кг


Дескриптор

  • Әр түрлі өлшем бірліктерінде берілген шамаларды дұрыс түрлендіреді;

  • Әр түрлі өлшем бірліктерінде берілген шамаларды дұрыс қосып, азайтады;


ҚБ «Қағаз сызғыш» (Ж)

Әр оқушы өз жұбын бағалайды.

Әр дұрыс жауап үшін қағаз сызғышқа 1 см-ден қосып отырады.


Кері байланыс «Плюс,минус,қызықты»

«Плюс» – сабақтың ұнаған тұстары, «минус» – түсініксіз тұстары, «қызықты» –қызықты тұстарын.








Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Барлық оқушылар үшін оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар жасау мақсатында «Қос, азайт, салыстыр!» әдісін қолдана отырып, саралаудың тапсырма тәсілін пайдаландым. Себебі,

Көптеген оқушылар үшін

«Тапқыр болсаң, тауып көр!» әдісін алып, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмаларды пайдалану арқылы саралаудың тапсырма тәсілін қолдандым.

Кейбір оқушылар үшін







Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


ҚБ: «Кім көп ақша ұтады?»(Т)

ҚБ: «Ұзын-қысқа ленталар» (Т)

ҚБ: «Сиқырлы қораптар» (Ө)

ҚБ: «Қағаз сызғыш» (Ж)




Кері байланыс «Плюс,минус,қызықты»

«Плюс» – сабақтың ұнаған тұстары, «минус» – түсініксіз тұстары, «қызықты» –қызықты тұстарын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Партада дұрыс отыруын, топпен жұмыс жасағанда өзін-өзі дұрыс ұстауын қадағалау.


Сергіту сәтін жасау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
6369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі