400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Самғасын талап, талмасын қанат!

Материал туралы қысқаша түсінік
өмір жайлы, тәрбие жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Реферат





Дайындаған: Абпазов Расул

Тексерген: Қалбергенова Сандуғаш











Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіру. Шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

Қалааралық жүйе үшін бағыттайтын орта таратушы симметриялық, коаксиалды және оптикалық-талшықты кабельдер  қолданылады.

Кабельді байланыс өзімен бірге  ток тасымалдайтын өткізгіштікті көрсетеді, олар бір-бірімен ажыратылған. Әрбір өткізгіштік жұп электрлік тізбекті көрсетеді. Электр тізбек арқылы ақпарат электромагниттік энергия ретінде таратылады.

 Оптикалық кабельде ток тасымалдайтын өткізгіштің орнына шыны талшықтар қолданылады, одан ақпарат түстік энергия арқылы таралады.

 Оптикалық талшық немесе өткізгішті ылғалдылықтан қорғау үшін герметикалық тыстар қолданылады.

Симметриялық кабельдер деп – физикалық екі сым жұптары  бірдей типте болса,  олар бірдей материалдан жасалады, диаметрлері т.б. бірдей болады. Ток тасымалдаушы  симметриялық кабельдердің  сымдары мыстан 0,8-1,4 мм диаметрінде немесе алюминийден жасалады. Оқшаулау үшін кабельді қағаз қолданылады, полистирол, полиэтилен және басқа да пластмассалар. Симметриялық кабельдердің сымдарын оқшауланған соң элементтерге орайды. Жұмыс істейтін сымдарды орағанда сыртқы және ішкі бөгеуілдерден қорғайды.  Қалааралық үлкен жиілікті симметриялық кабельдер төрт шиыршықты: 1х4,4х4,7х4. Мысалы: МКС  - 4х4х1,2.

 Симметриялық кабельдің негізгі кемшілігі болып өткізгіш жұптардың    бір-біріне әсерлесуі, ол спектрдегі өткізетін сигналды әлсіретеді (300 кГц-ке дейін).

 Коаксиалды кабельдің негізгі элементі - коаксиалды жұп болып табылады. Ол – майысқақ металды түтік, ішінде дәл ортасында оқшауланған сым орналасқан. Түтікті-сыртқы сым, ал ортадағы сымды  ішкі деп атайды. Ішкі және сыртқы сымдардың орталары өзара тең келген соң, бұл жұпты коаксиалды жұп деп атайды. Өткізгіштер арасында оқшаулауды полиэтилендік шайба арқылы жүзеге асырады. Ол ішкі өткізгіште орналасқан. Бұл кабельде бірнеше коаксиалды жұп болуы мүмкін. Мысалы: КМ-4, КМ-8/6.

Сыртқы өткізгіш ішкі өткізгішке экран болады, бұндай кабельде өткізгіштер арасында жұптық әсерлесу болмайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі