400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған сан аралықтарының қиылысу мен бірігуі. Материал толық әрі сауатты жаңа қмж үлгісімен жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі

Күні: 05.02.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні: Хамитова А.Г.

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.9

сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Координаталық түзуде нүктелерді белгілейді;

  • Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажыратады;

  • Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндейді;

  • Сан аралықтардың бірігуін табады;

  • Сан аралықтардың қиылысуын табады.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Координаталық түзуде нүктелерді белгілей алады;

  • Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажырата алады;

  • Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей алады;

  • Сан аралықтардың бірігуін таба алады;

  • Сан аралықтардың қиылысуын таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • санды теңсіздік, тура санды теңсіздік, сан аралығы, сызықтық теңсіздік анықтамаларын біледі;

  • санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі; теңсіздіктер қасиеттерін біледі;

  • тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады;

  • сандық түзуде әртүрлі сан аралықтарын бейнелейді;

  • сан аралықтарын оқи алады және жаза алады;

  • сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын табу алгоритмін түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- санды теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- сәуле, ашық сәуле;

- аралық, кесінді;

- жартылай интервал;

- сан аралығы;

- координаталық түзудегі сан аралығына жататын (жатпайтын) нүктелер;

- өрнектерді бағалау;

- <, >, , ,, ≤, ≥ символдары.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • (а; +) белгілеуін «а-дан плюс шексіздікке дейінгі аралық» деп оқимыз;

  • (–; а) белгілеуін «минус шексіздіктен а-ға дейінгі аралық» деп оқимыз;

  • [-5; 4] белгілеуін «-5 пен 4 сандары қоса алынған минус бестен төртке дейінгі аралық деп оқимыз;

  • (-5; 4] белгілеуін «4 саны қоса алынған минус бестен төртке дейінгі аралық деп оқимыз;

  • [-5; 4) белгілеуін: «-5 саны қоса алынған минус бестен төртке дейінгі аралық» деп оқимыз;

  • [-5; +) белгілеуін «-5 саны қоса алынған минус бестен плюс шексіздікке дейінгі аралық» деп оқимыз;

  • ... аралықтарының қиылысуы ...;

  • ... аралықтарының бірігуі ...;

Құндылықтарды дарыту

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиет

Бастапқы

білім

Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру. Амандасу.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

Сейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Бүгінгі алған бағамыз

Кілең бестік болсын

Оқушыларды жетістік жолына тұрғызып өткен тақырып бойынша өзін өзі бағалап алады

Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. Алдарында тұрған үш түсті (қызыл, сары, жасыл) көтеру арқылы білімдерін бағалап отырамын

Презентация


Басмармақ әдісімен бағалайық.

Сабақтың ортасы

  1. 8 мин

«Білім таусылмайтын кен» Кахут бағдарламасында сұрақтар қойылады

"Миға шабуыл"

-Сан аралықтары дегеніміз не?

-Сан аралығының қандай түрлерін білесіңдер?

-Қатаң теңсіздіктің шешімдер жиыны координаталық түзуде қалай кескінделеді?

-Қатаң емес теңсіздіктің сан аралығын жазу үшін қандай жақша қолданылады?

-Неліктен кесіндіде координаталық түзуде көрсетілген сандар шешімдер жиынына кіреді? - деген жабық және ашық сұрақтар қоямын.



Қосымша 1

смайликтер


9 – 18 мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды сабақтың қол жетімді оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырамын.

«Білім таусылмайтын кен» (тест тапсырмасы) әдісі арқылы слайдтағы дұрыс жауаптармен ,тексеріп шығамын.

Жеке жұмыс

Бутерброд әдісі арқылы жеке жұмыс беріледі

Дескриптор:

  • координаталық түзу бойынша сан аралығының атауын жазады.

  • сан аралығын көрсетеді.

  • Сан аралығын теңсіздік арқылы көрсетеді .


Топтық жұмыс

"Ойлан, жұптас, бөліс" әдісін қолданамын. Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылар арасында қарым-қатынасы дамып, бірлесе отырып жұмыс жасауды үйренеді.

В деңгейі

930.

Оқулықтағы 5.20-суретте кескінделген сан аралықтарының қиылысуын және бірігуін жазыңдар.




Топтық жұмыс


Постер қорғау №934-№935 есеп (С деңгей)

1-тапсырма.

І топ

1.Сан аралығының қиылысуын тап: (-7; 5], [4; +∞) және [-1;9) Жауабы: [4;5]

2.Сан аралығының бірігуін тап: (-∞; 5], [-2; +∞) және [-1;8] Жауабы: (-∞;+∞)

ІІ топ

1.Сан аралығының қиылысуын тап: (-∞; -6], [-6; +∞) және [-6;1] Жауабы: Ø

2.Сан аралығының бірігуін тап: (-7; 5), (-1; 9) және (7;12) Жауабы: (-7;12)

ІІІ топ

1.Сан аралығының қиылысуын тап: (-8; 7), (-5; 10) және [-3;2] Жауабы: [-3;2]

2.Сан аралығының бірігуін тап: [-3; 1), [1; 5) және [5;8] Жауабы: [-3; 8]

Дескриптор:

  • координаталық түзудің бойынан нүктені ажыратады.

  • сан аралығын көрсетеді.

  • сан аралығының қиылысуын табады

  • сан аралығының бірігуін табады

Бағалау: Тапсырмалары бірдей топтар жұмыс уақыты аяқталғаннан соң тақтада түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

Математика

2-бөлім,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.


















Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №930

Кері байланыс. Инстаграм әдісі арқылы кері байланыс жазу. Өзін өзі бағалау








Математика

2-бөлім,


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.05.2024
208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі