400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сан есімнің есептік, реттік түрлерін, сұрақтарын меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 «П» сынып. Бастауыш сынып мүғалімі: Наурызбаева Анар Қанағатқызы. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сан есімнің есептік, реттік түрлерін, сұрақтарын меңгерту.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік. Сан есімнің түрлеріне байланысты жаттығулар орындау, сан есімдерге байланысып тұрған зат есімдерге талдау жасату. 2. Дамытушылық. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту, ойлау қабілетін, байқампаз іскерлігін, шығармашылығын дамыту. 3. Тәрбиелік. Табиғатты сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Іскерлік,білім және дағдыларды қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру. Әңгімелеу. Сұрақ-жауап. Машық жұмысы. Қайталау. Деңгейлік тапсырмалар. Ойын. Көрнекілік. Тіл дамыту. Тест.

Сабақтың жабдығы: дидактикалық тапсырмалар, оқулық.,кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тірек білімді еске алу.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Сан есім.

/ / \ / \

Сұрақтары. Мағынасына қарай. Құрамына қарай.

Есептік және реттік. Дара және күрделі.

Ой қорытындысын жасау. Түсіндіру.

Ойын. « Сөз ойла, көп ойла ».

І топ.

Мақал-мәтелдер жазу.

Бесік баласы бес түлейді.

ІІ топ.

Жеті рет піш,

Бір рет кес.

ІІІ топ.

Жүзден біреу-шешен.

Мыңнан біреу-көсем.

Екі аяқтыда бөле тату,

Төрт аяқтыда бота тату.

Бұл мақалдар ішінен сан есім , зат есімдерді атату. Сұрақтарын қою.

ІІІ. Сергіту сәті.

ІV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Мағынаны таны. Ой шақыру. Оқулықпен жұмыс. 513-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдерді табу. Сан есімдерді байланысқан сөздерімен теріп жазу. Он екі-жиырма бес грамм, екі аптадан, үшінші, төртінші аптадан екі айға.

Ойын: « Сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз».

6бақан, дер5, 9құмалақ , с10а, 4бақ..

V. Топпен жұмыс. 515-жаттығу.

І топ. ІІ топ.

Неше? Нешінші?

жиырма бес жетпісінші

тоғыз оныншы

сегіз сегізінші

елу елуінші



VІ. Сызбамен жұмыс. Сөз таптарының өзгешелігін дәлелдеу.

Сын есім. ..............................Сан есім.

«Ребус шешу» ойыны.

Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

Ас атасы- нан.

Нанды баспа.

Жерге тастама.

VІІ.Жатқа диктант жазу.

Қырық құлып,

Қырық құрық .

Құлып та - қырық ,

Құрық та - қырық..

Оқушыларға жатқа диктант жаздыру.

Сөйлемдер ішінен сан есімдерді тауып, астын сыздыру. Сұрақтарын қою.

VІІІ. Тестілік тапсырмаларға жауап қайтарту.

1.Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Түркістан, Мөлдір, Ақтау, Балқаш, Жомарт.

2. Жалпы есімдерді теріп жаз.

Көлік, аң, ағаш, тау, Ертіс, балық, оқушы, Ақтөбе, бала, қала, Өскемен.

3. Сан есімдерді мақалдан тауып жаз.

Мың қосшыға – бір басшы.

Бір күн дәм татқанға – қырық күн сәлем.

ІХ. Үйге тапсырма: Ережелер жаттау, 3 жұмбақ жазу.

(Ішінде сан есімі бар жұмбақ).

Х. Сабақты қорытындылау.

Оқушылар біліміне баға қою.

Рефлексия.

–Балалар, бүгін сабақта нені – оқып білдік?

-Сабаққа кім көбірек қатысты?

-Кімнің жауабы саған ұнады?

-Сабақтан қандай ой түйдің?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі