400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сан есім туралы бұрынғы алған білімдерін қайталау, еске түсіру; сан есімдерлің есептік, реттік түрлерін ажырата білу, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық: есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын дамыту.

Тәрбиелік: ұжыммен жұмыс жасауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Қайталау, топтық жұмыс, практикалық тапсырма, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, сөзжұмбақ, оқулық.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

5-жаттығу. 132-беті.

Сыныпты топқа бөліп отырғызу. Әр топта топ басшы сайланады.

3 –топ. Зат есім, етістік және сын есім сөздері жазылған текшелер таратылады.

Тапсырма:

1 топ. Берілген сөздердің ішінен зат есім болатын сөздерді теріп алып, оларға сұрақ қояды.

2 топ. Берілген сөздердің ішінен етістік болатын сөздерді теріп алып, оларға сұрақ қояды.

3 топ. Берілген сөздердің ішінен сын есім болатын сөздерді теріп алып, оларға сұрақ қояды.

Тапсырма орындалып, тексеріледі.

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  1. Зат есім деген не?

  2. Зат есімнің сұрақтары қандай?

  3. Етістік дегеніміз не?

  4. Етістіктін сұрақтары қандай?

  5. Сын есім дегеніміз не?

  6. Сын есімнің сұрақтары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, зат есім, етістік, сын есім бұлар нелер?

  • Сөз таптары.

  • Осы сөз таптары толық па?

  • Толық емес.

  • Қандай сөз табы жетіспейді?

  • Сан есім.

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Заттың санын білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

  • Сан есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтір.

  • Қанша? Неше? Нешінші?

  • Сан есімдер қалай бөлінеді?

  • Есептік сан есім, реттік сан есім.

Дұрыс айтасыздар, балалар! Бүгін біз бұрыннан білетін сан есім тақырыбын қайталаймыз.

Көркем жазу. (есептік және реттік сан есімдерге мысал келтіріліп екеуі таңдап алынады). Алты, тоғызыншы.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру.

Он саулықтың ақпанда

Егіз туды жетеуі.

Қырға көшіп жатқанда,

Жалқы туды екеуі.

Тағыда бір тұсақ бар,

Қысыр қалды ол бірақ та.

Біздің үйде ұсақ мал

Жетті қанша тұяққа?

Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

Егіз, жалқы деген сөздерді қандай санмен ауыстырып айтуға болады?

Қойды жасына қарай қалай атайтынын сұрап біл.(Қошақан, қозы, тоқты, қой).

Тақтамен жұмыс.

2-жаттығу. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазу.

ҮПрямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3 Прямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 5 шінші күн, екінші орын, тоғызыншы вагон, жиырма сегізінші пәтер, алтыншы үй.

Реттік сан есімнің құрамындағы жұрнақтардың астын сыз.

Жұрнақтардың жалғану ережесін айт. (Дауысты дыбыспен аяқталатын сан есімдерге –ншы, - нші, дауыссыз дыбыстармен аяқталатын сан есімдерге – ыншы, - інші жалғанады).

Сергіту сәті.

Етектейін еріннің

Екі елісі қалыпты.

Қиғаш қамыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты.

Жалбыраған жалыннан

Жалғыз қарыс қалыпты.

Бір құлаштай құйрықтан

Бір уыстай қалыпты.

«Ер Тарғын» жырынан

3-жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрастыру. Әнгімедегі сан есімдердің астын сызып, сұрақ қояды және өз атымен аталатын сөз табын табады.

1 топ. Зат есім тобы ешкі мен екі лақ суретіне сөйлем құрастырады.

2 топ. Етістік тобы алты тауық суретіне сөйлем құрастырады.

3 топ. Сын есім тобы үйрек пен төрт балапан суретіне сөйлем құрастырады.

5-жаттығу. Төмендегі сөздерге тиісті сөздерді теріп жазып, сан есімдердің астын сызу.

Керекті сөздер

БПрямая со стрелкой 27 Прямая со стрелкой 53 Прямая со стрелкой 59 ір шымшым айран

БПрямая со стрелкой 54 Прямая со стрелкой 58 ір жайма су

Прямая со стрелкой 60 БПрямая со стрелкой 55 ір шөкім өлең

БПрямая со стрелкой 56 ір салым бұлт

БПрямая со стрелкой 57 ір асым шай

Бір жұтым ет

Бір ұрттам қамыр

Бір ауыз тұз

Бұл өлшемдердің мөлшерін түсіндір.

IV. Бекіту.

Сөзжұмбақты жұмбақтың көмегімен шешу.

С











А


















Н












Прямоугольник 81


Е






С






І












М
















1.Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды,

Алмайды бір тағат,

Оның аты ... (Сағат)


2.Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді.

«Қарап ал маңайға» дейді. (Бағдаршам)


3.Төрт бұрышты.

Бір ауызды. (Сандық)


4.Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде олардан,

Тиді әркімге үш балық.

Айтыңдаршы, ал неді,

Бала саны қанша енді? (Бес)


5.Әппақ отыз жүзікті,

Бір үңгірге тығыпты. (Тіс)


6.Бір құс бар, екі аяқты сегіз бармақ,

Түлкі, қасқыр, қоянның бәрін алмақ. (Бүркіт)


7.Тоғыз белбеу,

Қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек. (Домбыра)


V. Бағалау.

Мадақтау, топ басшысының қойған бағасын ескеру.

VПрямая со стрелкой 154 I. Қорытынды:

Овал 144

Прямая со стрелкой 152 Прямая со стрелкой 155


Прямая со стрелкой 148

Прямая со стрелкой 157 Прямая со стрелкой 166


Скругленный прямоугольник 142 Овал 145 Овал 146

Прямая со стрелкой 149 Прямая со стрелкой 151 Прямая со стрелкой 156 Прямая со стрелкой 164


Прямая со стрелкой 150 Прямая со стрелкой 159 Прямая со стрелкой 165


Овал 147


Прямая со стрелкой 161 Прямая со стрелкой 163

Прямая со стрелкой 162



Оқушылармен бірлесіп сан есімді толтырамыз.

Сан есім дегеніміз – заттың санын білдіретін сөзтабы. Қанша?, неше?, нешінші?деген сұрақтарға жауап береді.


VII. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. 136-бет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі