400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан есім. 2 сынап

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты түрлендіріп өткізуіне көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы:

Саяхатқа шығамын

Сан есім

Мектеп: 4 ЖОББМ

Сынап: 2 а


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Күні: 06.05.20

Машықкердің аты-жөні: Айқын Гүлдана

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарла-нғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут













3 минуи

Сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

Көңіл күйлерің қалай?

Бүгінгі сабақта дайынсыңдар ма?

І. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.

Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.

  1. Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә)

  2. «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады. (жоқ)

  3. Отырды -сөзі сын есімге жатады. (жоқ)

  4. Етістіктің сұрақтары Не істеді? Қайтті? (иә)

  5. Әдемі-сөзі етістікке жатады. (жоқ)

  6. Зат есімнің сұрағы Кім? Не? (ия)

Топқа бөлу. (Бәйтерек пен Пирамида суреттерін таңдау арқылы топқа бөлу)

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал біз саяхатқа немен шығамыз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар біз саяхатқа автобуспен шығамыз!

- Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сендер дайынсыңдар ма?
















Қима қағаз: https://images.app.goo.gl/Uj98Fy4n5S3LvuJb7

https://images.app.goo.gl/Z1cYsFBtwHq1K1tH6


1 минут






3 минут














10 минут




Жаңа білім. Ережемен танысу.

Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? Неше?нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті,тоғызыншы, жиырмасыншы.


Білу және түсіну

1-аялдама. «Бәйтерек» монументі

«Білгенге маржан» Астана қаласының сол жағалауында «Астана – Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы – Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі – 97 метр. «Астана – Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы –

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев.

«Хан Шатыр» – Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. Құрылысы 2006 жылы басталған ғимарат 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылды. Биіктігі 150 метр болатын бұл нысанның ішкі ауданы 100 000 шаршы метрді құрайды. Сәулетшісі – Норман ФоЛюбое.


2-аялдама. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

№22. Мәтінмен жұмыс.

Саяхатқа шығу туризм дегенді білдіреді. Нағыз туристер саяхатта жүргенде демалып қана қоймайды. Сонымен қатар саяхат жасаған жерлері жайында егжей-тегжейлі білуге талпынады.

Саяхатшылар – табиғаттың нағыз жанашырлары. Олар ағаштарды бекерден-бекер кеспейді. От жақпайды. Жас шыбықтарды сындырмайды. Қайта табиғат зиянкестерімен күрес жүргізеді.

Екінші, үшінші сынып оқушылары мұғалімдерімен бір ге 8-10 километрден аспайтын, бір күндік жорықтарға шығады. «Ол кім? Бұл не?» кітабынан

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

  • Туризм дегенді қалай түсінесің?

  • Саяхатшылар саяхатта жүргенде не істейді?

  • ССаяхатшыларды неліктен табиғаттың нағыз жанашырлары дейді?

  • Саған саяхаттау ұнай ма?

  • Мәтіннен Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.


Оқулық






https://images.app.goo.gl/Uj98Fy4n5S3LvuJb7

https://images.app.goo.gl/Z1cYsFBtwHq1K1tH6







Оқулық.

Оқушылар-дың жұмысы

Сабақтың ортасы

5 минут












2 минут


6 минут

Қолдану

3-аялдама. «Думан» ойын сауық кешені

«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.

№23. Мәтінді қажетті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Саяхат адамды жақсы әдетке баулиды, ол қиындықтарды жеңуге үйретеді, сондықтан бір күндік саяхатқа шығып тұрған дұрыс.

  • Сан есімнің астын сыз.

Сергіту сәті «Мен қазақпын»


4-аялдама. «Ақ-Орда»

«Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

  • Суретке қарап «Нұр-Сұлтанға саяхат» тақырыбында әңгіме құрап жаз.

  • Әңгімелеріңнің ішіне Қанша? Неше? Деген сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалан.


Оқулық

https://images.app.goo.gl/Dv4ppQgURPR48RH89








https://youtu.be/J846twhH8PA


https://images.app.goo.gl/Z1cYsFBtwHq1K1tH6

https://images.app.goo.gl/Uj98Fy4n5S3LvuJb7

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржынға салады.



https://images.app.goo.gl/Y4Mx7R6E3VpueaBN6

Үйге тапсырма: №26, 106-бетте.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі