Материалдар / Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
топтық , жұптық, ұжымдық жұмыстар, ой толғау, көршінің сұрағы, бетпе-бет студиясы, деңгейлік тест тапсырмасы ұйымдастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2018
605
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың сан есім туралы білетін білімдерін жинақтай отырып, мағыналық түрлеріндегі негізгі ерекшеліктерді ажырата білуге дағдыландыру.Есептік сан есім мен реттік сан есімнің жасалу жолдарын түсіндіру.

Оқып үйренудің нәтижесі:

қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңыздылығын тани отырып, сан есімдердің мағыналық түрлерінің жасалу жолын түсінеді, топпен, жұппен, ұжыммен жұмыс істеудің тиімділігін байқайды.

Модулдердің кіріктірілуі

Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқыту мен оқудағы АКТ -ны пайдалану. Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

топтық , жұптық, ұжымдық жұмыстар, ой толғау, көршінің сұрағы, бетпе-бет студиясы, деңгейлік тест тапсырмасы.


Негізгі дерек көздер:

(пайдаланылған әдебиеттер, көрнекіліктер) электронды оқулық, слайд-шоу, үлестірмелі кеспе қағаздар, 6-сынып оқулығы, плакаттар, стикерлер.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Негізгі дерек көздер


Кіріспе:

1

Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлем сөздің анасы» оқушылармен сәлемдесемін, оларды түгелдеп, оқу құралдарының дайындығын назарға аламын, оқушы арасындағы психологиялық атмосфераның қалыптасуына ықпал етіп, топ ережесімен таныстырамын.

  1. Бірін-бірі мұқият тыңдау;

  2. Топта ұйымшыл болу;

  3. Шапшаң, сауатты болу;

  4. Ойланып,тиянақты жауап беру;

  5. Тапсырманы тиянақты орындау;

  6. Бірін-бірі әділ бағалау.

«Сәлем сөздің анасы» демекші оқушылар ең алдымен сәлемдеседі. Кезекші оқушы сабаққа келмеген оқушыларды атап, олардың себебін айтады. Оқу құралдарын дайындап, өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, топ ережесімен танысады.

  1. Бірін-бірі мұқият тыңдау;

  2. Топта ұйымшыл болу;

  3. Шапшаң, сауатты болу;

  4. Ойланып,тиянақты жауап беру;

  5. Тапсырманы тиянақты орындау;

  6. Бірін-бірі әділ бағалау.


Оқу құралдары

(6-сынып қазақ тілі оқулығы, жұмыс дәптері)




Топ ережесі

2

Топқа бөліну

Қоржыннан асық алу арқылы 1,2,3,4 сандарымен 4 топқа бөліну.

Қоржыннан асық алу арқылы 1,2,3,4 сандарымен 4 топқа бөлінеді.

Қоржын, асық

3

Психологиялық дайындық

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Ендеше, өздерің айтыңдаршы бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Күздің нешінші айы? Бір жылда неше ай бар, неше күн бар? Бір жылда неше апта бар? Бір аптада неше күн бар? Біз нешінші сыныпта оқимыз? Нешінші қабатта оқимыз? Сыныпта қанша оқушы бар? Неше ұл бала,неше қыз бала оқиды? Мектепте шамамен неше оқушы оқиды?

Оқушылар өздерін сұрақ-жауаптар арқылы психологиялық дағдыланып, жаңа ұғым қалыптастырады.



Берілген сұрақтарға ұжым болып жауап береді.

Мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту.

Сұрақ-жауап


Таныстырылым:


4

Өткен сабақты бекіту

Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер. (Сұрақ - жауап)



Деңгейлік тест тапсырмалары арқылы зат есім, сын есім, сан есімнен алған білімдерін бекіту.


Оқушылар дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерге мысалдар келтіре отырып, ережесін айтады.

Деңгейлік тест тапсырмалары арқылы зат есім, сын есім, сан есімнен алған білімдерін бекітед

Сұрақ-жауап





Деңгейлік тапсырмалар

5

Ой толғау

Сандарды өсу немесе кему ретімен жазып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сан есімнің мағыналық түрлері.

  1. Есептік сан есім.

  2. Реттік сан есім.

  3. Жинақтық сан есім.

  4. Болжалдық сан есім.

  5. Топтау сан есімі.

  6. Бөлшектік сан есім.


Сандарды өсу немесе кему ретімен жазып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.



Сан есімнің мағыналық түрлеріне сипаттама береді.

Үлестірмелі кеспе қағаздар

СТО


Негізгі бөлім


6

Қызығушылықты ояту

Бейнеролик көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар бейнероликті көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Бейнеролик

Баяндау, талдау, тұжырым жасау.

7

Мағынаны тану

Электронды оқулық арқылы есептік сан есім мен реттік сан есімге түсінік беру.

Оқушылар электронды оқулық арқылы есептік сан есім мен реттік сан есімнің мағынасын түсінеді.

Электронды оқулық

8

Оқулықпен жұмыс

(жаттығу жұмысы)


Ітоп. 163-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп құрастырыңдар.


ІІтоп. 164-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.


ІІІтоп. 165-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сұрақтарын айтыңдар.


ІҮтоп. 166-жаттығу. Реттік сан есімдерді қатыстырып, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.

Ітоп оқушылары үлгіге сүйене отырып, бірнеше мысал келтіреді. Бұл есептің жауабын келесі топ шешеді.

ІІтоптың оқушылары 164-жаттығудың берілген үлгісіне қарап есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазады.

ІІІтоптың оқушылары 165-жаттығудың үлгісіне сүйене отырып,сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сұрақтарын ажыратады.

ІҮтоптың оқушылары 166-жаттығудың үлгісіне қарап, реттік сан есімдерді қатыстырып, берілген сұрақтарға жауап жазады.

6-сынып оқулығы. 78-79-беттер.

163,164,165-жаттығулар.

Жұмыс дәптерлері


Қорытынды:

9

Рефлексия

«Тазалық» ойыны


Өз пікірлері бойынша стикерлерді қажет нұсқаға жабыстырады.



10

Үйге тапсырма

І деңгей: Есептік және реттік сан есімдерге бірнеше мысалдар келтіру.

ІІ деңгей: Сан есімдер қатысқан жұмбақ немесе жаңылтпаштар жазып, жатап келу.

ІІІ деңгей: Есептік, реттік сан есімдерді қатыстырып, шағын шығарма жазу.

Берілген тапсырманың орындалу мақсатын түсініп, күнделіктеріне жазып алады.


Оқушы күнделігі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!