400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сән мен сымбат әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақты жариялауды жөн көрдім
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сән мен сымбат әлемі» сайысы


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: оқушылардың мамандық таңдау барысындағы ойларын нығайту,кәсіптік білімнің маңыздылығы,шығармашылық еңбекке араласуы арқылы өмірге өзіндік таңдау жасау.


Дамытушылық: ой-өрісін, ынта-ықыласын, бейімі мен қабілетін анықтап,еңбекке деген қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай кәсіпке тәрбиелеу.


Бүгінгі сабағымыздың ұстанымы:

Ұйымдасып істеген,

Әр істің бір сәні бар.

Әр қимылдың өзінше,

Ырғағы бар, әні бар.



Кіріспе.


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Біз технология пәнінен алған білімді, іс-әрекетімізді қорытындылай келе, қыздарымыздың қандай кәсіпке икемділігі бар екенін анықтау мақсатында сайысымызды бастаймыз.Бұл сайыста қыздар тамақ әзірлеу, киім пішу және тігу, үлгілеуді, сәнді киінуді және қол мен бетке күтім жасау, шашты әсемдеу әсемдеу, экономикалық есеп жүргізу сияқты өнерлерін көрсетеді және жасаған, тіккен бұйымдарын жарнамалайды, әрине бұл жарыс бір-бірімен бәсекелесетіндей ой жылдамдығы мен тапқырлық, икемділікті қажет етеді.

Ал, енді қыздардың стилист, дизайнер, аспазшы, экономист, менеджер, тігінші, тілші, шаштаразшы т.б мамандықтар бойынша қандай кәсіпке бейімділігі бар екенін анықтайтын кез келді.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңыз да қош келдіңіздер!

Енді бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.


Жарыстың барысы:

І. «Сәлем сөздің атасы» сәлемдесу, таныстыру

ІІ. Әр ұлттың сән үлгілерін көрсету.

ІІІ. «Ас- адамның арқауы»

ІҮ. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер.Тіккен бұйымдарын, өз жұмыстарын жарнамалау.

Ү. Шаш үлгілері.Қыздардың шаштарын әсемдеу.

ҮІ. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету.

Қорытынды, марапаттау.


Жүргізуші: Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,

Ақ орда аспанында ән қалықтар.

Күтіп тұр арман қуған өрендерді,

Ән жырмен ойға толы сын сағаттар,-дей келе сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

-Алдымен бүгінгі кештің төрелерін сайлап алайық.

Әділдікті ең алға мақсат еткен

Өнер білім өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таңқаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.


Кімдер шебер, кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші,

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші.

Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,

Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр, қуаныш, нұр сыйласын

Өмірдің тыншымайтын ағыстары,-дей отырып, ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.

І тур.Сайысымыздың 1-шарты бойынша өздерін таныстыру.

«Сәлем сөздің атасы» демекші, кезекті өнерлі қыздарға берейік.


ІІ тур.Әр ұлттың сән үлгілерін көрсету.оны дайындаған дизайнерлер ортаға шығып, қандай ұлттың киім үлгісі тігілгенін айтып береді. («Дастарқан» әні ойналады)

Ас көңілдің ажары деген күнім,

Жақсы ғой тағамның да білген сырын.

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

ІІІ тур.

-Сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті.Ендеше,сайыскерлер, сөз кезегі өздеріңе беріледі.

«Ас-адамның арқауы» дегендей, әр топ өздері үйден дайындап әкелген салаттарына ат қойып, әшекейлеп қорғайды.


ІҮ тур. Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Бойына жиғандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын.


Келесі кезекті «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - деп аталатын сайысымыздың шарттарының бірі – қолөнер бұйымдарын көрсету, өнерлі қыздар көрсеткен бұйымдарын, өздері әзірлеген үй жұмыстарын әділқазыларға тапсырады.Тіккен бұйымдарын, өз жұмыстарын жарнамалау.


Ү тур.Шашы ұзын қыз. (шаш өру)

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін – деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне берейік.

Қыздардың шаш дизайнерлері шаштарын әсемдейді, әр топ өз арасынан бір сән үлгісінде киінген қызға шаштың сән үлгісін жасап, беттеріне, қолдарына қалай күтім жасау керек екенін әңгімелеп, макияж жасайды.Әр топ шаш турал өз ойларын ортаға салады.Слайд арқылы көрсету.

-Ендеше іске сәт, сайыскерлер!


ҮІ «Өнерлі өрге жүзер».

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлесі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.


Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,

Қазақтың қара көзі аруларым

Тамамдайық осы кешті әсем әнмен,

Өнеріне табынып арулардың,-дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқасынан күтеміз.

-Әділқазылар алқасынан сайыстың көрсеткіш есебін сұраймыз.


Қыз балаларға төмендегідей номинациялар беріліп,марапатталады.

Аспазшы – «Бармағынан бал тамған аспазшы».

Техникалық сәнгер – «Үздік дизайнер».

Көркемдеуші сәнгер –«Жаңашыл сәнгер».

Шаш дизайнері – «Бұрымды қыз».

Тігінші – «Шебер тігінші»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 шілде
2995
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі