жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сән қойылымы "Дефилье-сән әлемінде"
«Сән әлемінде» мектеп оқушыларының дефилье -сән қойылымы.
Мектеп: №3Қарауылкелді орта мектебі
Қатысушылар: 1-11-класс оқушылары
Күні:21.02.2020ж
Ұйымдастырушы:Мұхамбетова Л.Б./технология пәнінің мұғалімі/
Фанфар жіберіледі
1-жүргізуші:- Армысыздар , құрметті ұзтаздар мен оқушылар!
2- жүргізуші: - Добрый день , дорогие наши зрители!
3-жүргізуші: -Good dau dear guests ard studends жасайық.
1-жүргізуші: - Бүгінгі « Сән әлемінде» дефилье -сән қойылымына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:-Добро пожаловать наш модный дефилье. Вашему вниманию представляем наш школьный дефилье.
3-жүргізуші:Welcome to our fashion show.We present to you’re a shool jashion show.
1-жүргізуші:Дефилье,дефилье десе қазіргі сәнқой жандардың ішкен асын жерге қоятыны сөзсіз. Әлбетте, әдемі киініп, сәнді көріну кімге болсада ұнайды.Алайда бұл сөздің және, жалпы , дефильенің қашан, қайда пайда болғаны жайлы білетіндер аз. Олай болса дефильенің кешегісі мен бүгіні жайлы қысқаша талдау жасайық.
2-жүргізуші:- Шетелдік зерттеушілердің кейбір деректерінде дефилені дүниеге әкелген ХІХ ғасырдың сәнгері Чарльз Фредерик Ворт делінеді. Ол өз заманында киім сататын дүкен қызметкерлерін әдемі киіндіріп, қалталы клиенттеріне өз тауарларын ұсынған. Қазіргі тілмен айтқанда, модельдердің қатарында өзінің әйелі де болған деседі. Дүкенге келгендер жайлы жайғаса отырып, сәнді киініп әрлі-берлі жүрген сатушы қыздарды тамашалап, соңынан өз ұнатқан тауарын сатып алған.
3-жүргізуші : - Бірақ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде мұндай үрдіс жалғыз Чарльзде емес, барлық сән үйлерінде болған көрінеді. Тіпті олардың басым бөлігі жабық бөлмелерде арнайы көрсетілім залдарын ұйымдастырып, жаңа топтамаларын тұтынушыларына таныстыра бас таған.
1-жүргізуші : -Дегенмен бұл көрсетілімдерді кәдімгі дефилемен салыстыру қиынырақ болатын. Алайда 1905 жылы Лондонда Люсилль есімді дизайнер тұңғыш рет дефиле өткізіп, музыканың сүйемелдеуімен сахнада өз топтамасын таныстырды. Оған көптеген модельдер қатысып, тапсырыс берушілерінің саны да екі есеге артқан.
2-жүргізуші: - ХХ ғасырдың басында дефиле АҚШ-та да кеңінен тарай бастайды. Сәнді киім-кешек пен әшекей бұйымдарды өндірушілер сән индустриясын дамыту мақсатында бірігіп көрмелер өткізеді.
3-жүргізуші: - Ең алғаш ұйымдастырылған дефилелер адамдарды қайран қалдырып, тіпті олар жайлы New York Times газеті жиі-жиі жазып отырған. Ал қымбат бутиктердің арасында бәсекелестік орнап, дефиле ХХ ғасырда Атлантикаға дейін жеткен.
1-жүргізуші :Бірақ сән көрсетілімдері ұзақ уақыт бойы тек әйел адамдардың киім-кешегіне ғана арналған. Тек 1952 жылы Флоренцияда Brioni сән үйінің ұйымдастыруымен ер адамдарға арналған сәнді киімдердің көрсетілімі өткен.
2-жүргізуші: - Сарапшы мамандардың сөзіне сенсек, қазіргі заманда жыл сайын сән көрсетілімдерін ұйымдастыруға 200 млн АҚШ доллары жұмсалады екен. Атағы жер жарған сән үйлерінің 20 минуттық дефилесін өткізу үшін орта есеппен 100-500 мың доллар жұмсалатын көрінеді. Бүгін Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз.
3-жүргізуші:- Lets What wiey now adait fashion kazakhstan
1-жүргізуші- Ал, қазақстандық «мода» жайлы не білеміз? Ендеше таныс болайық
2-жүргізіші: - Ал Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жылдардың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қазақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түрде 1947 жылы келген делінеді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдарының өзі нағыз «сәндіктің» өзі емес пе?!
1-жүргізуші:
Тек Коко Шанельдің ойлап тапқан «барлық қыздың гардеробында болуы тиіс кіш-кентай қара көйлегін» шығарып, жер-жаһанға жария қылмадық демесек, серілер мен сылқым сұлулардың сол кезгі сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. Алайда ресми дерекке сүйенсек, бүгінде «Сымбат» деп аталатын академия отандық сән әлемінің дүниеге келуіне сеп болыпты деседі.
3-жүргізуші:-Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы – 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды. Қазақстан 1972 жылы – Болгарияда, 1974 жылы – Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық фестивальдарға да қатысты. Ал 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені иемдендік.Осылайша fashion – индустрия Қазақстанға да жеткен. Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде
1-Ж:Aida KaumeNOVA,
2-Ж:Kuralai (Құралай Нұрқаділова),
3-Ж:Айгүл Қасымова,
1-Ж:LaRiya (Лария Жақамбаева),
2-Ж:Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен
3-Ж:ZhaZira-ны ерекше атап өтуге болады.
1-жүргізуші: - Білесіздерме ,біздің де балаларымыз бүгінге қойылымға сән үлгілерін дайындап келген екен.
2-жүргізуші: -(Онда не тұрыс ,тамашалайық.)
3-жүргізіші: - Іске сәт!
Фанфар ойналады.
Музыка ырғағымен сән үлгілері көрсетіледі
1.Мектеп формасы үлгілері:
2..Ұлттық киім үлгілері:
3. Жастар киімі:
4.Кунделікті той киімдері
5Қиял -ойдан туындаған киім үлгілері:
2-жүргізуші: -Вспомним известную пословицу
«Встречают по одежке, провожают по уму»
Желаем вам умных решений при выборе одежды на все жизненные случаи. И чтобы каждый из вас нашел свою гавань в жизни, где будет прекрасна ваша душа, тело, мысли и одежда.
1-Жүргізуші:-Сау саламатта болыңыздар!
3-жүргізуші:- Good bye!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген