«Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ
«Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым»
«Барқытбел» ауылының тарихына арналған
Журналистік тележоба
Қатысқандар: 8-11 Сынып оқушылары.
Тарих-өлкетану пәнінің мұғалімі:Құдабаева .А.С
Ұлы даланың жеті қыры.
«Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым»
Мақсаты: . 1.Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.
-
Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін дамытады.
-
Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.
Көрнекілігі:
-
«Ауылым – алтын бесігім» ауылдың әкімшілік үйінің,аурухана,мектеп,мешіт т б орындар туралы бейнебаян, слайдтар.
-
«Ауылым» әні
-
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі:
«Ауылдың даласыз күні жоқ, Даланың ауылсыз құны жоқ»
Қатысушылар: «Хабар» арнасы, «Асыл Арна», «31 канал», «9 KZ» арнасы болып жүргізуші және қонақ ретінде ( Ауыл имамы, ауыл Әкімі, Ұлағатты Ұстаз) 8-11 сынып оқушылары
Сабақ түрі:Журналистік сұхбат, тележоба,кездесу түрінде.
Барысы.
«Ауылым» әні баяу қосылып тұр.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Тарих пәні мұғалімі Құдабаева А.С. «Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі өткізгелі отырған «Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым «атты теле жобамыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыппен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы аясында Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі бөлімі бойынша
өзіміздің туған жеріміз « Барқытбел «ауылына және оның тарихына арналмақ. Ауылымыз қашан ауылдық округ болып құрылған,оның халқының саны,немен айналысатыны,қандай шаруашылыққа негізделген, мектеп тарихы.Мектебімізден қандай саңлақтар түлеп ұшқан, ауылымыздың кәсіпкерлері. Ауылымыздың көрікті де көрнекті жерлері туралы болмақ.
-
Сөз «Хабар» арнасының тілшісінде. 11 Сынып.
Қайырлы күн! Қымбатты көрермендер. Бүгінгі хабарымыз «Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым» тақырыбында Барқытбел ауылына арналмақ.Біз бүгін Ұржар ауданы Барқытбел ауылының әкімі Ануарбеков Н.А мен сұхбаттасатын боламыз.
Айхой ,шіркін Барқытбелім, ауылым.
Ата- ана, құрбылар мен бауырым.
Қиындыққа мойымаған әр уақыт,
Қайран менің өсіп- өнген ауылым- дегендей, жалпы ауылдарыңыздың тарихына қазіргі даму деңгейіне тоқталып кетсеңіз:
Әкім: Іргесі 20 -ғасырдың бас кезінде қаланған. 1957-97 жылдары «Октябрьдің40- жылдығы атындағы»ұжымшардың орталығы болған. Барқытбел ауылы Ново -Андреевка деген атаумен 1932 жылы құрылған,ауылдық округте 4елді мекен орналасқан.Ново -Андреевка,Некрасовка, Покровка,Благодатное ауылдары.
25сәуір 2012 -жылдан бастап «Барқытбел» деп атауы қазақшаға ауысқан. Бүгінгі ауылымызда халық саны 2248 адам.Тұрғын үйлер 685 үй. Айналысатын негізгі кәсібі мал және егін шаруашылығы.
Тілші. Рахмет.Сізге қояр келесі сұрағым. Ауылдарыңызда қызмет атқарған әкімдерге тоқталып өтсек.
Әкім: Ия ауылымызда өз қызметтерін жүргізген, ауылымызды көркейтуге үлес қосқан әкімдер: Кротов И.Г, Горбань А.А, Данияров А, ЯловойА.А, Ануарбеков Н.А.
Тілші: Ауылдарыңызда балалар мен жасөспірімдерге қандай жағдайлар жасалған,қандай үйірмелер бар.
Әкім: Ауылда баскетбол,волейбол,тоғызқұмалақ,күрестен үйірмелер жұмыс жасайды.Үйірмеге 8-11сынып оқушылары және ауыл жастары да қатысады.Спрортпен шұғылданатын балалар көп,олардың аудан бойынша жетістіктері де аз емес.
Тілші.Ауылдарыңыздың көркейіп өсуіне,экономикасының дамуына үлесін тигізіп жатқан адамдар,қандай жеке кәсіпкерлер және беделді адамдар бар?
Әкім: Романенко П.Н, басшылығымен шаруа қожалықтары , Байбосынова Қ, Аханова Б.С ның басшылығымен дүкендер халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Тілші:Сұхбатыңызға Рахмет. Сіздермен бірге болған Барқытбел ауылының әкімі Және «Хабар» телеарнасы.
-
«Асыл Арна» жүргізушісі. 10 сынып.
. Сүбелі сөз
Тілші: Армысыздар иманды ұл , ибалы қыз тәрбиелеп ,татулық пен бірлікті,ынтымақ пен берекені ту еткен қазақ халқы. Информбюроның бүгінгі санында « Иман негіздері » тақырыбы төңірегінде әңгіме өрбітетін боламыз.Сөзіміздің тұспалына қарай біздің бүгінгі қонағымыз кім екенін өздеріңізде біліп отырған шығарсыздар . Информбюроның қонағы ауылымыздың имамы . Ал,қонағымызбен сұхбат жүргізетін мен Қақарман Айбота.
Жүргізуші:Құрметті Шегірұлы Құлмұқамет мырза Информбюро студиясына қош келдіңіз.
Имам:рахмет
Жүргізуші:Халық арасында иманды кісі ,иманды жан екен деген сөздерді көп естіп жатамыз.Иманды-халық әдеп ,адамгершілік,ұят ұғымдарымен байланыстырып жатады. Ал енді имам ,ғалым ретінде айтыңызшы, ақиқатында иманды адам деп кімдерді айтамыз
Имам:Бісмілләхи рахмани рахим, иманды адам деп әуелі алла тағалаға сеңген,ақыретке сеңген жәнеде алла тағаланың жер бетіне түсірген барлық кітаптарына сенген адамды айтамыз.
Жүргізуші:Бұқар жырау бабамыз «Дін мұсылман болмаса, Тіл мұсылманнан не пайда» деген екен осы ретте бір сауал туындайды .Шынайы иман келтіргендер деп тіл мен емес тек жүрекпен иман келтіргендерді айтамызғой
Имам:Иә әрине , бұл жерде сол сенген нәрсе жүрекке орныққаннан кейін,оның көрінісі сыртқа шығады .Жүрегінде иманы бар адамның сырт бейнесінде де байқалып тұрады . Осы ретте сіздерге бір мысал айта кетейін .....
Жүргізуші:Имам мырза біздің де уақытымыз шектеулі әрине .Енді өзіміздің ауыл туралы ,өзіңіз туралы және де 2018 жылы ғана салынып біткен су жаңа мешітіміз туралы әңгіме өрбітсек . Мынау ауыл мешітінің суреті ..... назар аударыңыздар көрермен.
Жүргізуші:Аулымызға имам болғаныңызға қанша уақыт болды
Имам:Менің осы Барқытбел ауылына имам болып келе жатқаныма биыл тура 9 жыл болады , яғыни 2010 жылдан бері имам болып келемн .
Жүргізуші: «Жас ұрпақтың жүрегіне иман үйіретін мекен мешіт» Мешіт салу ең сауапты іс саналады. Ендеше Жаңа мешіт туралы айтсақ , мешіттің салынуына кімдер ат салысты, кімнің қолдауымен салынды
Имам:Алдымен алланың қалауымен , одан кейін осы Барқытбелдің тұрғыны,тумасы мешіттің басты қолдаушысы болған Қалиханұлы Асхаттың қолдауымен салынды . бұл игілікті іс көпшілікті нұрлы шапағатқа бөледі.бұл мешіт тек ауылдың зәулім сарайындай болып қана қоймай ,таза құлшылық орнына,рухани ордаға айналды.
Халықтың көмегі өте көп болды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді ғой ауылымыздың ер кісілері құрлысына көмектесе ,қыз-келіншектеріміз адал астарын әкеп барынша көмек жасады, жалпы ауыл халқы тұтастай өз көмегін тигізді деуге болады.Бұлда болса халықымыздың иманы жоғары екендігін білдіреді.
Жүргізуші:Мешіттің ішіне шамамен қаншалықты адам сияды
Имам:Шамамен мешіттің ішіне 40 шақты адам емен-еркін сияды .
Жүргізуші: Осымен біздіңде уақытымыз аяқталды Құлмұқамет мырза бүгін жақсы , рухани байлық алатындай сұхбат болды деп оилаймын.Соңғы сөзіңізді түиіндеп аита кетсеңіз
Имам:Бүгінгі информбрюо студиясына шақырғандарыңызға рахмет .Алла баршаңызға разы болсын ,жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Жүргізуші:Құрметті көрермен сұхбатымызды осымен аяқтаймыз .Сіздермен қоштаспаймыз келесі кездескенше деиміз.
-
«31- каналда» қонақта ардагер ұстаз Текебаева Сәния Арқашқызы. 8-сынып.
Тілші»:Армысыздар құрметті көрермендер. Бүгін біздің арнамызда қонақта Барқытбел ауылының « Барқытбел орта мектебінің » ардагер ұстазы С.Арқаш қызы қонақта.» «Білім кілті- мектепте» Барқытбел ауылында арнаулы білім ошағы оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде. С Арқашқызы сізге қояр бірінші сауалымыз.Сіз мұғалім мамандығын не себепті таңдадыңыз?
Ұстаз:Бала кезгі арменым болған еді. Қатарынан үш жыл тапсырып түсе алмай,сонда да арманыма қол жеткізбей қоймаймын деп жүріп осы мамандықты таңдадым.Қазақ тілі әдебиеті мұғалімі болып отыз жылдан артық еңбек етіп бүгінде зейнеткерлік демалыстамын.
Тілші: Мектептеріңіз туралы айтып берсеңіз: Ауылымыздың бұрынғы ескі мектебі 1972 жылы ашылды.Ал жаңа мектеп 2015-2016 оқу жылында пайдалануға берілді. Қазіргі күнде онда 25тен астам ұстаз қызмет жасап, 155бала білім алуда.
Тілші : Мектеп тарихында мектепті үздік бітіргендер жайлы айтып өтсеңіз.
С Арқашқызы: «Алтын белгі» иегерлері екеу. 1984-жылы Римма Бобко, 2005- жылы Қасенова Мадина. «Қызыл» аттестатқа бітіргендер де көп, есімде бәрі жоқ,бірақ жыл бітірген үш қызымызды айтпай кетуге болмайды. Олар: Русланова Айжан,Сапарова Марал, Және Карипова Айдана.
Тілші: Мектеп тарихында басшылық директорлық қызмет атқарғандарды айтып өтсеңіз.
С.Арқашқызы:Ия,мектебімізде сонау Кеңес одағы кезінен директорлық қызмет атқарып еңбек жолдары өткен директорларды атап өтсем:Соммер В.П., Розенко В.Ф,Турлыханова Н.С, Абдреев Т.И, Аханова М.С, Жингильбаев М.Ж, және қазір осы мектепте басшылықта жүрген Серикболова Д.О.
Ауылымыздан шығып еліміздің
түпкір – түпкірінде әртүрлі салада, тіпті
ғылымның қия жолында журген азаматтарымыз да аз
емес.
Бұлардың барлығы ұлағатты ұстаздардан білім алып
,құнарлы топырақтан өсіп-өнгендер.Олай демеуге
хақымыз жоқ, өйткені олар өз ұстаздарының арман
тілектерінен шыққандар
Қорытынды Хабар.
«9 KZ»каналы жүргізушілері және ауыл тұрғындары. 9- Сынып оқушылары.
Қайырлы күн құрметті көрермендер. Сіздермен бірге 9KZ арнасы.және оның жүргізушісі мен Рамазанова Анель.
Бүгінгі хабарымыз «Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым» деген тақырыпта Барқытбел ауылына арналмақ.
Хабарымызды бастамас бұрын алдымен аңдатпа.
Бейнебаян көрсетіледі,.Ауылдың көрікті жерлерінен сюжет.
сөзді Тілші жалғастырады.Біздің тілщілеріміз Барқытбел ауылында қонақта.Ауыл тұрғындарымен сұхбаттасуда.олай болса экранға назар аударыңыздар.
1.Әкімшілік аймағының ғимаратымен таныстырып өтеді.
2.ˮДенсаулық– зор байлық ˮдемекші–Барқытбел ауылында бір аурухана халыққа қызмет етеді.Жаңа аурухана 2013 жылы бой көтерген,онда 15 ем–шара бөлмелері бар.
1. ˮБілім кілті–мектепте ˮ Барқытбел ауылында арнау білім ошағы жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде.Жаңа мектеп 2015-2016 жылы бой көтерді.Онда қазіргі күні 155 бала білім алуда,29 ұстаз қызмет етуде.Бүгінде мәдениет,білім,денсаулық саласында осы мектептен түлеп ұщқан белгілі адамдар қызмет етуде.
Бүгінгі ауыл келбеті осындай;
Тілші:Мұратжан Роман.
Ауыл тұрғындарына бір––екі сауал қойсақ. Экранға назар аударамыз.
Көшеде кетіп бара жатқан адамдарға тілші сұрақ қояды.
1-адам.Біз телеарнаданбыз.Сізге мынандай сауалымыз бар еді:
–Сіз осы ауылда туып өстңіз бе?
–Ия._ _ _ _ _ _ _ _ _ _
–Ауыл кәсіпкерлері туралы білесіз бе?
–Ия,білемін. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2-адам.
–Ауылымыздың қазіргі жағдайы мен бұрынғы жағдайы қандай?
–Ия. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3-адам.
–ˮ Ауылымның келешегі,менің болашағымˮ,–демекші.Болашақ ауыл қандай болса екен деп армандайсыз?
–_ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2.Міне,Барқытбел ауылы бүгінгі күні осындай:
Сенімді жолмен бастасын,
Халқымның алып батасын.
Аттаған жаңа заманға
Ауылым менің,Жасасын!
Осымен хабарымызды аяқтаймыз.Сау саламатта болыңыздар.
Қорытынды: Мұғалімнің қорытынды сөзі. Болашақ ұрпақты,ауыл жастарын ауыл тарихымен таныстыруға үлес қосқан Телеарналарға арнаулы сертификаттар табыс ету.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сан қыранды самғатқан алтын ұя ауылым

шағым қалдыра аласыз