400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сан сұраққа саяхат физикадан сыныптан тыс сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан сұраққа саяхат физикадан сыныптан тыс сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Отырар ауданы

«Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ





«Сан сұраққа саяхат»

Интелектуалды сайыс

7 «А», «Ә», «Б» сынып





Дайындаған: Г.Әуелбек

П. Байменова

Н.Болекбаева









2024-2025 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Сан сұраққа саяхат»

Сабақтың мақсаты: а)Үш пәнді біріктіре отырып, оқушылардың тез ойлауын және осы кезге дейін өткен тақырыптарына байланысты ой шерту. Еске түсіру барысында сұраққа жауап алу. Пәнаралық байланысты нығайту.

ә) Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, ойларын ашық жеткізе алуға тәрбиелеу;

б) Оқушыларды физика-информатика-математика ғылымына бойлату, ой-өрісін, зейінін, сайысқа қатысу ынтасын арттыру;

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап,ой-қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта слайд,т.б.


Сабақтың барысы:

1-кезең: «Quizizz»

2-кезең: «Wordwall»

3-кезең: «Сиқырлы қорап»

4-кезең: «Транспортир»

5-кезең: «Адасқан әріптер»


Ұйымдастыру. Салемдесу. Үш топ өздерін таныстырады.

«Математика», «Информатика», «Физика»


І кезең «Quizizz»

Топтарға 12 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

https://quizizz.com/admin/quiz/670390557348cf2a43d50e85 (онлайн тест)

  1. Физикада зеттелетін табиғат құбылыстарының атауы (Физикалық құбылыстар)

  2. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым (Аристотель)

  3. Уақытты өлшейтін аспап (Секундомер)

  4. Төмендегі сөздердің қайсысы механикалық құбылысқа тиісті? (Тамшының тамуы)

  5. 1 мбайт неге тең? (1024 кбайт)

  6. Жүйелік блоктың «миы» не деп аталады? (процессор)

  7. Информатика дегеніміз қандай ғылым? (ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым)

  8. Қандайда да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды не деп атаймыз? (Кодтау)

  9. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4)

  10. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

  11. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)

  12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)


ІІ кезең: «Wordwall»

Әр топқа математика, физика және информатика пәндеріне қатысты 3 жұмбақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Физика

Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық

Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз).


Информатика

Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)

Ақпаратты теруге,

Әрбір адам дайын тұр.

Ол болмаса егерде,

Компьютердің керегі не? (пернетақта)

Ақпаратты сақтауға,

Арналған тек сол үшін.

Дөңгелекше оралып,

Ыңғайсыз қолға ұстауға. (диск)


Математика

Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)

Екі бұрыш ежелден,

Тату көрші болған екен.

Бірін-бірі толықтырып,

Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)

Қарама –қарсы қабырғалары,

Паралель боп қосылған.

Оқыңызшы аталуын,

Параллель, грамм сөзі қосылған. (параллелограм)


ІІІ кезең: «Сиқырлы қорап»

3 пән бойынша сұрақтар жасырылған ұяшықты таңдап, жауабын табу.



Математика

  1. Шаманың (санның) жүзден бір ( ) бөлігі? (1%)

  2. Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)

  3. Қабырғалары болатын тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (S=a*b)

  4. Видио сұрақ . Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар? (5 бала)


Информатика

  1. Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)

  2. Вирусты емдейтін программа (антивирус)

  3. Санды цифрлық және әріптік белгілермен көрсету тәсілі? (санау жүйесі)

  4. Видио сұрақ. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – (Мұрағаттау)


Физика

  1. Физика не туралы ғылым?  (табиғат)

  2. Уақыт бірлігі ішіндегі дененің орын ауыстырумен анықталатын және оның қозғалу шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама (жылдамдық)

  3. Өлшеуіш құралдың шкаласы деп нені айтады? (өлшенетін шаманы көрсететін сызықтар мен сандық белгілер жиынтығы )

  4. Видио сұрақ. Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)


IV-кезең. «Транспортир» ойыны


V-кезең: «Адасқан әріптер»

https://wordwall.net/ru/resource/79854557/%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d1%81%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bf%d1%82%d0%b5%d1%80

адасқан әріптерден сөз құрау, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

Динамометр, монитор, пернетақта, компьютер, жылдамдық, механика, квадрат, пайыз, калькулятор.

Қорытындылау.

Оқушыларды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
09.01.2025
123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі