жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шана ертегісі
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,
Манап ауылы № 160 орта мектебінің «Толағай» шағын орталығының тәрбиешісі Тұрлыбекова Айжамал
Білім беру саласы.Шығармашылық .
Бөлімі.Сурет.
Тақырыбы:Шана.
Мақсаты:Қысқы табиғат әсемдігін көре білугебаулу.Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін,құбылыстарын бейнелеуге үйрету.Шананың суретін салуғаүйрету,түр түсін,пішінін ажырата білу,өз әрекетін жоспарлай білу дағдысын дұрыс дамыту,қойылған мақсатқа жетуге,ұжымдық ,топтық жұмысты эстетикалық түрде жасауға үйрету.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы суреттер,шананың суреті.
Әдіс тәсілдері:Шаттық шеңбері,дидактикалық ойын,топпен жұмыс,сұрақ –жауап.
|
Іс -әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотива- циялық қозғау шы |
Шаттық шеңбері Армысың шапағатты Күн ана Армысың қайырымды Аспан ата Армысың мейірімді Жер ана Құт дарыт бар әлемді жарылқа! Қазір жылдың қай мезгілі? Жұмбақ жасыру Мініп алып ылғида Тыңнан жол табамын. Жоғарыдан ылдиға Жұлдыз болып ағамын. Өздерінің шанамен сырғанап ойнаған сәттерін естеріне түсіріп,қуанышты орта туғызу. |
Балалар шаттық шеңберіне жиналады. Армысың шапағатты Күн ана Армысың қайырымды Аспан ата Армысың мейірімді Жер ана Құт дарыт бар әлемді жарылқа! Қыс мезгілі. Жұмбақтың шешуі «шана» Өздерінің шанамен сырғанап ойнаған сәттерін естеріне қызыға түсіреді. |
|
Ұйым - дастыру, іздестіру |
Дидактикалық ойын.«Ойлан тап!» Балаларға жұмбақ жасырып ойнайтынын айтып, «Жеті жүрекшенің» әрбіреуін ашқан сайын,бір жұмбақ оқу. 1-ші жүрекшені ашу. Мүлгіп тұрған бақ тыныш, Ораныпты ақ күміс. 2- ші жүрекшені ашу. Суда қалқиды, Жылыда балқиды. 3- ші жүрекшені ашу. Жылтырайды сайда, Сынбайды айна. 4-ші жүрекшені ашу. Табанға қанжар байладым Бетінде айна ойнадым 5 –ші жүрекшені ашу. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. 6- шы жүрекшені ашу. Аспаннан ақ ұлпа борады, Қырқаны сейсепке орады. 7-ші жүрекшені ашу. Шөпті жапырып, құмды сапырып, Қоқысты үйіріп, өткен не шуйіріп? Жұмбақтың шешуін тапқан балаларды мадақтап, бұл жұмбақтар не жайында болғанын сұрау.Жарайсыңдар, балалар, бұл жұмбақтар қыс туралы екен. Менсендерге Қосжан Мусіреповтың «Қыс» деп аталатын өлеңін оқып берейін. Қыс Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалды артында қыр, алап, Іздерінен қар ұшып. |
Қар Мұз Мұз айдыны Коньки Аяз Қар Құйын Балалар жұмбақтың шешуін тауып, қуанып қалады. |
|
|
Қырау қашып жағаға, Аяз беттен өбеді. Бірі мініп шанаға, Бірі шаңғы тебеді. Балаларды бейнелі ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында сұрақтар қойып, жауап алу.
Осы қыс жайындар халқымыздың мақал – мәтелдері де бар.Кәне, бәріміз бірге қайталап айтып көрейік. «Қыс қамын – жаз ойла!» Қыс қай жыл мезгілінен кейін келеді? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қардың түсі, пішіні қандай? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Жылдың қай мезгілін ұнатасыңдар? Қыс айларын атаңдар? Қыста болатын қандай мерекелерді білесіңдер? Қыста қандай киімдерді киеміз? Қыс туралы, Жаңа жыл мерекесі жайлы қандай тақпақ білесіңдер? - Жарайсыңдар! Ал міне балалар мен сендерге бір әңгіме айтып берейін. Дидар мен Әлихан көрші тұрады, екеуі дос. Шанамен сырғанап ойнау үшін екеуі өзенде барады.Дидардың шанасы жаңа, ал Әлихандікі ескі болатын.Екі дос шанамен сырғанап жарысып келе жатқан кезде, Әлиханның шанасы ағашқа соғылып сынып қалады.Әлихан шанасының сынып қалғанына жылайды. Балалар, Әлиханды жұбату үшін, не істеуіміз керек? Әрине, көмектесуіміз керек! Сергіту сәті: Шіркін сурет сабағы, Ауылды еске салады. Мың құбылып боямын Туып өскен қаламды. Сары бояу сарғалдақ, Қызыл бояу қызғалдақ, Жасыл бояу жайлауым, Іздеп барам армандап. Үлгіні қарау: Жасалу жолдарын, бояуды, сурет салуды көрсету.Балалар өз шаналарыңның адемі болғанын қалар ма едіңдер? – деп қызықтыру. |
Қыс мезгілін Бір топ баланың шаңғы, шанамен ойнап жүргені айтылған. «Қыс қамын – жаз ойла!» «Күз» мезгілінен кейін келеді. «Қыста» күн суық болып, боран, аяз, жаңбыр жауып, қар жабады. Қардың түсі ақ, пішіні домалақ Қыста мұзға сырғанаймыз қар атыспақ, аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. 16 – желтоқсан, Жаңа жыл. Қыста жылы киімдер киеміз. Келді міне жаңа жыл, Қуанайық қарсы алып. Асыр салып ойнайық, Шырша айналып, ән салып. Балалар әңгімені қызыға тыңдайды. Әлиханның шанасының сынып қалғанына абыржиды. Балалар Әлиханға көмектескісі келеді. Көмектесуіміз керек. Шіркін сурет сабағы, Ауылды еске салады. Мың құбылып боямын Туып өскен қаламды. Сары бояу сарғалдақ, Қызыл бояу қызғалдақ, Жасыл бояу жайлауым, Іздеп барам армандап. Балалар улгідегі шананың суретіне қарап, әрбір тақтайшаның бөлігінің түр-тусін қызыл, сары, көк, жасыл екенін айтып сурет салуға кіріседі. Балаларжұмыс жасауға қызығушылық танытады. |
|
Рефлекс |
Балаларды екі топқа бөліп жарыс ұйымдастыру. Сызу, сурет салу, бояу арқылы қалай жұмыс жасайтынын балалардың өз жұмысына деген жауапкершілігін және бір – біріне кеңес беріп,көмектесу,жақсы жасалған жұмыстарға өз ойларын айтып ,оны ұқыпты,әдемі ,бояуының қанық болғанынайтып, қыс мезгіліне деген сүйіспеншілігін анықтау.Жақсы жұмыс жасаған топты мақтап мадақтау.Сыйлықтар беру қорытындылау. |
Балалар өз жұмыстарын ортаға қойып әңгімелейді. Солған сүреттерне қарап бір – біріне мадақтау сөздер айтады. Аружан өзінің салған суретіне, бояуына қызыға қарап, ағасының шанасына ұқсайтынын айтады. Аймен кішкентай інісін шанаға мінгізіп ойнайтынынқуана әңгімелейді. Жақсы салынған шананың суретін Әлиханға береді. Балалар жұмысына ұқыпты белсенді қатыса отырып, сипаттама беруге үйренеді. |
Күтілетін нәтижелер:
Нені білді? «Қыс мезгілі» туралы. Жұмбақ, тақпақтарды, әңгімелеуді, мерекелер жайлы, түр түсін, пішінін, анықтай алады.
Не істей алады? Бір – біріне көмектесе алады. Суретті бояй алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген