400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
1 қыркүйек білім беру күніне арналған тәрбие сағаты.Бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№3ЖОББМК


Сынып сағатының тақырыбы:

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Күні:02.09.2019Ж.

Мұғалімі:

Сыныбы: 2«В»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Мақсаты: а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; .
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Оқытуда қолданатын іс-әрекет

Сұрақ-жауап,түсіндіру,жұптық жұмыс

Оқу нәтижелері:

Бірлесіп жұжыс істей алады


Оны өмірде қолдана алады.


Өз ойларын толық жеткізе алады.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдасыру

Психологиялық даярлық






Көңіл-күй анықтау

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған баламыз

Оқып білім аламыз

Дүниені аралап

Біз білімді боламыз

Алғашқы оқу жылының басталуына бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

  • Сендер сабақ басталды дегенде қандай көңіл-күйде болдыңдар?Алда тұрған қай аралды таңдар едіңдер?

Қуану,ренжу,ызалану,таңырқау,ойлану

Өзінің таңдаған аралы туралы түсінік береді.


Оқушылар шаттық шеңберін

құрады


Негізгі бөлім


Миға шабуыл

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп гүлденуі үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Ал еңбектену дегеніміз жақсы оқып, білімді, тәртіпті болу.

Жарқын болашақ дегенді қалай түсінесіңдер, балалар? (Оқушылардың жауабын тыңдау.) Ендеше, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» деп аталады.

2.Кезең «Суреттер сөйлейді»

Сіздерге суреттер ұсынылып тұр.

Ол жайлы не білетінін айтып береді.

3.Келесі кезең :

Қазақстан сөзіне ассосиация құру

Біз қандай елде өмір сүреміз, балалар? Біздің еліміз қандай? Сипаттап көрейікші.

Қ – қадірлі

А – ардақты

З – зайырлы

А – асқақ

Қ – қасиетті

С – сұлу

Т – тату

А – арманға жетелейтін

Н – нағыз паториот ЕЛ!

5.Кезең.

Зияткерлік тапсырма «Ойлан. Тап»стратегиясы Отан, Туған жер туралы мақалдарды толықтыру керек.

1. Отан — … да ыстық. (оттан)

2. Туған жерге … тік. (туың)

3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт)

4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні)

5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік).

6. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау)

7. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде. (Ағаш)

8. Туған жердің … да тәтті. (жуасы) т.б.




Әр оқушыға ресурстар таратылады

















 

Қорытынды

Балалар, біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабақ соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалады.


Жалаушаларын қолдарына алып, патриоттық ән айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі