400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың саналы, білімді болуына ат салысу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында

2019 жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесіндегі


Адалдық сағатының тақырыбы: «Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы және қасиетті жерлері туралы, ауылымыздың табысты адамдарымен кездесу.)



Сабақтың мақсаты:


Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру



Сабақтың көрнекілігі: суреттер , бүктемелер, интеравтивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.


  1. жүргізуші: Мұғалім


Армысыздар! Құрметті білімге құштар, тілді сүйетін, аяулы ұстаздар мен білімгерлер!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

  1. жүргізуші: Мұғалім.

1 қыркүйек - дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.


Білесіңдер ме? Балалар жаңа оқу жылы атаулы оқиғаларға толы болады:

- 2019 жылдың 9 маусымында тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жалғастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды.

- 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ТМД-да – Кітап жылы деп жарияланды.

- 2020 жыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Келер жылы біздің елде Еріктілер жылы, ТМД-да – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді.



  1. жүргізуші: Асанова Ақбота

Сәлеметсіздерма? Құрметті ұстаздар мен оқушылар.

Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Рухани- Жаңғыру бағдарламасының жалғасы іспеттес болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына шолу.


Бағдарлама екі бөлімнен құралған.


Бірінші бөлімде: ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ.

Екінші бөлімде: ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ.



  1. жүргізуші: Мұғалім.

«Ұлы даланың жеті қырына» мыналар жатады.

Атқа міну мәдениетті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан - Алма мен қызғалдақтың Отаны, Түркі әлемнің бесігі, Алтын адам.


Атқа міну, жылқыны қолға үйрету сынды дәстүрлер ең алғаш қазақ халқында пайда болған. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі- батырлар заманының ең танымал эмблемасы. Осы қазақ жерінде өмір сүрген түркі тілдес тайпалары ойлап тапқан қылыш, айбалта,  найза  –  технологиялық жаналық болып табылады. Еліміз сан алуан металл кендеріне бай.  Ата –бабаларымыз берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Алтын мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі- «Аң стилі» өнері. Егемен Қазақстанның символдарының бірі –  жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам»  халқымыздың алтын өндеу техникасын жақсы менгергенін көрсететін бірден-бір дәлел. Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Онтүстігін байланыстырушы желісі – «Ұлы Жібек жолы».









  1. жүргізуші: Асанова Ақбота

«Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы және қасиетті жерлері туралы мәлімет және ауылымыздың табысты адамдарымен кездесу.)


Біздің облысымыздың өзінде көптеген қасиетті жерлер бар. Сол қасиетті жерлерге тоқталсақ.


Аяжан.

Оңтүстік Қазақстан облысында киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен, Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал, Сайрам ауылындағы ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші Қарашаш ана кесенесі Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Сондай-ақ, осы ауданда Ибраһим ата кесенесі бар. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. Өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Өңірде сонымен қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі орындар да бар. Бүгінде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына күнгейден 100 орынның тізімі ұсынылып отыр. Солардың арасында көпшілік біле бермейтін жерлерді таныстыруды жөн көрдік. «Ақ мешіт әулие» үңгіріне кезінде 10 мың әскер еркін сыйған деседі  


Т.Ақбота:

«Ақ мешіт әулие» үңгірі - Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз бойынша бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғапты. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке адам кіре алмай қалған. ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Қасиетті жерге жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырады. Келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті. Бүгінде киелі саналатын орынды көргісі келетіндердің қатары артқан. Себебі, үңгірдің өзіндік тылсым сыры көп. Үңгірдің іші қоңыр салқын, салқын леп ұрып тұрады. Оның кереметі сол, ішінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер, құстар бар. Үңгірдің ортасында биіктігі 10-15 м, көптеген жылдан бері жиылған қазақта «киелі құс» деп аталатын үкі саңғырығының үйіндісі жатыр.


Асем:

Үкаша ата туралы аңыз көп   Оңтүстікке келген туристер жиі келетін киелі мекеннің бірі - Үкаша ата кесенесі. Халық арасында айтылатын аңызда «Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, Ислам дінін таратушы болған. Жергілікті тұрғындар «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген». Осы әңгіме ел арасында кеңінен тараған.   Бәлкім бұл ғажайып ертегідей естілер. Десе де мұны білікті қазақ ғалымдары өз еңбектерінде айтып өткен. Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректер қалдырған. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп беріледі. Бізге аңыз болып жеткен Үкаша сахаба жайында Ш. Уәлихановтың кітабында да (онда Оксе деген есіммен көрсетілген) айтылған. Бұдан ұққанымыз, Үкаша атаның ешқандай да аңыз ертегі емес тарихи тұлға, өмірде болғандығын анық көрсетеді.    Тағы бір деректі қоса кетейік. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің мәліметінше, Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады дейді.  Тағы бір аңызда Үкаша атаны жау жеңе алмаған. Ол тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жерасты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның жасаған күнәларының кесірі, дейді.     Жалпы кесене Түркістан қаласынан 60 шақырымдай аумақта, «Серт» деп аталатын елді мекеннен 12 шақырым жерде орналасқан. Кесененің жанында құдық бар. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқыған соң, тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Кесененің шырақшысы Шамшиддин Закировтың сөзінше, еңселі етіп кесене бой көтерсе, ол жерден құдыққа дейін аспалы көпір салынса, келушілер қатары бұдан да көбейер еді. Туристер саны артса, елдің, жердің тарихын жан-жақты насихаттар едік деп отыр.


Бағлан:

Сауран - жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала болған      Сауран - ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Орта ғасырда Сауран қазақ елінің әлеуметтік-саяси, шаруашылық-этникалық және мәдени дамуының орталығы болған.           Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашық туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді - жердің астынан салынған каналды ерекше атаған.         Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 - 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 - 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді. Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай өтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған, терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  


1 - жүргізуші: Мұғалім.


Отаншылдық табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көшеге, үйге, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау болып табылады. Мұның бәрін бала кезінен бастап бойға дарыту керек.


2-жүргізіші: Асанова Ақбота


Патриотизм жанға терең түсетін өте қымбат сезім. Патриотизмді әрбір адам сөзбен емес, іспен көрсетуі керек. Міне мұның дәлелі ретінде ауылымыздың қажы ағасы Смаилов Зұпар ағаймен сұхбат.



1 -жүргізуші: Мұғалім.


Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» аясындағы


2-жүргізуші: Асанова Ақбота.


«Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы және қасиетті жерлері туралы мәлімет және ауылымыздың табысты адамдарымен кездесу) атты адалдық сабағымыз осымен аяқталды.



Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі