400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры: Ж.К. Абдикалыкова



№28 жалпы білім беретін орта мектебі

8 «Б» сынып мұғалімі

Сыдыққызы Нұргүлдің

«САНАЛЫ ҰРПАҚ― ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

білім күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ өткізу жоспары

Shape1











2019-2020 оқу жылы









Күні

02.09.2019ж

Тақырыбы

Саналы ұрпақ―жарқын болашақ

Мақсаты

Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру

Күтілетін нәтижелер

• оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді

• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады

• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі

Көрнекі құрал-жабдықтар

Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)


-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті


-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді


-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс


Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


Топқа бөлу (5 мин)


Әрбір топқа қима қағаздар тарату арқылы 4-5 топқа бөлу


Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады


Сабақ барысында көңіл-күйді анықтау (3 мин)



Оқушылар бір парақ ақ қағаз алып, екіге бөліп бірінші жартысына көңіл – күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес)



Конституция кітабы

Оқу құралдары

Патриотизм (Отан)

Табиғат

Жастар жылы

Кітап

Абай атамызға ―175 жыл


Әр топ өз тақырыбын ашу керек. Сұрақтарға жауап береді.

  • Не үшін Конституция қажет?

  • Не үшін оқу керек?

  • Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?

  • Не үшін табиғатты қорғау қажет?

  • Жастар жылы не үшін жарияланды?

  • 175 жылдық мерейтойды қалай атап өту керек?



Ми шабуылы (10 мин)


Видеороликтер көрсету

«Арманға мақсатқа жету»

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан бейне жазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер

Сұрақ:

  • Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндейсіздер?

  • Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтық оқытуда бірлесіп ойлауға ықпал ету;

  • Бірлесіп жұмыс жасау үдерсін дамыту;

  • Не үшін алдымызға мақсат қойып, оған жетуге талпыну керек?


Оқушылар өз ойларын түйіндейді


Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады


Энерджайзер (3 мин)


30 сек ішінде қанша рет қолыңды көтеріп түсіре аласың? Параққа болжамыңды жаз. Енді тексерейік. 30 сек соң кім қанша рет жасай алды, болжаммен сәйкес келді ме?


Оқушылар әрекетке кіріседі және өздерінің болжамдарын ақ параққа жазады, қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл (20 мин)


«Қаздар сабағы» немесе «Арманға мақсатқа жету» бейнеролигін көру

  1. Бейнеролик ұнады ма?

  2. Не туралы деп ойлайсыздар?


Оқушылар роликті тамашалайды, өз ойларымен бөліседі



Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?


Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер


Постер жасап, әр топ өз жұмысын қорғап шығады

5 мин

Бағалау-формативті

Топтар бірін-бірі бағалайды

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)


Оқушылар сабақтың бірінші жартысына көңіл күйін бейнелейтін суретті салған суретті аяқтайды. (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының көңіл- күйін білдіреді

Рефлекция (5мин)

Қорытындылау

―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!!

Смайликтер

Кері байланыс.

  1. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  2. Сабақ сен үшін қызық өтті ме?

  3. Жаңа тақырып бойынша өзіңе керекті мәліметті тапдың ба?

  4. Бүгінгі алғашқы сабақтан үйренгенлеріңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі