400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі







Тәрбие сағаты:

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»






Сынып: 8«К»

Сынып жетекші: Тургунова Жадыра Жандарбеккызы







Шымкент қаласы

2019-2020 оқу жылы


Тақырыбы:«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар.

Кіріспе сөзі:

Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбиешілер апталығының ашылу салтанатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.

«Елордада қолға алынған «Адалдық алаңы» жобасының аймақтардағы балама нұсқасы күні бүгінде кеңінен таралуда.

Жобаның қызмет аясы күн санап артып келеді. Жобаның басты мақсаты - елімізде тұрмыстық жемқорлықты жою.

Басты жетістік - халықты адалдыққа, әділдікке және азаматтық позициясын айқындауға мол септігін тигізуде», - деді ол. Жоба - «Адалдық дүкендері» деп аталатын жұмысты қолға алды. Атап өту қажет бұл тәжірибе шетелдерде бұрыннан қолданылады.

Жолаушыларға жол ақысын төлеуге кедергісіз жүйе жасақталды. Яғни олар жолақсын банктік карта арқылы төлеп, метроға өте алады. Соңғы мониторингтің қорытындысы бойынша, метромен тегін жүретін жолаушылар саны азайған. Бұл жүйе - азаматтардың бойына игі қасиеттерді тәрбиелеуге негіз болуда.

«Адалдық алаңы» жобасы - азаматтық және мемлекеттік сектордың өзара ықпалдасуына мүмкіндік беретін алаң. Біз - азаматтардың бастамалары мен мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін тоғыстыратын алтын көпірміз. Адалдық алаңы белсенді азаматтарды қашан да өз қатарына қосуға асығады.

  1. Бөлім.21-ші ғасырдағы ұлттық сана туралы.

  2. Бөлім. Таяу жылдардағы міндеттер

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.


Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

  1. «Бәрін өзімізден бастайық» постері латын әліпиін пайдалана отырып оқушылар өз аты – жөндерін жазу.

  2. «Қазақтың танымал тұлғалары» Елге белгілі танымал тұлғалардың суреттерінің астына оқушылар аты- жөндерін жазу керек.

  3. «Жол қауіпсізді» туралы не білеміз?

  4. «Адалдық дүкені» туралы не білеміз?

  5. «Өзінен баста: Туған жеріңе не бересің?» ойыны


Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз)

4.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

5.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

6.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

8.Конституция күні? – (30 тамыз)

Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.























Сұрақтары.Әр бала бір сұраққа тез жауап береді.

№

Сұрақтар

Жауаптары:

1.

Білім күні қай күн?

1 - қыркүйек

2

Бес қаруды ата

Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

3

Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991ж. 16 желтоқсан

4

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

5

Үш қуатты ата.

Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат

6

ҚР - ның рәміздерін ата.

Әнұран, Елтаңба, Ту

7

Төрт кітапты атап бер.

Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы

8

Желтоқсан құрбандары кімдер?

Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол

9

ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?

1995ж. З0 тамыз

10

Бес жаратылысты ата

Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

11

Астананың туған күні?

6 – шілде

12

Үш көзді ата

Ссу анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.Сөз анасы - құлақ

13

Күн көзі жылына неше рет шығады?

365 - 366

14

Денені өлшейтін құрал

градусник

15

Адамдардың қатынас құралы

тіл

16

Қан соратын жәндік

маса

17

Өсімдіктің мүшелері

жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы

18

Ұзындық өлшем бірлігі

км,м, дм, см, мм

19

Біздің туда не бейнеленген

Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт, күн

20

Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері

Тоқтар Әубәкіров

21

Абылайханның шын аты

Әбілмансұр

22

Қазақтың атақты суретшісі

Ә.Қастеев

23

Әнұран қандай жағдайда орындалады ?

салтанатты жиындарда



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі