400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Сабақтың тақырыбы: Саналы ұрпақ-жарқын болашақ
Сабақтың мақсаты: Өскелең ұрпаққа болшаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал
қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, оқушыларды баулуға түрлі
Сабақтың өту барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Тыңдаушының іс - әрекеті Психологиялық жағымды
ахуал қалыптастыру
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.
І. Мұғалімі сөзі:
«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз
ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін
тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз
тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы
ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын
міндеттеуіміз қажет.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын
өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда.
Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың
болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.
Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының ө зі жай емес. Ұлттың барша
мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден
кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны
туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.
Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу,
жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын
сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану
заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің
тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты
дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап
өтті.
Иә, ұлтты қалыптастыратын негіз оның-ұлттық мектебі. Сондықтан ұлт мектебінің тағдыры-ел
тағдыры. Ұлт болашағын ойлаған азаматтарымыздың саналы ойы бекер емес.
Қазіргі жастар, ұлт болашағы жарқын болсын десек, саналы ұрпақ болайық! Адам білім арқылы
дүние кілтін ашады. «Ақыл жастан, асыл тастан»-деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан
үміт күткендіктен айтқан.

Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз,
ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі
қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей
байланысты. Міне, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы ойтүйінді жалпы ел
жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру
арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!


Page 2































Page 3





























Page 4




























Page 5




























Page 6




























Page 7


























Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.06.2020
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі