Санамақтар / Бес саусақ. Әдебиеттік оқу 2-сынып

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Санамақтар / Бес саусақ. Әдебиеттік оқу 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқудан Бес саусақ өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні:

Сейткалиева С.Н

Күні:

29.11

Сыныбы: 2 «е» сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санамақтар / Бес саусақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттерді пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: санамақты жатқа айтады. Санамақты жалғастырып айтады. Санамақтағы негізгі ойды анықтайды.

Дамытушылық: тақырыпты өз өмірімен байланыстыра алады.

Тәрбиелік: оқушылар санамақта айтылған жақсы қасиеттерге ұмтылу керектігін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Психологиялық ахуал орнату.

«Үш қадам» әдісі

1.Көңіл – күйіміз қандай? (қол бұлғау)

2.Сабаққа дайындықтарың қалай? (шапалақтау)

3.Сабаққа ынталарың қандай? (басбармақ көрсету)

(Ұ)

Оқушылар сабаққа назар аударады.


Оқушылар сұраққа жауап береді

Тамаша!Керемет!

Ғажап!




Оқулық

Өткенді пысықтау

Жұмыс іздеген құмырсқа.

Құмырсқа туралы қызықты мәлімет сұрау

«Дұрыс, бұрыс» ойыны

-Құмырсқа інде тұрады.

Құмырсқа илеуде тұрады.

-Өрмекші өрмекті тоқымайды, тігеді. ----Өрмекші өрмекті тоқиды.

Құмырсқаның 8 аяғы бар.

Құмырсқаның 6 аяғы бар

Құмырсқаның денесі 3 бөліктен тұрады.

1-топ

Құмырсқа туралы топтастыру

2-топ

Мәтінді ролге бөліп сахналау

3-топ

Мәтіндегі негізгі ойды жазу


Оқушылар құмырсқа туралы мәліметтер айтады











Топқа бөлініп жұмыс жасайды


Мадақтау, мақтау


Жаңа тақырып

Ой қозғау

Жұмбақ шешу

Қатар өскен дос құсап,

Екi жақта қос бұтақ. Әрқайсысында

Бiрi қысқа

Бiрi ұзын

Бес бұтақ

-Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші? -Ту-у-у, қолдарың қандай тап - таза, саусақтарың неткен әдемі. Балалар осы саусақтарыңның аттарын білесіңдер ме?




Жұмбақ шешеді








Аттарын айтады






2. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, «Бес саусақ» санамағын оқу

Тиісті сөздерді дұрыс анықтауға баулып, санамақтың ерекшелігіне назар аудартады.


(Т) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісі Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.

Басбармақ – бұл білім, Ардақты ана тілім.

Балаң үйрек – мектеп, Жетілерсің көктеп.

Ортан терек – мұнара, Көтерілем күнара.

Шылдыр шүмек – туған жер, Ойын-сауық құрған жер.

Кішкене бөбек – балапан, Кең жазылған алақан.

Дескриптор:

тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.

Оқулық


Ал, балалар бес саусақ неге бірдей емес ? Осы туралы ойланғандарың бар ма?

Бес саусақ туралы мынадай бір мысал бар:бір күні бас бармақ айтыпты:" Ұрлық қылайық"- деп,сұқ саусақ айтыпты:" Қылсақ қылайық"- деп,ортанғы саусақ айтыпты:" Құдайды қайтеміз"- деп,сол кезде аты жоқ саусақ айтыпты:" Құдай не қылар дейсін"- деп,сонда шынашақ айтыпты:" Ұрлық қылсақ қылайық,қан-жынына тояйық"-депті.Міне осыдан кейін,бас бармақ пен шынашақ жаман ойлары үшін қысқа болыпты,оған сұқ саусақта көнген.Ал ортанғы саусақ құдайды есіне алғаны үшін ең ұзын болыпты,құдай не қылар дейсің-деп құдайды мойындамағаны үшін келесі саусаққа ат берілмепті,сондықтан аты жоқ саусақ болып жүр.

Автор туралы мәлімет

Тұрсын Елеусізұлы — 1935 жылы 3 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.
Жаркенттегі балалар үйі мен интернатта тәрбиеленген. 1957 жылы педагогикалық училищені тамамдал, еңбек жолын үстаздықтан бастаған.1966 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген соң, Талдықорған қаласындағы «Жетісу шүғыласы», облыстық «Октябрь туы» газеттерінде қызмет атқарған. Облыстық халық ағарту бөлімінде балалар үйлері мен мектеп-интернат секторын басқарады. 1971 — 1987 жылдары республикалық «Спорт» газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Қазақ радиосында қызмет істейді.


Санамақты оқу





Мысалды тыңдайды


Өз ойларын айтады



































(Т) «Түсініп оқу» әдісі


Оқушылар санамақты тізбек ретін үзбей, түсініп оқиды.

Бұл тыңдалым дағдыларын қалыптастырады.













































Дескрипторы: санамақты тізбектеп, түсініп оқиды.

Оқулық


Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға үлгі бойынша санамақты құрауға ықпал етеді.

Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді.

Мұғалім өз үлгісін ұсынып, оқушыға көмек көрсеткені дұрыс.

(Ө)

тапсырмада өлеңнің 6 санына байланысты жолдарын үлгідегідей өзгертіп жазады. Үлгі:

Бір дегенім – білім, Білім – жарық Күнім.

тапсырмада достарының атымен ұйқастырып, 1-ден 5-ке дейін немесе

6-дан 10-ға дейін санамақ құрап жазады.

Бір дегенім – Біржан...

Дескрипторы:

өз ойынан санамақ құрайды.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

(Т) «Қорытындыла» айдары Оқушылар ақын санамақ өлең арқылы балаларға не айтқысы келгендігін анықтайды. Мысалы: Әр бала білімді, еңбекқор, талапты, арманшыл, жігерлі, сенімді, талғампаз болып, Отанына адал қызмет етуі керек.

Дескрипторы: санамақтағы негізгі ойды анықтайды.

Оқулық


Оқушыларды өлеңнің мағынасын түсініп оқу дағдысына баулиды.

Ақынның санамақ өлеңдер арқылы балаларға айтқысы келген негізгі ойын санамақ деректерін пайдалана отырып түсіндіреді.

Дескрипторы:

ақынның айтқысы келген ойын деректермен түсіндіреді.


Үй тапсырмасы


Өзіне ұнаған санамақты жаттап алу.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2023
2315
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі