Санамақтар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Санамақтар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
математика сабағына қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы







Санамақтар

жинағы




Санамақ

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки,ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау- ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.


***

Бота, түйе,

Құлын, бие,

Торай, шошқа,

Қозы, қошқар,

Қодық, құлан,

Кожек, қоян;

Бақа, шаян,

Торғай, шымшық ...

Сен, қал!

Сен, шық!



Саусақ санау ойыны


Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

***

Сен тұр – қойына бар!

Сен тұр – қозына бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр - сиырыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап,

Үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар ...

Мына жерде қатық бар ...

Мына жерде қытық бар ...

Қытық , қытық !




Нешеуміз

Бір үйде нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.


Бас бармағым – әкем,

Балалы үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкене бөбек – сен.


Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


***

Жеті ұл

Сәл демалып, тынып ал.

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Жұма деген – Бесінші ұл,

Алтыншы ұл - Сенбі,

Жетіншісі – Жексенбі.


***


Санамақ

- Адамда қанша бауыр бар?

  • Біреу.

  • Қанша өкпе бар?

  • Екеу.

  • Бір тоқсанда неше ай бар?

  • Үшеу.

  • Есеп шығаратын амал қанша?

  • Төртеу.

  • Күнде оқылатын намаз қанша?

  • Бесеу.

  • Әлемде қанша құрлық бар?

  • Алтау.

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Жетеу.

  • Малда қанша жілік бар?

  • Сегіз.

  • Домбыраның пернесі қанша?

  • Тоғыз.

  • Цифрлар қанша болды?

  • Он.

Міне өстіп жаңалап

Айтып шықтық санамақ.

***





Он саусақ

Айтар болсам саралап

Коп қой түрлі санамақ

Бір дегенім – бір саусақ

Екі дегенім – екі саусақ

Үш дегенім – үш саусақ

Төрт дегенім – төрт саусақ

Бес дегенім – бес саусақ

Алты дегенім – алты саусақ

Жеті дегенім – жеті саусақ

Сегіз дегенім – сегіз саусақ

Тоғыз дегенім – тоғыз саусақ

Он дегенім- он саусақ

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін қосып санап ем

Барлығы болды он саусақ

Барлығыда әп ай ай,

Бейне бір он бауырсақ.


***

Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті:

1.Дүйсенбіде гүлдер ектім.

2.Сейсенбіде алма тердім.

3.Сәрсенбіде су әкелдім.

4.Бейсенбіде бақша баптап,

5.Жұма күні тақпақ жаттап,

6.Сенбіде мен саған бардым.

7.Жексенбіде бір демалдым.

***

Бас бармағым – атам,

Балалы үйрек – әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Міне, менің барлық отбасым.

***

Басталады саусағым бас бармақтан, бірінші,

Балан үйрек болады,санағанда екінші,

Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші,

Шылдыр шүмек келеді «кезегім» деп төртінші.

Кішкентай бөбек таласпай,болған екен бесінші.


***

Қасқыр қақты қақпаны.

-Ашыңдар, тез!-айтқаны.

Сол-ақ екен лақтар-

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді.

Бірі – төсек астына,

Бірі – пештің қасына,

Бірі – сәкі астына,

Бір – астына керует,

Бірі – тапқыр керемет,

Отыр бөшке түбінде,

Қанша лақ бар бұл үйде?


***


Бір – дегенім бірлік,

Бірге ойнап күлдік,

Бір үйдегі көп бала,

Бір көлікке міндік.


Екі – дегенім елім,

Ата-мекен жерім.

Ол – өзен, көл, кең дала,

Ол – тауларым менің


Үш – дегенім үй,

Үйсіз оңбас күй.

Үй- туған ел бөлшегі,

Соны еске түй.


Төрт атақты төрт түлік,

Төрт түлікте тоқшылық.

Жылқы, сиыр, қой, ешкі

Өсір бәрін көп қылып


Бес – қолында бес саусақ

Іске даяр тұр самсап.

Тас қамалды бұзамыз,

Жүдырықтай бір болсақ.


Алты – асау арғымақ,

Мінсең шабар арқырап.

Қиялдайды сондайды,

Бәйге сүйгіш әркім – ақ.



Жеті – туған жеріміз,

Біз – туған жер төліміз.

Жиі барсақ ауылға,

Тола түсер кеміміз


Сегіз – дегенің салтанат,

Ел жиналар анталап.

Тәуелсіздік тойы бар,

Сайыс құрар бар талант.


Тоғыз – торғын тоғайың,

Бауыр, туыс, ағайын.

Ұстаздарын достарың,

Шаттық толы маңайын.


Он – Отаның ардақты,

Ол – қорғаның салмақты.

Сені ақылды болар деп,

Бар тілегін арнапты.


***

Бір дегенім – баспақ

Бұзауды жүр бастап.

Екі дегенім ешкі

Ешкі қойдан есті


Үш дгенім – үйрек

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім – тайлақ

Тайлақты қой байлап.


Бес дегенім – бие

Құлынына ие

Алтын дегенім –атан

Мініп жүрген атам.

Сиыр тұзға үйір.


Жеті дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

Сегіз дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір.


Тоғыз дегенім – тоқты

Тоқты жемді соқты.

Он дегенім осы

Төрт түліктің досы.


***

Бір дегенім бүркіт,

Қалады аңдар үркіп.

Екі дегенім есек,

Білмейдіол есеп.


Үш дегенің үкі,

Ұстап жейді түлкі.

Төрт дегенім тиын,

Сан білмесең қиын.


Бес дегенім бұлбұл,

Сайрағанда дүл-дүл.

Алты дегенім арғымақ,

Дөңдеу жерден қарғымақ.

Жеті дегенім жайын,

Жайынның жейміз майын.

Сегіз дегенім серке,

Енесіне ерке.


Тоғыз дегенім түлкі,

Жүрген жері күлкі,

Он дегенім оймақ,

Осы сөзді қоймақ.


***


Бір дегенім билік, барлық іске килік

Екі дегенім – ерік, қойма еркінді беріп.

Үш дегенім – үміт ,шақырады күліп,

Төрт дегенім – талап, босқа жатпа қарап.

Бес дегенім – бірлік, бірліксіз жоқ тірлік.

Алты дегенім – арман, шығатұғын алдан.

Жеті дегенім – жігер, жеңгеніңді тілер.

Сегіз дегенім – сенім , сенген табар елін.

Тоғыз дегенім – талғам, оқуменен алған.

Он дегенім – өзім , бәрін білер кезім.

***

Тауық, жөнін тауып,

Он жұмыртқа басты,

Өздерінше мықты

Төрт балапан шықты

Қанша қалғанын

Есептей алмай отырмын.

Он екі үйрек көріп ем,

Үшеуі ұшып кетті

Төртеуі суға түсіп кетті

Айтпауға сөз қалмады.

Қаншасы орнынан қозғалмады?


***

Үш алманы бақтағы

Кірпі алып жинады

Ең әдемі біреуін

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын.


***

Бір ме бір -

Тәртіпті жүр

Екі ме екі –

Беске оқуға бекі.

Үш пе үш –

Денеңе жина күш.

Төрт пе төрт –

Озат болуга берші серт.

Бес пе бес –

Әдепті болып өс

Алты ма алты -

Тазалық жақсының салты

Жеті ме жеті –

Балаларының нұрлы болсын беті

Сегіз бе сегіз –

Білімің болсын ұшан – теңіз

Тоғыз ба тоғыз –

Азамат бол нағыз.

Он ба он –

Ата – анаңды сыйлағаның жөн

Айткан ақылға көн!

***

Башпайлар мен бақайды,

Былай- былай атайды:

Басқы бақай,

Опай – опай,

Атсыз апай,

Ерке тотай,

Құрттай шоқай,

Балаларда қарайды.

Башпайларын санайды:

Басқы бақай,

Опай – сопай,

Атсыз апай,

Ерке – тотай,

Құрттай шоқай.


***

Бір дегенім – берік.

Екі дегенім – ерік.

Үш дегенім – ұшақ,

Төрт дегенім – тұсақ.

Бес дегенім – бауыр,

Алты дегенім – ауыл.

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке.

Тоғыз дегенім – тоқпақ,

Он дегенім оспақ.

Он саусақ

Тармақ – тармақ,

Он саусақ.

Исең дәл бір

Он қармақ.

Ең бірінші – бас бармақ,

Өлең содан басталмақ

Шылдыр шүмек, шынашақ,

Бұған дөкей санасақ ...

Балаң үйрек жүрегім,

Құс қанатпен ұшпай ма?

Бірікпесең күш кайда?

Он саусағым – екі қол,

Екі білек – екі жол.

Он саусағым – ағайын,

Жұмыс іздеп табайын ....

***

Мынау да бір санамақ

Өздерін көр саралап

Төбеден төрт бөктері

Аңдыпты қос кептерді

Шыңқылдаса көп қарға

Секем ап,бір дауыстан

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты

Тым тырақай қашыпты

Үш үкі үркіп ұшыпты

Тасқа құлап түсіпті

Жарда жеті жапалық

Отырғанда қаталап

Топ – топ тығыз тоқылдақ

Қарғып кеткен топырлап

Бүйтіп қызық іс болды

Барі қанша құс болды

(Жауабы: отыз бір құс)

***

Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үскі,

Төрт дегенім - төсек,

Бес дегенім - бесік,

Алты дегеним - асық,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – торқа,

Он дегенім – торқа,

Он дегенім –оймақ,

Он бір қара жұмбақ.

***

  • Біреу,

Екеу,

Үшеу,

Төртеу,

Бесеу,

Алтау

Жетеу,

Сегіз,

Тоғыз,

Он сөз

Солға шық тез.

***

  • Біреу дедік.

Екеу дедік.

Үшеу дедік.

Төртеу дедік

Сан ішінде кім ұтты?

Жетеу ұтты

Онды қайда тастадың?

Оңға қарай бас адым.

***

  • Бесеу дедік.

Алтау дедік.

Жетеу дедік.

Неше рет «ау» дедік,

Неше рет «еу» дедік?

  • Бір рет «ау» дедік,

Алты рет «еу» дедік.

***

Бір дегенім – бала,

Санды дұрыс сана.

Сенің қанша атаң бар?

Сенің қанша апаң бар?

Екі дегенім – ешкі,

Таудан келер кешке.

Лағы оның қанша?

Ізде келмей калса.

Үш дегенім – үйім,

Үйде жақсы күйің.

Бақшадан да қалма,

Тап – таза боп киін.

Төрт дегенім – түлік,

Жүргін мұны біліп.

Жылқы, сиыр, түйе, қой –

Төрт түлігін біліп қой.

Бес дегенім – бесік,

Келеді сәби өсіп.

Бабамыздан қалған,

Бақыт және несіп.

Алты дегенім – астық,

Қылма досқа қастық.

Үлкендерді сыйла,

Бол иіліп жастық.

Жеті дегенім – жеңіс,

Жемісіңді жегіз.

Спорт пенен Жеңіс,

Әрқашанда егіз.

Сегіз дегенім – сенім,

Қорғайтының – жерің.

Отаныңды сүйсен,

Мақтан етер елің.

Тоғыз дегенім – таңдау,

Ата жолын жалғау,

Ақылды боп өсіп,

Биіктерге самғау.

Он дегенім – Отан.

Есейгенде ертең,

Сыйлап жүрер ортаң.




Санамақ

Бір

Бір дегенім – Білім,

Төрт пен беске ілін.

Алып жүргін, балам,

Мұғалімнің тілін.

Екі.

Екі дегенім – Еңбек,

Еңбек етсең өнбек.

Жалқау болсаң, балам,

Бар қиындық төнбек.

Үш

Үш дегенім – Үміт,

Жайдары жүр күліп,

Қиқар болсаң, балам,

Дейді апаң «жүлік»

Төрт

Төрт дегенім – Төзім,

Сабырлы бол өзің.

Ұшқалақ болсаң, балам,

Мәнсіз болар сөзің.

Бес

Бес дегенім – Берік,

Жақсылық болсын серік.

Жалқау достың, балам,

Соңынан кетпе еріп.

Алты

Алты дегенім – Ақыл,

Болғын ойлы, тапқыр.

Атаң айтса, балам,

Құп алғаның мақұл.

Жеті

Жеті дегенім – Жеңіс,

Жолым болсын деңіз.

Спортшы боп, балам,

Жемісіңді жегіз.

Сегіз

Сегіз дегенім – Сабыр,

Кітапханадан табыл.

Көп оқысаң, балам,

Арманың болар қабыл.

Тоғыз

Тоғыз дегенім – Тоқтам,

Қайратты бол, шоқтан,

Сақ болғайсың, балам,

Тілсіз жауың – оттан.

Он

Он дегенім – Оқу,

Қажет емес қорқу.

Бәлгеніңді, балам,

Көңіліңе тоқу.

***

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі деген – елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген – ақыл,

Тындағаның мақұл.

Жеті деген – жалау.

Жүректегі алау.

Сегіз деген – сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім – Отан,

Қорға соны, ботам!

***

Бір дегенім – бидай,

Ас атасы дейді – ай.

Екі деген – емен,

Сондай қатты екен.

Үш дегенім – үйеңкі,

Жанға жайлы көлеңке.

Төрт дегенім – тарақ,

Шашыңды жүрсін тарап.

Бес дегенім – бұта,

Шығады ол жылда.

Алты деген – алма,

Жақсы көрер бала.

Жеті деген- жидек.

Бүтағы оның тікенек.

Сегіз деген – сәбіз,

Тәтті одан қарбыз.

Тоғыз деген – тоғай,

Бүлдірген теру оңай.

Он дегенім – орман,

Іші оның қорған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2017
7297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі