400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана-сезім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың барысында болашақ медициналық қызметкерлердің науқастарда сананың ауытқуын және өшуін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» медициналық колледжі» мекемесі

Учреждение «Медицинский колледж «Семей»











Оқу-әдістемелік кешені

Учебно-методический комплекс








Пән: Психология негіздері

Предмет:


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специаность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырып: Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана-сезім.

Тема:


Оқытушы: Заманбеков Қ.Ж.

Преподаватель:



ӘБК мәжілісінде қаралды

Хаттама №________________

«____»____________ 20__ ж.

ӘБК төрайымы __________

Рассмотрено за заседании ПЦК

Протокол №________________

«____»____________ 20__ ж.

Председатель ПЦК __________



1


Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

Содержание УМК


  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСО РК


  • Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы


  • Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


  • Сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка занятия



































2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

ҚР МЖМБС 28.08.492-2013

ГОСО РК 28.08.492-2013

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар:

Основы психологии и коммуникативные навыки:

- психикалық әрекет нәтижелерін зерттеу арқылы емделушінің психологиялық жағдайындағы өзгерістерді айыра білу дағдыларын көрсетеді.

- медициналық сұхбат құрылымын, қарым-қатынас жасау жолдарын, құрылымын түсіндіреді.

- емделушіге бейімделінген медициналық сұхбаттың лайықты үлгісін таңдайды.

- «Өзін-өзі реттеу және аутогендік жаттығу» әдісіне бейімделеді.

Білуі керек:

- басты танымдық үрдістер айырмасын түсіндіреді;

- медицина қызметкері әрекетіндегі сезіну, қабылдау, ұсыну және басқа да танымдық үрдістерді қолданады.

- парасаттылық деңгей мен ойлана білу стилін бағалайды.

- түрлі жағдайларда медицина қызметкері, емделуші мен емделушінің туған туыстары арасында тиімді қарым-қатынас жасау әдісін қолданады.

- емделушінің медицина қызметкеріне айтқан проблемасын анықтайды.

- қарым-қатынас жасаудың вербалді және вербальді емес тәсілдерін қолданады.

- қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас үрдісі мәселелерін қолданады және оларды практикада тиімді қолданады.

- тестілеу және сауалнама жүргізу дағдыларын қолданады және алған нәтижелерін өзінше түсіндіреді.

- қарым-қатынас құзыреттілігінің маңызын қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының денсаулық сақтау ұйымы әкімшілігімен, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен тиімді жанжалсыз өзара әрекет ету үшін бағалайды.

- психоэмоциялық шиеленісушілік, жеке бас тынышсыздық жағдайын бағалайды.

Знать:

Істей білуі керек:

- ес, көңіл жаттықтыру дағдыларын жаттықтырады.

- емделушінің психикалық үрдісінің бұзылысын танып білу дағдыларын жаттықтырады.

- емделушілермен әңгімелесулер жүргізу жағдайларын жаттықтырады.

- емделушінің мінез-құлқына қадағалау жүргізеді;

- емделушімен, туған туыстарымен, оның отбасымен және айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас жасау қағидасын қолданады.

- медициналық сұхбаттың құпия болу қағидасын қадағалайды.

- емделушімен, оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде азабы мен қасіретін бөліседі.

- өндірістік дау-жанжалдар кезінде даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.

Уметь:

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

6.4 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

БҚ 3 – Қарым-қатынас және командадағы жұмыс

БҚ-3.2 Командадағы жұмыс: түрлі командаларда жұмыс жасай отырып, жауакершілікті көрсетеді

КҚ-3.1 Мейірбикелік күтім: емделуші-орталықтанған тәсілді қолдана отырып, емделушінің отбасы мен айналасындағылардың қатысуымен мейірбикелік күтімді жүзеге асырады.



3

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учебного плана


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

1.Түсіндірме жазба

2. Пән сағаттарын бөлу

3. Пән мазмұны мен шамамен алынған тақырыптық жоспарлары

4. Теория мен практикасының шамамен алынған тақырыптық жоспарлары

5. Оқыту және сабақ беру әдістері

6 Пәнді бағалау

7. Жабдықтары мен жарақтары

8. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Тематический план:

Пән бойынша барлық сағат: 54

Всего часов по предмету:

Теория: 54

Тәжірибе:

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» медициналық білімдегі базалық оқу пәні ретінде кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық потециалын ашуда маңызы зор. Психология мен коммуникативтік дағдылар бойынша алынған білім болашақ маманның қалыптасуы үшін психологиялық құбылыстарды, емделуші тұлғасы мен мейірбике қызметін талдауға, тұлғаның өзін-өзі талдауы мен өзін-өзі тануына және өзін-өзі жетілдіруіне арналған біліктер мен дағдыларды меңгеруге қажет.

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны: тұлғаның психологиялық құзыреттілігін психика және психикалық қызмет механизмдерін дамыту үрдісінің негізгі заңнамалары білімі негізінде қалыптастыру, тұлғаның психогигиеналық қатысымы мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын, сондай-ақ кәсіби маңызды коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Содержание дисциплины:


Теориялық сабақ: 2

Теоретическое занятие:

Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:


4

Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Пән: Психология негіздері

Предмет:


Курс ІV семестр VІІ


Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:


Теория: 2 сағат

Тәжірибе/Практика:


№ 10 сабақ

Тақырып: Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім.

Тема:


Сабақтың түрі: аралас

Вид урока:


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игеру

Тип урока:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения урока:


Білім алушы білу керек: Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде. Сана түрлері және қызметтері. Жеке және қоғамдық сана. Сана-сезім, оның ерекшеліктері.

Обучающийся должен знать:

Білім алушы игере білу керек: Сана, парықсыздық және санасыздық. Сана бұзылысы.

Обучающийся должен уметь:


Оқытушыға арналған әдебиеттер: Ш.С. Сатиева. «Психология» (дәрістер курсы) – Семей: «Талант» баспасы. - 2007. - 196 бет.

Литература для преподавателя:


Білім алушыға арналған әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері».

Алматы. - 2005. - 415 бет.

Литература для обучающихся:

5


Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка теоретического занятия


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру,

Тип занятия:


Өткізу әдісі: дәріс

Методика проведения:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения занятия:


Сабақтың тақырыбы: Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана-сезім.

Тема урока:


Сабақтың мақсаты: Сабақтың барысында болашақ медициналық қызметкерлердің науқастарда сананың ауытқуын және өшуін анықтау.

Цель занятия:


Сабақтың міндеттері: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру

Задачи занятия:


Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгеру, сананың ауытқуының түрлерін ажырата алу.

Образовательная:

Дамытушылық: Сананың психологиялық концепциясы жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру, өзіндік сана сезім жайлы білімдерін кеңейту

Развивающая:


Тәрбиелік: Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білуді

Воспитательная:


Сабақтың жабдықтары:

Оснащение занятия:


Пәнаралық байланыс: Анатомия

Межпредметная связь:


Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар

Внутрипредметная связь:




6

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временной режим


1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть



2 минут



2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая установка занятия



3 минут



3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме



25 минут



4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала



40 минут


5

Жаңа тақырыпты бекіту

Закрепление новой темы



10 минут


6

Баға қою

Выставление оценок



5 минут


7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание



5 минут


















7


Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


  • Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, отырғызу, жоқ студенттерді белгілеу, сабақты босату себептерін анықтау

Организационная часть.


Оқытушының кіріспе сөзі. Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім.

  • Сабақтың барысында болашақ медициналық қызметкерлердің науқастарда сананың ауытқуын және өшуін анықтау.

Целевая установка занятия.


  • Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

1. Танымдық психикалық үрдістерге жалпы шолу.

2. Танымдық психикалық үрдістердің бұзылу себептері қандай?

3. Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы дегеніміз не?

4. Балалардың церебралды салдануына анықтама.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру. Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау, оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.

  • Изложение нового материала.

Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.

1. Сананың психологиялық концепциясына жалпы шолу.

2. Өзіндік сана сезімді қалай түсінеміз?

3. Адам мен жануарлардың арасындағы айырмашылықтар?

Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.

  • Баға қою

Выставление оценок

  • Үй тапсырмасы.

Тақырып: Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана-сезім.

Пайдаланатын оқулықтар: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы. 2005. - 415 бет;

Домашнее задание.

Тема:

Литература:

8

Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана-сезім.

Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау, оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.

Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.

Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастары интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы 1 объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды". Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді. Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сөзіну) өтеді. "Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа 2 жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу- шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым- қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен. Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану. Тікелей өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау формасында көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Өзін-өзі бақылау осыған негізделген Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тану - адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс- әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам өз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол өз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруына көмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам өз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.




Психика дамуы. Сана

Дұрыс жауаптар



Психиканың дамуы жөніндегі жалпы көзқарас байланысты А)діни ұғымдармен В)теориялық заңдылықтармен С)практикалық қажеттілікпен D)догмалық түсініктермен E)жеке пайымдаулармен

В


Антропопсихизм атанған психологиялық бағдарды ғылымға енгізген: А)Аристотель В)Декарт С)Гербарт D)Гиппократ E)Платон

В


Психиканың пайда болуын адамның келіп шығуымен байланыстырған психологиялық бағыт: А)биопсихизм В)панпсихизм С)антропопсихизм D)нейропсихизм E)фрейдизм

С


«Панпсихизм» теориясының мәні: А)психика барша жанды материяның қасиеті В)психика жүйке жүйеісіне ие болғандарға тән С)психика адамның келіп шығуымен байланысты D)психика бүкіл табиғатқа тән E)психика табиғаттан тыс құбылыс

D


Тіршілік пайда болуының негізгі шарты: А)табиғаттан тыс себептер В)жан мен тән тіршілігі С)күрделі белоктық жасушалар D)ауа, су, от, ағаш, жер байланысы E)адамның келіп шығуы

С


Тіршілік негізі-күрделі блоктық молекулалардың ғылыми атамасы А)синапс В)нейрон С)каоцерват D)рефлекс E)диффузия

С


Каоцерваттардың зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті А)сезім В)тітіркену С)қабылдау D)ойлау E)диссимиляция

В


Тітіркену бұл- А)құбылыстарды тұтастай бейнелеу В)барша мәнді биологиялық әсерлерге жауап беру С)барша өлі дүниеге тән құбылыс D)тек адамға ғана тән құбылыс E)саналы бейнелеу

В


Тітіркену процестерін негізгі сипат етіп алған өмір кезеңі А)жәндік-жануарлар дүниесі В)өсімдіктер дүниесі С)жербауырлаушылар дүниесі D)омыртқалылар дүниесі E)сүтқоректілер дүниесі

В


Жәндік-жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс А)сезім В) қабылдау С) тітіркену D)ойлау E)сөйлеу

А


Әрекет қылықтың жеке дара өзгермелі ормаларын қалыптастыруға негіз болған психикалық құбылыс: А) қабылдау В) тітіркену С) сезім D) ойлау E) сөйлеу

А


Өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуын алғашқы зерттеген ғалым: А)Павлов В)Сеченов С)Брамштедт D)Декарт E)Гиппократ

С


Көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болған жүйке жүйесі А)орталық жүйке жүйесі В)торлы-тармақты жүйке (диффузды) С)нүктелі жүйке (ганглиозды) D)ми E)жұлын

В


Ганглиозды жүйке жүйесінің қызмет принципі: А)жүйке тобы бір нүктелі орталыққа байланысты В)бас миына байланысты С)жұлынға тәуелді D)әр жүйке өз алдына (диффузды) E)жүйкені керек етпейді

А


Ес (жад) қасиетінің белгілері нышан берген тіршілік кезеңі: А)каоцерваттар В)өсімдіктер С)жәндік-құрт D)сүтқоректілер E)приматтар

С


Жәндіктер қылығының тумадан беріліп, ұрпақтан ұрпақа берілу қасиеті А)сезімдік В)инстинкт С)дағды D)интеллект E)саналық

В


Инстинктік деңгейдегі болмысты бейнелеу А)тұтастай бейнелеу формасына ие В)түйсіктік формаға ие С)саналы қабылдау формасына ие D)сөздік логикалы формаға ие E)абстракт ойлау қабілетіне ие

А


Сезімдік психика кезеңіне тән процесс А)қабылдау В)түйсіну С)саналы ойлау D)сөзді өрнектеу E)әрекетпен бейнелеу

В


Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын қажет еткен өмір кезеңі А)молекулярлық В) өсімдік С)су сферасындағы өмі D)құрлықтағы өмір E)интеллекті дүние

D


Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын іске асырушы жүйке А)арқа миы В)бас миы С)диффузды жүйке D)ганглиозды жүйке E)торлы-тармақты жүйке

В


Бас миының ең төменгі қабатының қызметі А)сөйлеуді басқарады В)жүріс-тұрысты басқарады С)эмоцияларға ықпал етеді D)ақыл-ой әрекеттерін реттейді E)организмнің ішкі тума қалпын реттейді

Е


Төменгі дәрежелі жүйке құрылымдарына жетекшілік ететін ми бөлігі А)ми қабығы асты жүйке В)ежелгі қабық С) қарақұс D)еңбек E)үлкен ми жарты шарлары

А


Жануарлардың өмірге келуімен туындап, әрекеттің қарапайым тума формаларын басқарушы ми тетігі А) қабық асты жүйке В) ежелгі қабық С) үлкен ми жарты шарлары D) қарақұс E) еңбек

А


Жербауырлаушылармен құстарда басымдау ми бөлігі А) ми қабығы асты В) ежелгі қабық С)мишық D) үлкен ми жарты шарлары E)жаңа қабық

D


Ауысқан жағдайда икемді әрекет түрлерін дайындап, оларды жадыда сақтап қалу қызметінатқарушы ми бөлігі: А) жаңа қабық В) ежелгі қабық С) ми асты қабығы D) мишық E) үлкен жарты шарлар

А


Бас миы үлкен жарты шарлары қабығының пайда болу негізі А)тума В)экологиялық жағдайлар С)жануарлар қалауымен D)табиғаттан тыс әсер E)адам араласуымен

В


Бас миы қабығының жәрдемімен іске қосылатын жеке ауыспалы қылық (дағды) механизміне қарағанда инстинктік механизм қарапайым, неліктен? А)белсенді бағдар таңдаудан В)өмірлік қажетті шарттардың пайда болуынан С)тума белсенділігінен D)жаңа байланыстар түзе алуынан E)өмірлік сақтануға қажетті бағдарлама түзе алудан

С


жануардың табиғат аясында белсенді бағыт-бағдар таңдай алу қабілетін экспериментті дәлеледеген ғалымдар: А)Аристотель, Платон В)ПавловСеченов С) Толмен, Креч D)Брамштедт, Декарт E)Торндайк, Кречмер

В


Өмірлік бағдар таңдау қабілеті өте кем, енжар дамыған жануарлар тобы: А)адам В)жыртқыштар С)құстар D)қой E)сиыр

D


Тума әрекет түрлері мен жаңа қалыптасқан ауыспалы әрекет формалары арасындағы тығыз байланыс А)жоғары омыртқалыларда В)жербауырлаушыларда С)су тіршілігінде D)өсімдіктерде E)каоцерваттарда

А


«Интеллектуалды» деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың жаңа формасы тән А) су тіршілігіне В) каоцерваттарға С) өсімдіктерге D) жербауырлаушыларға E)приматтарға

Е


Сынама байқау қозғалыстарымен қабаттасып келмей, олардан алдын-алажүргізілетін психикалық әрекет: А)тітіркену В)сезім С)инстинкт D)дағды E)интеллектуалды

Е


Кезіккен міндеттердің шешілу жолын тауып беруші зерттестіру, қылық бағдарламасын түзу әрекеті А) инстинкт В) дағды С) интеллект D)манипуляция E)қозғалыс

С


Жануардың зат қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын-ала тану қасиеті А) тітіркену В) сезім С)қиялдау D)экстраполяциялық рефлекс E)перспективтік таным

Е


Интеллектік әрекет –қылықтың пайда болуына жағдай жасайтын фактор А) тітіркену күші В) сезім аумағының кеңеюі С)ес беріктігінің ұлғаюы D)дағдының қалыптасуы E)инстинктер бекуі

С


Интеллектуалды әрекеттің негізі А) тітіркенуде В)инстинкте С)дағдылануда D)заттар арасындағы күрделі қатынастарды тануда E)жаттығуда

D


Жануардың табиғат байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдн-ала білу қабілетін дәлелдеген ғалым: А)Сеченов В)Павлов С)Выготский D)Лернер E)Рубинштейн

В


Психика дамуының ең жоғарғы шегі – интеллектуалды тіршілік түрі: А)каоцерваттар В)өсімдіктер С)су жануарлары D)қанатты жануарлар E)сүтқоректілер

Е


Жануарлар психикасының дамуы тәуелді: А)қоғамдық-тарихи шарттарға В)биологиялық заңдылықтарға С)табиғаттан тыс күштерге D)биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға E)қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

В


Адам психикасының дамуы тәуелді А) қоғамдық-тарихи шарттарға В)биологиялық заңдылықтарға С)табиғаттан тыс күштерге D)биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға E)қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

D


Жеке адам санасының дамуына тәуелді: А) қоғамдық-тарихи шарттарға В)биологиялық заңдылықтарға С)табиғаттан тыс күштерге D)биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға E)қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

А


Психикалық кемелденудің әрбір жаңа басқышы тәуелді А)инстинкте В)ауыспалы дағдылық әрекетке С)интеллектке D)тіршіліктің жаңа сыртқы шарттарына E)табиғаттан тыс күшке

С


Қарапайым сенсорлық психика бұл- А)қоршаған ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу В)тұтастай нақты бейнелеу С)сөзді-логикалы бейнелеу D)эмоциональді бейнелеу E)қозғалысты бейнелеу

А


Перцептивті психика бұл- А)қоршаған ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу В)тұтастай нақты бейнелеу С)сөзді-логикалы бейнелеу D)эмоциональді бейнелеу E)қозғалысты бейнелеу

В


Жануарлар әрекет қылығының бәрі адам іс-әрекетінен ажыралады А)қоғамдық-тарихи мәнді В)тікелей биологиялық сипатта С)ойлау арқылы орындалады D)сөзге негізделген E)екінші сигналдық жүйеде

В


Жануардың өзі тектестерге қатынасы А)инстикті сипатта В)дағдылық сипатта С)интеллекті сипатта D)логикалы-ойлау сипатында E)эмоционалды сипатында

А


Жануар «тілінің» адам тілінен айырмашылығы А) мәнге негізделген В)сөзден құралған С)ресми кодтармен өрнектеледі D)объектив мазмұнға ие E)биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей

Е


Адам санасыныңи жануар психикасынан айырмашылығы: А)тітіркенуден В)сезімнен С)қабылдаудан D)рефлекс жауап беруден ішкі субъектив бейнелеуден E)ішкі субъектив бейнелеуден

Е


«Әлемнің субъектив бейнеге енуі- адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры», атаған ғалым А)Выготский В)Леонтьев С)Рубинштейн D)Сеченов E)Павлов

В


Сананың пайда болу негізі: А)тума беріледі В) табиғаттан С)табиғаттан тыс күштен D)еңбек пен қоғамдық қатынастан E)адамның өзіндік әрекетінен

D


Ерлік пен жанпидалыққа бару байланысты А)тума қасиетке В)инстинкте С)дағдыға D)интелектке E)жоғары санаға

Е


Адам санасының негізгі қызметі А)тітіркенуге жауап В)сезімді талдау С)рефлекстік әсерге ықпал D)нақты бейнелеу E)терең заңдылықтарды тану

Е


Адам иелігіндегі әрекет қылық тәсілдері А)тума беріледі В)тәжірибе өнімі С)игеру-үйренуден D)болмыстан тыс күш арқылы беріледі E)биологиялық

В


Аламның саналы іс-әрекетін қалыптастыратын шарт А) биологиялық В)өз тәжірибесі С)болмыстан тыс күш D)тіл қатынасынан E)дағдыланудан

В


Адамның жануардан түпкі ерекшелігі- А)еңбек қаруын дайындау В)қару пайдалану С)әрекет тәсілін білу D)биологиялық қажетті сезу E)объектті тану

А


Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы А)болжастыру В)тану С)қабылдау D)сезу E)көру

А


Жануарлар қылығының түпкі мақсаты А) болжастыру В)қару дайындау С)мән білдіру D)өз қажетін қанағаттандыру E)қоғамдық қатысқа келу

D


Адамның ақпарат топтауының негізі А) көру В) сезу С)тітіркену D)қабылдау E)тіл

Е


Тілдің шығу негізі: А) тумадан В) рухани еңбектен С)Алладан D)қоғамдық еңбектен E)адамның өз қалауынан

D


Сана қалыптасуының негізгі себебі: А) тума қасиеттер В) тіл мен еңбек С)қоршаған орта D)үлгі мен өрнек E)инстинкт

В


Саналы тіл белгісі: А) бейне В) таңба С)сөз-сөйлем D)қозғалыс E)ым-ишара

С


Адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы А) тіл мен сөз В) бейне С)таңба D)ым-ишара E)қозғалыс

А


Сана бұл- А) табиғат өнімі В) қоғамдық болмыс С)инстикттік өнім D)дағдыланудан E)табиғаттан тыс берілетін қасиет

В


Барша танымдық процестерді қамтушы психикалық деңгей А) каоцерваттық В) сенсорлық С)саналық D)интелекттік E)манипуляциялық

С


«Сана ең алдымен, адам араласқан қоғам қатынастарын бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды» деген тұжырымды қолдаушы философиялық бағыт А) идеализм В) материализм С)дуализм D)догматизм E) метафизика

В


Астар санаға баййланысты психологиялық теорияның негізін қалаушы А) Шопенгауер В) Юнг С)Кант D)Фрейд E)Платон

D


Ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттердің (түс көру, ұйқылы жүру) төркіні А) ашық санадан В) астар санадан С)инстинкттен D)дағдыдан E)табиғаттан тыс күштен

В


Астар санамен ашық сана бір-біріне А) тәуелді В) тәуелсіз С)ашық сана дербес D)астар сана дербес E)өзара кірігіп, байланысып жатады

Е


Тікелей байқалмаған тітіркендігіштерге жауап әрекет (түшкіру, қалтырау) А) саналы жоспарлаудан В) инстинктен С)дағдыланудан D)астар санадан E)табиғаттан тыс күштен

D

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
5267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі