400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сандар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған материал. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, сандарды ажырата білуін жетілдіру. Сандарды тура санауды, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы:«Сандар айтысы»

Мақсаты:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, сандарды ажырата білуін жетілдіру.

Дамытушылық: Сандарды тура санауды, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, әлеумет, шығармашылық

Көрнекілігі: тура санауға арналған сандар .

Тәрбиеші :Cәлеметсіңдер ме балалар!Бізге бүгін қонақтар келіпті!Қане барлығымыз амандасайық!

Балалар:Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші:Балалар біз бүгін сандар жайлы айтамыз!.Маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші?

Сандар осы бізге не үшін керек?

–Сандарсыз біз бір затты қосып ,ала аламыз ба?

-Сандарсыз біз өмір сүре аламыз ба?

- Сандар жайлы пақпақ білесіңдер ме?

1 саны.

 Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Сандарға жол бастап

Ең бірінші тұрамын.

2 саны.

Міне екі саны тұр

Қараңдаршы, неткен түр.

Мойнын алға иеді,

Құйрығы еріп жүреді.

3 саны. 

Екіден соң әрқашан,

Үшінші мен тұрамын.

Қағазға сызып түсіресің

Екі ирек саламын.

4 саны.

Үш қашанда тақ саны,

Жұп болғанға не жетсін!

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы.

5 саны.

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Төртеуін бүгін санасаң ,

Табасың оңай бесті.

Тәрбиеші: Рахмет балалар!Балалар мен бір шуды естіп тұрмын!Тыңдаңдаршы!

-Осы кезде сандар шуылдап кіріп келеді!

1-бала:

  • Тыңдаңдар, тыңдаңдар!Сандардың бірінші басшысы, мықтысы мен боламын мырзалар!

2-бала:

  • Жоқ! Жоқ!Өтірік! Сенбеңдер оған! Оның бір ғана басы бар, ал менде екеу. Екі бас бір басқа қарағанда жақсы. Мен ең ақылдысымын! Сондықтан ең мықтысымын!

3-бала:

  • Сендер маған қараңдар! Сендер өздерің айнаға қарайсыңдар ма? ! Ең мықтысы – ең әдемісі бұл жерде менмін!

4-саны:

Қарсылық білдіремін! : Бұл жерде тек төрт бар! Менің алдымда сендер бастарыңды иіңдер түкке тұрмайтын сандар!

5 – саны (айғай салды): Тоқтаңдар!Тоқтаңдар!

Бәрінен де маңыздысы – Бес! Себебі мені оқушыларда,балаларда жақсы көреді. Сондықтан мені бәрі жақсы көретін, сендердің патшайымдарың мен боламын!

Тәрбиеші: Балалар біз кішкене видеодан үзінді көрейік!Экранға назар аударайық!

Тәрбиеші:Кімдер жайлы екен!Біз де сандар жайлы санамақтар білеміз!

Кел санамақ айтайық!
1-саны:

Бір дегенім-бесік,

Шықтық содан өсіп
2-саны:

Екі дегенім- елім,

Далам, тауым, көлім.

3-саны:

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар – жігіт.

4-саны:

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем – өзім.

5-саны:

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар «Егер барлық сандар бір бірімен дос болса, онда бәрі де мықты болады,себебі өмірдегі ең бастысы – достық!» Солай емес пе!

Әрқашан дос,біргеміз! Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті. Еңбекті сүйіңдер!

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар ертегідегі сандарды дұрыс атай біледі.
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту . Меңгеру керек: Сандарды ажыратып, сұрақтарға дұрыс жауап беру.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі