Материалдар / Сандар әлеміне саяхат

Сандар әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне сабақ жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Сабақ жоспары

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сандар.

Сандар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Балалардың білім деңгейін анықтау.1-10-ға дейінге сандар арқылы тура және кері санау.Сандарды,пішіндерді ажырата білуге үйрету.

Балалардың тілін дамыту.

Көрнекіліктер:

Сандар,суреттер,ойын элементтері,пішіндер,гүлдер,санамақ,өлеңдер,тапсырмалар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Ұйымдастыру кезеңі





-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болып өтеді.Бүгін бізге қонақтар келген.Бар білімімізді көрсетейік.Бізде білімді балалар көп,солай ма.

- Бүгін біз сандар әлеміне саяхатқа шығамыз

-Кәне кім айтады,бүгін аптаның қай күні?

Апта күндерін айтайықшы

Ендеше осы 7күнге байланысты тапсырмалар орындаймыз


Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі



Балалар жауап береді

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі




Дүйсенбі күн тапсырмасы



-Кәне балалар,біз қандай сандарды білеміз?алдымен сандарымызды тауып алайықшы.

«Гүл теру» ойынын ойнаймыз.10 бала шығып гүлдерді тереміз


Оқушыларға гүлдерді теріп,сандар қатарын дұрыс табу керектігі айтылады



Жарайсыңдар балалар!


Жерде сандар жазылған гүлдер жатыр,балалар сандарды жинап,тура және кері санайды

DrawObject1


Санау: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Қазақша,орысша,ағылшынша санайды




Сейсенбі күн тапсырмасы



Енді осы сандарымыздың құпиясын ашайық

-Кәне балалар ең бірінші тұратын қай сан екен?

- Дүниеде осы бір санына байланысты не бар?Мысалы әр адамда ана1-еу

2-ге байланысты не бар?

7 саны киелі сан балалар

7-ге байланысты ұғымдар бар.7-ата,7-нан,7-күн...

Осы сандарға байланысты өлеңдер білеміз бе?







Жарайсыңдар балалар!





Жауап:- 1 саны

Балалар: 1-бас,1-ай,1-күн,1-мұрын....

Жауап: 2-қол,2-аяқ,2-көз,2-ата-ана...


Сандарға байланысты тақпақтар:

Мені білгің келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын.


Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағым,

Бірге бірді қосқанда

Иіліп мен шығамын.


Екіден соң әрқашан,

Үш саны боп қаламын.

Қос мүйізі майысқан,

Ұлттық ою саламын.


Достар мені төрт дейді,

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке ағамын,

Жақсысымын бағаның


Әр қолда саусақ бес-бестен,

Шықпас тегін ол естен,

Біліп санның шамасын,

Мысал ойлап табасың.




Сәрсенбі күн тапсырмасы


Пішіндер ойыны:

  • Балалар стол үстінде пішіндер тұр.Пішіндерді алып өз құлыптарыңды ашуларың керек.

Құлыптар дөңгелене қойылған.Оны балалар айнала билеп жүріп,музыка тоқтағанда әркім өз құлыбын табу керек.




Жарайсыңдар балалар!


БDrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 алалар құлыптарды айнала билеп жүреді.Музыка тоқтағанда өз құлыптарын тауып,тұрып қалады.

DrawObject5









Пішіндерді айтып шығады:

Менде жасыл түсті шаршы

Менде қызыл түсті үшбұрыш....




Бейсенбі күн тапсырмасы

  • Балалар жеті лақ ертегісін білеміз бе?

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі лақтарына тамақ іздеп кеткенде қасқыр келіп ешкінің лақтарын алып кетіпті.Қасқыр ешкіге:-Егер менің тапсырмамды орындасаң лақтарыңды беремін дейді.Ешкіге көмектесесіңдер ме?



Жарайсыңдар балалар!

Алдымызда 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні келе жатыр.

Сендер ешкінің лақтарын құтқардыңдар.Сендерге рахмет айтып жатыр.


Балалар сұрақтарға жауап береді:

Сұрақтар:

  1. 1+1қосқанда неше болады?

  2. Қойдың неше аяғы бар?

  3. Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

  4. Еліміздің президенті кім?

  5. Бәйтерек қай жерде салынған?

  6. Сенің жасың нешеде?

  7. Өскенде сен кім боласың?




Жұма күннің тапсырмасы
















Сабақ соңы

Сенбі,

жексенбі демалыс

Санамақ:

  • Балалар қазір ойын ойнаймыз.Дөңгелене тұрып алайық.Мен сендерге бір сан көрсетемін.Музыкамен дөңгелене қозғаламыз.Сан көрсеткенде бір-бірімізбен ұстасып тұрып қаламыз.Мысалы:1көрсетсем 1өзіміз тұрамыз.2-ні көрсетсем екеу-екеу тұрып қаамыз.3-ті көрсетсем үшеу-үшеу ұстасып қаламыз.


Ойын аяқталған соң орындарына тұрып,санамақ айтады.





Жарайсыңдар балалар!

Әрқашан Отанымызды сүйіп,қорғай білетін үлкен азамат болып өсіңдер!

Сабағымыз аяқталды.





Тәрбиеші нұсқауымен балалар сандарға бірігіп тұрып қалады.

Музыкамен баяу дөңгелене қозғалады.

Санамақ айту

Музыкамен айту.

Бір дегенім бесік

Шықтың содан өсіп,

Екі дегенім-елім,

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім-Үміи,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті деген жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз-деген сөзің

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім Отан,

Қорға оны ботам!




Тәрбиеші: Пазыл Айнұр




































































ЖИ арқылы жасау
11 Қараша 2018
2068
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі