
«Сандар әлеміне саяхат»
«Күншуақ» ересек тобының Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру саласынан
ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Мақсаты: Балалардың 1-ден 5- ке дейінгі сандарды тану,ажырату және салыстыру дағдыларын дамыту.Сан
құрамын түсіндіру,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: сандар карточкалары,геометриялық пішіндер,дидактикалық ойындар,
суреттер,анимациялар.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті,қане бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Балалар:
Күнннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басығой.
Ал,қанекей бәріміз,
Салем дейік үлкенге.
Салеметсіздер ме құрметті қонақтар.
Тәрбиеші: Ал енді орнымызға отырайық.
-Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?
-Қыс!
-Қыста ауа –райы қандай болады?
-Суық!
-Қыста далада қандай өзгерістер болады?
-Қар жауады,ағаштар ұйқыға кетіп айнала аппақ болады.
-Қандай киімдер киеміз?
-Қалың киім киеміз!
-Жарайсыңдар!Ендеше, бүгінгі сабағымызды бастайық!
Балалар ,бүгін біз «Сандар әлеміне саяхатқа» шығамыз.
2.Негізгі бөлім.

1.Сұрақ-жауап:
Балалар біз қандай санадарды білеміз?
Шардың астына жасырынған сандарды атаймыз.Шарларды түстерін атап бір бірлеп жарып астында
жасырынған сандарды тура және кері санап үйренеді.
2.Сан құрамын анықтау:
Балаларға 5 санының құрамын көрсету(1+3,1+4)
Қимылды ойын: «Қоянға сәбіз беру». Қоянның ізімен секіріп келіп тақтада көрсетілген саны бар сәбізді үзіп
алып қоянның жәшігіне салады.
3.Геометриялық пішіндерді қайталау. Үстел үстіндегі пішіндерді сипаттау.
«Менің төрт бұрышым бар,бірақ бәрі тең емес»
«Менің үш бұрышым бар»
«Менде ешқандай бұрыш жоқ»
«Танграм» ойыны. Сәйкес пішіндерді орналастыру.
Сергіту сәті: Музыка ырғағымен балаларға сергіту жасату.
Балаларға 5 партаға әр түрлі тапсырмалар қойылады. Әр партаға 5 баладан бөлініп тапсырмаларды
орындайды.
1. Бұлттарға сандарға сәйкес жаңбыр тамшыларын ілу( қол моторикасын дамытуға арналған)
2. Тауықтың алдындағы ыдысқа сандарға сәйкес жұмыртқаларды орналастыру.
3. Қарындаштың көмегімен сандарды сәйкестендіру.
4. Киімдерді нүкте санына қарай жұбын табу.
5. Бөтелкемен эксперимент. Шар үрілгенде қандай сан шыққанын табу.
3.Қорытынды бөлім
Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?Бүгін қандай сандармен таныстық?
Сан құрамы не екенін білдік пе?Математикалық қандай таңбалармен таныстық?
Қандай пішіннің бұрыштары жоқ?
-Бәрекелді,балалар, бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін сендерді өте жақсы деген бағамен
бағалаймын.
