жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сандар еліне саяхат"
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Сауат ашу
|
Тақырыбы: |
И дыбысы мен әрпі |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарымқатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану. 0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. И дыбысы – дауысты дыбыс. И дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі и дыбысының орнын ажыратады. И əрпінің элементін жазады. Көпшілік тəрбиеленушілер: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы и дыбысының орнын ажыратады. И дыбысына сөз ойлайды. И дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. Көлік түрлерін ажыратады. Кейбір тəрбиеленушілер орындай алады: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. И дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Көлік түрлерін ажыратады, олады атайды. |
||
|
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер : Тəрбиеленушілер: Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. Суретте бейнеленеген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру. Өлең жолдарын еске сақтайды. Сөйлем түрлерін ажыратады. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. индус ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің? Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің? Қай көлікпен өте алысқа баруға болады? Ең жылдам көлік қайсы? Көліктерді түрлеріне қарай топтастырып ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Көліктер туралы біледі? Сөз, сөйлем құрастырады. Дыбыстық талдау жасайды. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Кəне, балалар, барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!
– Ата-анам ауырмасын! – Үлкендерді сыйлайық! – Анамызды ардайық!
(Ұ) Педагог слайдтан көлік түрлерін көрсетеді. «Артығын тап!» ойынын ойнайды. Берілген көлік артық көлікті табады. 1-сурет: жеңіл мəшине, автобус, камаз, ұшақ. 2-сурет: тікұшақ, зымыран, троллейбус, ұшақ. 3-сурет: Жеңіл көлік, жүк мəшинесі, қайық, троллейбус. |
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің? Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің? Суреттегі адамдардың іс-əрекетін айтады. Кімде қандай көлік түрі барын табады. Көліктерді түрлеріне қарай топтастырады; Əуе, су, жер көлігі. Ж. Смақовтың өлеңін мəнерлеп оқып береді. Ал, келіңдер, ат арбаны жегейік, Ал, келіңдер, сайрандап біз келейік. Барайық біз орман, тауға, көлге де. Дөңгелектер, дөңгөлектер дөңгеле.
Балалар өлеңді мазмұндап, ондағы көлік түрі ат арба туралы пікірлеседі. Педагог ат арба туралы түсіндіреді. Алысқа баратын жəне жылдам жүретін көліктерді əңгімелейді. Əр ұлттың өзіне ыңғайлы көлік түрлері болатыны жəне көліктердің техникалық жəне жануарлар көлігі деген екі тобы болатыны туралы таныстырады. И дыбысы естілетін көлік түрлерін атайды. Мотоцокл, мəшине, ит пен шана. Сөздерді буынға бөледі. 2-тапсырма Ине, инелік, ит сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. И дауысты дыбыс екенін біледі. Айтқанда созылып айтылады. Еркін айтылады Сергіту сəті Мен тиінмін, тиінмін, Қысқа жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің. Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
3-тапсырма. Сурет бойынша өлең жолдарын суреттеп көрсетеді. И əрпінің баспа түрін тақтаға іліп қойып, салыстырады. Екі л əрпінен и əрпін жасап көрсетеді. Ол үшін бір л дыбысын тоңқайтып, екіншісін түзу қалпында қасына қояды. И əрпінің баспа түрін ауада жазып, сөз ойлап айтады. 4-тапсырма И əрпін жаса Санағыш таяқшалары арқылы и əрпін жасайды. Педагог тақтаға и əрпі жазылған плакатты іліп қояды. Педагог балаларға көрсете отырып сұрайды. Екі кітіптан и əрпін жасауға бола ма? Əлде үш кітаптан и əрпін жасай ма? И əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады |
Əліппе-дəптер.
Сурет. Суреттер.
И əрпі жазылған плакат немесе слайд.
Таяқшалар |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылайды, мадақтайды. Оқу қызметін қорытындылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
Әліппедәптер |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Дене шынықтыру
|
Тақырыбы: |
Байқоңыр |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.2.1.3.Гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. 0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, сапта түзу жүру түрлерін орындау. 0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайлардағы секіру. 0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау. 0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. 0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық балалар орындай алады: Ортақ кеңістікті бөлу және қозғалыс кезінде жарақатты болдырмау. Қатарынан тізіліп сапқа тұрып бірінші-екінші болып санау жүргізу, нөмірлер бойынша топқа бірігу. «Шашырай» жүру кезінде кеңістік пен денені бақылау. Кеңістікті бағдарлай білу. Педагог белгілеген бастапқы қалыпта тұру. Залдың ортасымен бірден, екіден сап құрып жүру. Балалардың көпшілігі орындай алады: Жүгіру түріне сәйкес жүгіру қадамының шамасын өзгерту. Орындықта/бөренеде жаттығу орындағанда тепе-теңдік сақтау. Гимнастикалық қабырғамен түрлі тәсілмен (оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ) өрмелеу. Кейбір балалар орындай алады: Гимнастикалық орындықтың үстіне бір аяқты тізерлеп қойып, ал екінші аяқпен жерді тіреп жүру. 20 см биік заттардан аттап өту. |
||
|
Тілдік мақсат |
Балалар ғарышкерлер туралы, денені шынықтыру мен мамандықтардың өзара байланысы туралы білімін жалпылай алады; дененің сапалық қасиеттерін жетілдіруге және организмді шынықтыруға; азаматтықты қалыптастыруға және өзін жетілдіруге ынталандыруға бағытталған жаттығулар орындайды. Пәндік лексика және терминология: Өзара іс-қимыл, үйлесімдік, ғарыш айлағы, Байқоңыр, ғарышкерлер, тест, зейін, шыдамдылық, жылдамдық, ҚР батырлары Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Талқылауға арналған сұрақтар: Ғарышкер қандай болуы тиіс? Ғарышкерлерге арналған қандай сынақтар ұсынған болар едіңдер? Қандай тапсырмалар қиынырақ болды? Неге екенін айта аласыңдар ма? Неліктен әскери мамандық таңдаған кезде бала кезден дене шынықтыру қажет? Неліктен гимнастикалық сатымен жүрген кезде қол бастан жоғары болуы тиіс? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Кегельдер арасымен іші толтырылған допты домалату. Кегельдер арасымен бір аяқтап секіру. Гимнастикалық қабырғамен көлденеңінен өрмелеу. Кедергі заттардан асып түсе отырып, залдың келесі бетіне шынтақтап және тізерлеп еңбектеп бару. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(Ұ, Ө) «Ғарыш туралы не білеміз?» әңгімесі – Ғарышкерлер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? Ғарышта ең алғаш кім болып қайтты? Белка мен Стрелка атты иттер. – Алғашқы ғарышкер кім? ( Юрий Гагарин) – Әйелдер арасында тұңғыш ғарышта кім болды? (Валентина Терешкова) – ҚР алғашқы ғарышкер батырлары кім? (ҚР батырлары – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов). «Байқоңыр» ғарыш айлағының арнайы алаңында ғарышкерлер дайындығынан өту ұсынылады. Сапты бірінші-екінші болып санау жүргізу. Зал ортасымен бірден, екіден сап құрып жүру. |
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(Ұ) шыдамдылықты жаттықтыру Үлкен және қысқа адыммен жүгіру – қолды барынша сермей отырып кең адымдап жеңіл жүгіру, қысқа, жиі адымдай отырып жүгіру. Тыныс алуды қалпына келтіру. Бір қатар саппен жүру. Гантельмен орындалатын ЖДЖ. 5 м жерге қолмен жүру (бір бала екінші баланың аяғын көтеріп ұстайды. Ол қолымен жүреді). Әр жұп шамаларына қарай бірқалыпты жүреді. зейінді дамыту «Қатып қал!» ойын жаттығуы. «Шашыраңқы» жүру, жүгіру. «Қатып қал!» деп бұйрық берілген кезде тұрған орында қозғалмай қатып қалу керек. (Ұ) Нөмірлер бойынша топтарға бірігіп, сап құрып тұру. зейінді жаттықтыру Заттар арқылы қос аяқтап секіру. Нұсқау – қолды алға сермей отырып қос аяқтап бар күшпен қарғу. (Ө) тепе-теңдікті жаттықтыру Гимнастикалық орындықтың үстіне бір аяқты тізерлеп қойып, ал екінші аяқпен жерді тіреп жүру. Нұсқау – тепе-теңдік сақтау, денені тік ұстау; орындықтан түскенде аяқты ұшынан қою. Гиминастикалық сатымен өрмелеген кездегі қауіпсіздік техника туралы еске салады, сақтық шаралары қабылданады. (Ұ) Батылдықты жаттықтыру «Бұлтқа жету» Гимнастикалық қабырғамен түрлі тәсіл бойынша (оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ) өрмелеу. Аяқ пен қол қимылының үйлесімді болуына, тақтайшаны дұрыс ұстауға назар аударылады. Сатымен өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы еске салу, сақтық шараларын қабылдау. (Ұ, т, Ө) Жылдамдықты жаттықтыру «Кім шапшаң?» қимыл ойыны Төрт бала ойын бастаушы (командир) ретінде таңдап алынып, оларға түсі әртүрлі жұлдызшалар үлестіріледі. Балалар бастаушылардың артына төрт қатар сапқа тұрады. Педагогтің белгісі бойынша көздерін жұмады. Ойын бастаушы балалар педагог нұсқаған жерге барып тұрады да, жұлдызды жоғары көтереді. Балалар өз командирін тез тауып артына сапқа тұруға тырысады. |
Кең, бос кеңістік. . Биіктігі 20 см болатын 5 зат. Сатының ең жоғарғы тақтайшасына орналасқан бұлттың макеті. |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
«Ғарыштық түс» тынығу сәті (музыка әуенімен): Балалар ішпен жатып «жұлдыз» қалпында тынығады да, өз ғарыштық түсі туралы айтып береді. |
Музыка |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Мүсіндеу
|
Тақырыбы: |
Аяз ата қонаққа келді |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру. 0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасын сақтау. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: • ермексаздан конус тәріздес пішіндер жасайды; • бірнеше фигураны бір тұғырға орналастыра алады. Көпшілік тәрбиеленушілер: • образды бөлшектермен толықтыра алады; • жекелеген элементтерден композиция құрай алады. Кейбір тәрбиеленушілер: • жұмыстың құрастырушылық және пластикалық техникаларын үйлестіріп пайдалана алады; • бөлшектерді аралас тәсілмен үйлестіре біледі. |
||
|
Тілдік мақсат |
Дағдыларын дамыту: • ересектермен және достарымен сөйлесу; • өзінің және өзгелердің жұмыстарын талдап, олар жайлы пікір білдіру, алған әсерлерімен бөлісу қабілетін дамыту; • «Жаңа жыл мерекесі» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді қолдану. Көптілділік: шырша – елка – furtee. ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқыланатын сұрақтар: – Қыста біз қандай мерекені атап өтеміз? – Мерекенің басты қонағы кім? – Аязатаның басты белгісі қандай? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Адамның фигурасын жасау. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды. (Ж) Жаңа жыл тақырыбына әзірленген иллюстрацияларды қарап шығу. Балалар қорытынды жасайды: жаңажылдық мерекенің басты қонағы – Аязата мен шырша. (Ұ) Пікір: Аязата алыста тұрады және жыл сайын шанаға үш ат жегіп, балаларды құттықтауға асығып жетеді. (Ө) Мүсінші Ермек жаңажылдық жұмбақ жасырады. Балалар жаңа жыл туралы жұмбақтардың шешуін табады, өздерінің жауаптарын түсіндіреді. (Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ не туралы айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды. |
Музыкалық сүйемелдеу. Жаңа жыл тақырыбына иллюстрация. Әліппе-альбом. |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(Ө) Зерттеу минуты. Аязата мен шыршаны мұқият зерттейді. Аязатаның қандай бөліктерден тұратынын, қалпағының пішінін, сақалын, тонының түсін анықтайды. (Ұ) Сергіту сәті. «Шыршаны айналып ән айтамыз». (Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс. Үлгіні қарау. Тәрбиеленушілер мүсіндеудің түрі мен тәсілін атап өтеді. (Ұ, Ө) Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге талқылау. 1. Ермексазды бірдей үш бөлікке бөліп, домалақтаймыз. 3. Домалақтанған шардан аққаланы жасау тәсілімен Аязатаны құрастырамыз. 4. Кішкентай шұжықшалардан, қолын жасаймыз. Баскиімін конус тәріздес етіп жасап кигіземіз. 5. Ақ түсті ермексаздан ұзындығы әртүрлі бірнеше ширатпа жасап, оны тонның белбеуіне, етегіне жиектеп көмкереміз, баскиімі мен сақал-мұртын жасаймыз. 6. Қара түсті ермексаздан кішігірім екі шар домалақтап аламыз. Бұл – оның көздері. Мұрнын қызыл түсті ермексаздан жасаймыз. 7. Аязатаның дорбасын ермексаздың кез келген түсінен жасауға болады. 8. Шыршаны конус пішінде жасаймыз. Бұтақтарын жасау үшін шеттерін қайшымен қиямыз. Саусақтарға арналған жаттығу: «Шырша». (Ө, Т) Еске түсіру минуты. Ойын-жаттығу: «Не жақсы, не жаман?». Ойын барысында балалар ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу ережелерін еске түсіреді, қайталайды. (Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас». Ермексазды жұмыс істеуге дайындау. (Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету. (Ө, Ұ) Шығармашылық минуты. «Бізге Аязата мен шырша қонаққа келді» деген тақырыпта композиция құрастырыңдар, Аязата туралы білетін әндеріңді орындаңдар. |
музыкалық сүйемелдеу. Әліппе-альбом. |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі. «Шебер қолдар» көрмесін ұйымдастыру. Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырады. Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға беруді ұсынады: 1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды. 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды. |
Балалардың жұмыстарына арналған көрме. Әліппе-альбом, қарындаштар. |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Математика
|
Тақырыбы: |
Мен жол саламын.Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.3.1.1.Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс атау. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тəрбиеленушілер: -геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) атайды. Көптеген тəрбиеленушілер: -үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастырады. Кейбір тəрбиеленушілер: -шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз бетінше құрастырады |
||
|
Тілдік мақсат |
Д ағдыларын дамыту: -заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология: -шеңбер – дөңгелек, сопақ – сопақша, үшбұрыш – үшбұрышты, шаршы – төртбұрышты (шаршы тəріздес), тіктөртбұрыш – тік- төртбұрышты. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Айналамыздағы қандай заттар дөңгелек (сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) пішінді? –... бейнелеу үшін қандай түстерді аласыңдар? –Пішіні, түсі бойынша бірдей (əртүрлі) фигураларды атай аласыңдар ма? Жазу: -жиектеу, бояу. |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Түс: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
Ынталандыру. Педагог біздің айналамыздағы көп затқа геометриялық пішін тəн екені туралы əңгімеге тартады. «Сиқырлы дорба» ойыны ұсыналады. Педагог мөлдір емес дорбаға ағаш немесе картоннан жасалған фигураларды (сопақша, текше, цилиндр) салады. Балаларды шақырады, олар алдымен дорбадағы фигураны қолмен ұстап немесе көздерін жұмған күйде көреді. Оның атауын айтады. Топтағы балалар көмектеседі. Одан кейін педагог фигураны шығарып, үстелге қояды. Өзектендіру. – Фигуралар қалай аталады? Кеспе материал немесе жиынтық полотно пайдаланылады (балалар оларға белгілі фигураларды атайды, педагог нақтылайды жəне ықтимал қателерді түзетеді). Жиынтық полотнодағы фигураларды көрсетеді. «Не қандай нəрсеге ұқсайды?» ойыны. |
Жиынтық полотно |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
Мақсат қою (проблемалық жағдай). Бүгін біз фигуралар мен заттардың пішіндерін ажыратып, олардың кейбіреуін құрастырып жаттығамыз. Жаңалық ашу. (Ұ) Сендер əртүрлі геометриялық фигураларды тауып, оларды атауды үйрендіңдер. – Ал сендер мынандай фигураларды құрай аласыңдар ма? Суреттерге қараңдар, ұл балалар жолдарды салып жатыр. – –Олардың пішіні қандай? (Т) Əрі қарай педагог1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда қолда бар материалдардан көрсетілген фигураларды құрау керек. Топта тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады, балалар санау таяқшаларын, арқандарды, кесектерді, жолақтарды жəне басқаларын пайдаланады. Фигуралар үстелге қойылғаннан кейін педагог фигуралар туралы жұмбақтар оқиды. Жаңаны қолдану. (Ө) 2-тапсырманы орындау ұсынылады. 3-тапсырма геометриялық фигуралардан мəшиненің суретін салады. Педагог фигураларды сабаққа дейін дайындауы тиіс. Фигураларды (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) фигуралар реттілігін құрған кезде пайдалануға болады. Екі өлшем бойынша түрлі түсті фигураларды əзірлеп, педагог балалардан фигуралар тізбектерін құрып, осы фигуралардың қасиеттерін атауды сұрайды. |
Санау таяқшалары, арқандар, кесектер, жолақтар.
Əліппе-дəптер.
Фигуралар туралы білетін жұмбақтарын айтады. Əліппе-дəптер. Геометриялық фигуралар, геометриялық конструктор |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. |
Әліппе-дәпер |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Сөйлеуді дамыту
|
Тақырыбы: |
Бағдаршам көшедегі көмекшім |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата алады, сұрақтарға жауап береді. Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжамдайды |
||
|
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light Пікір алмасу сұрақтары: Жол ережесі деген не? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Оқиғаны әрі қарай болжай алады. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(Ұ) Шаттық шеңбері. – Қайырлы таң, балалар! – Бүгінгі күн қандай керемет! – Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық. Күлімде, Күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгін де Қанат қақсын көгершін. Педагог балаларға көздерін жұмып, көз алдына қаламыздың үлкен көшелерін елестетуін сұрайды. Көліктердің шуылы, дабыл, бип-бап деген дыбыстар естіледі. – Кім нені елестетті? Педагог балаларды тыңдап, қорытынды жасайды. Қала көшелерінде мәшине көп, қарбаласып жатқан тірлік. – Қалай ойлайсыңдар, бізге апатты жағдайға ұшырамай, жолдан дұрыс өтуімізге кім көмектеседі? – Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз. – Егер жол жүру ережелерін сақтамасақ, не болуы мүмкін? |
Көше, мәшине дыбыстары жазбасы |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Суретті қарап, әңгімені тыңдауды ұсынады. Әсем інісі Асанды қолынан жетелеп алып келе жатты. Асан ерке әрі айтқанды тыңдамайтын тентек бала болатын. Көшенің қиылысына жақындай бергенде әпкесінің қолын сілкіп тастап, көшеге қарай жүгірді. Ал бағдаршамда қызыл жанып тұр еді. Жүгіріп шыққан балақайды көріп, көшедегі көліктер әбігерге түсті ... (Мереке Құлкенов) – Асан дұрыс істеді ме? – Одан әрі не болды деп ойлайсың? Әңгімені жалғастыр. Педагог 5-6 баланың әңгімесін тыңдайды. Жол жүру ережелерін құруды ұсынады. Ережелерді берге талқылау. Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light Сергіту жаттығуы: «Бағдаршам» ойыны. Педагог балаларға бағдаршамның үш түсін көрсету арқылы қимыл-қозғалыстар жасатады. Педагог қызыл түсті көрсеткенде, балалар тоқтайды. Сары түсті көрсеткенде, қол шапалақтап, билейді. Жасыл жанғанда, әрі-бері жүреді. Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Әр суреттегі бағдаршамның қажетті түсін боя. Ойын жаттығу: «Сөйлемді жалғастыр». Егер бағдаршам болмаса, онда ... т.б. Педагог өлең оқып береді. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Біліп алдым мен де: Жасыл жанса, демде Алға кетем ілезде. Сары жанса, сабыр Сақтай тұрам әзір. Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай |
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан бағдаршамды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен |
Әліппе-дәптер,түрлі-түсті карандаштар |
\
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Құрастыру
|
Тақырыбы: |
Мен тұратын көше және үй |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.2.4. Жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу. 0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану. 0.2.2.1. Жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру. 0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу. 0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: - құрастыру техникалары мен тәсілдерін пайдаланып ұжымдық жұмыс жасай алады; - жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады. Зерек тәрбиеленушілер: - жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыра алады; - жобаны командада жасай алады, команда үшін маңызы мен өз орнын біледі. Қабілетті тәрбиеленушілер: - құрылыс материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін ажырата және пайдалана алады; - шығармашылыққа өз үлесін қосады; - өз ойы бойынша түрлі материалдардан әртүрлі құрылыстар жасай алады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Дағдыларын дамыту: • құрылыс материалдарының адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесе алады, құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыспен менің көшем тақырыбындағы құрастырудың мақсатын айқындай алады. Көптілділік: менің көшем– моя улица– my street. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: біздің көше, көшені құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалану. Пікір алысуға арналған сұрақтар. Құрылыс материалдарының түрлерін атап беріңдер? Құрылыс материалдарын пайдаланып қандай ұжымдық жұмыс жасауға болады? Әртүрлі ғимараттардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Мысалы: цирк пен тұрғын үйлер. Мектеп пен балабақша. Себебін айта аласыңдар ма? Өзің тұратын көше туралы әңгімелеп бер? Көшені құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болады? Көшені құрастырудың басқа ғимараттардан айырмашылығы неде? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Құрылыс материалдарының қасиеттері және кеңістікте орналасуы, көлемі, пішіні, түсі, сапасы |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында педагог сабақты «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуымен бастайды. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын… Кім өзін батырмын деп есептейді? Кім сары түсті жақсы көреді? Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді? Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? Кім құрылыс салғанды жақсы көреді? Кім құрылыс материалдарымен жұмыс жасағанды жақсы көреді? Кім «Лего» конструкторларымен жұмыс жасағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады. Өзі тұратын көшесі жайында әңгімелету. Көшенің аты қалай аталады? Құрастыратын материалдарды, «Лего» конструктордың кез келген бөлшегін қолымызға алып, көріп, оның қасиеттерін атаймыз. Қол тигіз: конструктор бөлшегінің түсі, нысаны, өлшемі, тығыздығы бар ма? Ол жылтырайды ма? Ұстап көр: конструктордың беті қандай? Конструктордың сапасы туралы қорытынды жасаймыз: Конструктор бөлшегінің түсі, нысаны, өлшемі,тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін. Конструктор бөлшектерінен көліктер, ғимараттар, үйлер, көшелер т.б. жасауға болады. Түстерінің алуан түрлілігі біздің әлемді қабылдауымызға бейімделген. |
Сұраққа сәйкес жауап берген балалар орындарынан тұрады Ұсақ және ірі құрылыс материалдары, «Лего» конструкторлары |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
Әліппе-дәптермен жұмыс. Тәрбиеленушілер құрылыс материалдары және «Лего» конструкторымен жұмыс істеген кезде қандай ережелерді сақтау қажет екендігі туралы ойланыңдар. Топтық жұмыс: тәрбиеленушілер өздері тұратын көшелерін құрастырады. Ол үшін жұмыс кезеңдерін анықтап алады: Біздің көше қандай болады, ойлану, үлгілер таңдау керек. Үлгі үшін қажетті бөлшектерді таңда. Бөлшектердің түстерін айқында. Объектіні жинақта. Өздері тұратын немесе таңдаған көшені құрастырады. Кез келген бала құрылыс жұмысын басқарушы, қалғандары құрылысшылар бола алады. Тәжірибелік жұмысты орындаған кезде тәрбиеленушілер өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, орындаған жұмысын безендірудің қарапайым тәсілдерін пайдаланады, ағаштар, көліктер, адамдардың бейнелерін, ойыншықтарын өздері қосымша құрастырып немесе дайын ұсақ ойыншықтармен толықтырады, шығармашылық таңдау жасай бастайды. |
Әліппедәптер, құрылыс материалдары және «Лего» конструкторы. |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
Дайын болғанда қай топтың көшесі әдемі, кең, жол жүру ережелеріне сәйкес белгілер қойып та безендіреді. Осы көшенің тұрғындарының көңіл күйлері қандай, шығармашылық жұмыстарын не үшін және қалай пайдаланатыны туралы айтып береді. Біздің көшедегі ең жақсы құрылыс, ең жақсы құрылысшы, ең жақсы басқарушы таңдалып, құрылыстың сапасы мадақталады. Рефлексия: Ұнады. Ұнамады. Жасай алмадым. |
|
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Дене шынықтыру
|
Тақырыбы: |
Ғарышқа саяхат |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, мәнерлі сап түзу жүру түрлерін орындау. 0.2.1.4. Секірудің алуан түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секірулер. 0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау. 0.2.2.3. Кеңістікті, уақытты бағдарлай алу, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту. 0.3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде әртүрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық балалар орындай алады: Ортақ кеңістікті бөлу және қозғалыс тәуекелдігін азайту. Педагогтің бұйрықтарын нақты орындау дағдысын пайдалану. Бір қолмен доп соққанда кеңістік пен нысанды бақылау. Кеңістікті бағдарлай алу. Көзді жұмып, түрлі бағытта залда шеңбер бойымен жүру. Балалардың көпшілігі орындай алады: Бірқатар дене әрекетінің түрлі жағдайларына бейімделу. Залдың қарсы бетіне кедергі заттардан өте отырып, шынтақтап және тізерлеп еңбектеп бару. Бір қолмен доп соғу кезінде кеңістік пен нысанды бақылау. Заттар арқылы секіру кезінде қос аяқпен қарғу, аяқ-қолдың қозғалысын үйлестіру. Кейбір балалар орындай алады: Аяқтың ұшымен тепе-теңдік сақтай отырып қозғалыс орындау кезінде кеңістік пен денені бақылау. Допты саусақтарды жая отырып алақанмен қағып алу және допты аяқтың тұсынан еденге соғып, жеңіл қимылмен лақтыру. |
||
|
Тілдік мақсат |
Балалар ғаламшар туралы білімін жалпылайды. Іс-әрекетті талдау және бағалау, өзінің және өзгенің олқылықтары мен әлеуетін анықтау, жүйелік пен кеңістікті түсіну, мәтіндегі түрлі қозғалыстармен байланысты рөл сомдау және олардың айырмашылығын түсіну дағдыларын көрсетеді. Пәндік лексика және терминология: Өзара іс-қимыл, кеңістікті бөлу, үйлестіру, ғарыш айлағы, Байқоңыр, ғарышкерлер, Күн жүйесінің ғаламшарлары, ғарыш кеңістігі. Талқылауға арналған сұрақтар: Күн жүйесіне қандай ғаламшарлар кіреді? Ғаламшарлардың қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Галактикада қандай ғаламшарлардың атауы жоқ? Бүкіл сынып болып тапсырма орындау кезінде арақашықтықты өздігінен қалай бақылауға болады? Біздің ғарыш кеңістігі үлгісіндегі қимыл-қозғалыстар қалай өзгерді? Неге екенін айта аласыңдар ма? Қозғалыс кезінде неге допты аяқ тұсында еденге соғады? Допты саусақты жеңіл қимылдата отырып соққан неге маңызды? Неліктен ортақ кеңістікті бөлу және қозғалыс тәуекелдігін азайту маңызды? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Кең және қысқа қадаммен жүгіру. 5 м жерге қолмен жүру (бір бала екінші баланың аяғын көтеріп ұстайды. Ол қолымен жүреді). Гимнастикалық орындықтың үстіне бір аяқты тізерлеп қойып, ал екінші аяқпен жерді тіреп жүру. Гимнастикалық қабырғамен түрлі тәсілмен өрмелеу. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
: (Ұ, Ө) «Байқоңыр» ғарыш айлағында барлығы ғарышкерлер даярлығынан өткенін еске салады. Зымыранмен ғарышқа саяхат жасау туралы ұсынылады. Бірден, екіден қатарға тұрып зал ортасымен сап түзеп жүру. Аяқтың ұшымен және өкшемен жүгіруді алмастыра орындау. Нұсқау – жүгіру кезінде аяқты ұшымен қою, өкшемен жүргенде аяқты тіктеп ұстау керек. Қозғалысқа сәйкес қол қимылын ауыстыруға назар аударылады – аяқтың ұшымен жүгіру – қолды белге таяну, өкшемен жүгіру – қолды алдыға тік жазу. «Зымырандармен» бір ғаламшардан екінші ғаламшарға жету (көздерін жұмып, бес баладан қатар сапқа тұрып, залда шеңбер бойымен түрлі бағытта жүру). Тапсырма орындаған кезде кеңістік пен ресурстарды бөлу, жарақатты болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдау ескертіледі. «Кім зейінді?» ойын жаттығуы Ғарышкерлер зымырандағы өз орнын жақсы есте сақтауы үшін зейінді тексеру. Балалар бастаушының соңынан қатарға тұрады. Педагогтің белгісі бойынша көздерін жұмады. Ойын бастаушылар педагог нұсқаған жерге барып тұрады да, жалау көтереді. Балалар өз командирін тез тауып зымыраннан орын алуға тырысады. |
Кең, бос кеңістік. |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
«Секіргіштер» ғаламшары – Бұл ғаламшардағылар секіріп жүреді. Заттар арқылы қос аяқтап секіру. Секірген кезде аяқ-қолдың қимылын үйлестіре отырып қос аяқтап бар екіпінмен қарғуға назар аудару. «түрлі түсті ғаламшар» – Бұл ғаламшариктің тұрғындары түрлі түсті доптарды өте жақсы көреді. Бір қолымен жерге доп соғу. Нұсқау – допты саусақтарды жая отырып алақанмен қағып алу және допты аяқтың тұсынан еденге соғып, жеңіл қимылмен лақтыру. «Өрмелегіштер ғаламшары» – бұл ғаламшариктің тұрғындары тек төрттағандап еңбектеп жүреді. шынтақ пен тізеге сүйене отырып төрттағандап еңбектеп заттар арқылы өту. Нұсқау – аяқ пен қолдың жұмысын келістіру, қозғалыс бағытын сақтау. «Сиқырлы ғаламшар». Бұл ғаламшар тұрғындары алыптар мен ергежейлілерге айнала алады. Түрлі музыка ырғағымен балалар тиісті қозғалыс тәсілін пайдаланады: қатты музыкаға кең адымдап, қолдарын жоғары көтеріп жүреді, баяу музыкаға қысқа адымдап, қолдарын белге таянып жүреді. |
Заттар (биіктігі – 20 см). Түрлі түсті доптар.
Өрмелеп өтуге арналған жұмсақ нәрселер |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. Жер – ең жақсы ғаламшар екеніне назар аударады, өйткені бұл түрлі ұлт өкілдерінің ортақ үйі. Табиғатты аялау, бір-бірін құрметтеу керек екенін еске салады. |
«Жер ғаламшары» слайды |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Аппликация
|
Тақырыбы: |
Басқұрды безегндіреміз |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру . 0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қию. 0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: -қазақ оюлары элементтерінен жапсырма құрастыра алады; -екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала алады; жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады. Көптеген тәрбиеленушілер: -жапсырмада ою элементтерінің кеңістіктік қатынастарын ескере отырып, оюларды өрнектің пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, бірқалыпты орналастыра алады; -орталықты, бұрыштарды әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады; -тиянақты ойын сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады. Кейбір тәрбиеленушілер: -өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады; -өз қиялын жеткізе алады |
||
|
Тілдік мақсат |
дағдыларды дамыту: -шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау; -ұлттық салт-дәстүрлермен және қолөнермен, халық шығармашылығы бұйымдарын жасаған кезде сөздік қорын молайту; -қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану; -өзінің және өзгелердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау; -түпкі ойын түсіндіру; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. Көптілділік: үлгі – шаблон – тemplate. негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -ою-өрнек, басқұр, жолақ, әшекей, сәндік аппликация. талқылауға арналған сұрақтар: Басқұр дегеніміз не? Оны тұрмыста не үшін пайдаланады? Басқұрдың жолағы қандай оюдан тұрады? Ою элементтерін қалай қиып алуға болады? Қағазды қалай бүктеу керек? Күнделікті өмірде оюлар мен өрнектер не үшін қажет? Қайшымен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
|
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. Сәлем, алтын күн! Сәлем, көк аспан! Сәлем, самал жел! Сәлем, көк емен! Туған өлкем, Саған да бір сәлем! (ұ) Педагог балаларды киіз үйдің үлгісін қарауға шақырады. Тәрбиеленушілер киіз үйдің негізгі бөліктерінің мақсатын білу-білмеуін сұрайды. Киіз үйді немен безендірген? «Идеялар қоржыны» сыни ойлау қабілетін дамыту тәсілдерін ұсынады: ою-өрнек дегеніміз – бұл …(тәрбиеленушілердің жауаптарының барлығын тыңдайды). Педагог балаларды алдағы әрекетке жұмылдырып, сәтті жұмыстар мен оларды орындау бойынша дұрыс жасауға ықпал етеді. |
Музыкалық сүйемелдеу. Киіз үйдің үлгсі Иллюстрациялық материал. Энциклопеди |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. (ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарайды. Басқұр – бұл қазақтың киіз үйін бекіту мен жабдықтауға арналған салтанатты әрі сәндік жолақтар. Басқұрды геометриялық және өсімдік оюлы өрнекпен әшекейлейді. Педагог балалардың қандай материалмен жұмыс істейтіні жөнінде ойлануды ұсынады. (Қағазбен) Қандай құралдармен? (Қайшы, желімге арналған жаққыш, қарындаш). Болжалды композицияға назар аударады: жолақтар қандай болады, қандай ою-өрнек қолданылады? Ұнаған ою-өрнек үлгілерін таңдауды ұсынады. (ұ) саусақтарға арналған жаттығу Алақандар үстел үстінде,( «бірекі» – саусақтар бірге, саусақтар бөлек). Алақан – жұдырық – қырынан, («бірекіүш») Саусақтардың амандасуы («бірекіүштөртбес» – екі қолдың саусақтары қосылады: бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және т.с.с.). Қояндар (сұқ және ортаңғы саусақты жоғары қарай көтерді, бас бармақ, төртінші және бесінші саусақтар біріктіріледі.) Қояндар тығылып қалды (жұдырықты түю). Ағаштар өсіп тұр (алақандарды өзіне қарай бұрып, қолды жоғары көтеру). Ағаштар жоқ (одан кейін қолдар төмен қарай түсіріледі). (ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы. Фон түсін таңдайды. Қию тәсілдерін анықтайды. Фон әзірлемесіне жай қарындашпен басқұр жолағының суретін салады, қиып альбомға жапсырады. Өз бетінше қиып алып, ою-өрнектің дайын үлгіқалыбын алады. Қағазды белгілі тәсілдермен: екіге немесе қатпарлап бүктейді. Ою-өрнектің бүгу сызығы бойымен оюөрнектің үлгіқалыбын қойып, жай қарындашпен сызып алады. Педагог тәрбиеленушілердің назарын заттың шеткі сызықтарына аударады. Шеткі сызықты қию оңай болу үшін оң жақтан солға қарай қияды. Сосын белгілер бойымен ою-өрнекті қиып алады да жазады. Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін қадағалайды. Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет. Жолаққа ою-өрнектің барлық бөлшектерін орналастырады. Орналастырудың ең жақсысын таңдайды. Жапсырудың барлық бөлшектерін матаға ретімен жапсырады. Желімді бейненің ортасынан бейненің бұрышы мен шетіне қарай біркелкі етіп ұқыпты жағу керек. Бұл үшін жаққышты, саусақты, сорғышты қолдануға болады. Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ немесе бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап, қағаз бөлшектің бетін аударады. (ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері Сабақ шеңберінде педагог қайшымен жұмыс істеу ережелерін және жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіруді еске салып отырады. |
Түрлі түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (не желімді қарындаш), желім жаққыштар, сүрткіштер, клеенка. Қазақтың ою-өрнектері бар үлгіқалыптар мен трафареттер. Жадынама. |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. ұ, ө) Рефлексиялық бағалау. Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады. Мазмұны бойынша бағалау: танымдық белгімен бағалау – бала өзінің жұмысын танымдық белгілер (карточкалар, жетондар, ишарат және т.б.) көмегімен бағалайды. |
Символ-карточкалар |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Сөйлеуді дамыту
|
Тақырыбы: |
Қысқы орман |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын /қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады. Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді. Көптілділік: шырша - елка - conifer tree Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қысқы орман, табиғат. Пікір алмасу сұрақтары: Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме? Сендер қысқы орманда болдыңдар ма? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Жануарлар туралы білімі бар |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(Ұ) Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. – Балалар, өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңейікші. – Балалар өздерін биік тауға, жұпар иісті гүлге, сұлу құс аққуға, мықты тасқа теңеп, шаттық шеңберін жасайды. – Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме? – Сендер қысқы орманда болдыңдар ма? – Бүгін бізге ормандағы қорықшыдан хат келді. Ол өзінің кішкентай күшігінің орманда адасып кеткенін, көмек керек екенін жазыпты. – Күшікке көмекке барамыз ба? Қысқы орманға бару үшін қалың киіну керек. |
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Сен қысқы орманға бару үшін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата. Бұлар қандай киім деп аталады? 2-тапсырма. Балалар, қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған. Өзендер мұз болып қатып жатыр. Орманға бару үшін бізге қандай құралдар қажет? Суретке қарап, таңдап көрсет. Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір. Сөйлемді жалғастырып айт. Омбы қарда шаңғымен ... (сырғанаймыз) Мұзда коньки ... (тебеміз) Шанамен жотадан ... (зулаймыз) Сергіту сәті: Аяққа шаңғы ілеміз, Қолға таяқ аламыз. Оңға қарап, Солға қарап, Бір, екі, үш - жүйткиміз. Әліппе-дәптермен жұмыс: 3-тапсырма. Балалар, біз орманға келіп қалдық. Не көріп тұрмыз? Орманда қандай ағаштар өседі? Ата. Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине, бұтағы мен діңінен). Көптілділік: шырша - елка - conifer tree Сөйлемді аяқта. Егер терек қайыңнан биік болса, онда қайың теректен .... Егер емен қайыңнан жуан болса, онда қайың еменнен .... Қыста түн ұзақ, ал күн .... Бұл сөздер мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Қай сөз түсіп қалды: (Күн) ... суытты. (Қар) ... жауды. Өзенде ... (мұз) қатты. Бұталарды ... (қырау) басты. Әліппе-дәптермен жұмыс: 4-тапсырма. «Ненің ізі?» ойыны. Қайсысы ненің ізі екенін қосып көрсет. – Балалар, қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр. Қане қарайық, ненің іздері екен, мүмкін күшікті ізінен тауып алармыз. Тапсырманы орындау барысында педагог балалардан ненің ізі екенін айтып отыруды сұрайды. Мысалы: аюдың ізі, құстың ізі т.б. – Балалар, ізі арқылы күшікті тауып алдық. Күшікті тауып бергенімізге қорықшы қуанатын болды. Тіл ұстарту: [к] Шік-шік-шік – кіп-кішкентай күшік. Шік-шік-шік – бұл әдемі үйшік. |
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан баскиімді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен |
Әліппе-дәптер түрлі түсті қарындашта |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Математика
|
Тақырыбы: |
Көліктер.Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.3.1.1.Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс атау |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тəрбиеленушілер: -геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) атайды. Көптеген тəрбиеленушілер: -үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастырады. Кейбір тəрбиеленушілер: -шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз бетінше құрастырады |
||
|
Тілдік мақсат |
Дағдыларын дамыту: -заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология: -шеңбер – дөңгелек, сопақ – сопақша, үшбұрыш – үшбұрышты, шаршы – төртбұрышты (шаршы тəріздес), тіктөртбұрыш – тік- төртбұрышты. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Айналамыздағы қандай заттар дөңгелек (сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) пішінді? –... бейнелеу үшін қандай түстерді аласыңдар? –Пішіні, түсі бойынша бірдей (əртүрлі) фигураларды атай аласыңдар ма? Жазу: -жиектеу, бояу |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Түс: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
Ынталандыру. Педагог балаларды олар ойнайтын жəне жаңа əрі пайдалы білім алатын ҰОҚ туралы əңгімеге тартады. Өзектендіру. – Өткен ҰОҚ-де біз геометриялық фигуралармен таныстық. «Жамауды таңда» дидактикалық ойыны. Педагог бұл ойынды жиынтық полотноның немесе кеспе- материалдың көмегімен ұйымдастырады. – «Жамаулардың» пішіні мен түсі қандай болу керек? Педагог киімдер бейнеленген суреттерді таңдап олардын белгілі бір пішіндегі фигураны қиып алады. Балалар жақындап, киімді жөндейді |
Жиынтық полотно немесе үлестірмелі материал |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Педагог фигуралардың модельдерін көрсетеді (жиынтық полотноны немесе үлестірмелі материалдарды пайдаланады). Педагог фигураларға қарауды ұсынады. – Сендер олардың қайсысын білесіңдер? – Қайсысы сендерге таныс емес? – Бұл фигуралардың айырмашылығы бар ма? – Бүгін біз көлемді денелерді зерттейміз, олардың кейбіреуінің атауымен танысамыз. Жаңалық ашу. (Ұ) Педагог1-тапсырмадағы суретке қарауды ұсынады. Жүк тасымалдайтын көлік қалай аталады? – Қандай жаңа геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар? Олар геометриялық денелер деп аталады. Мұндай денелер текше, шар, цилиндр деп аталады. Педагог геометриялық денелер туралы тақпақтар оқиды. – Əртүрлі көлік түрлерін бейнелеген кезде қандай пішіндегі жəне қандай түсті денелер пайдаланылды? – Өздерің қандай құрылыстар тұрғыза аласыңдар? (фигуралардың модельдерімен тəжірибелік жұмыс – мұндай мүмкіндік болған кезде). Е гер тəжірибелік жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік болмаса, жиынтық полотномен жұмыс. Жаңаны қолдану. Əліппе-дəптер (Ұ) – Қалай ойлайсыңдар, біздің кабинетте дөңгелек (текше, цилиндр) пішінді заттар бар ма? –Оларды атаңдар. (Ө) Педагог өз бетінше жеке орындау үшін 2-тапсырманы ұсынады. (Ж) Педагог 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Педагог балаларды фигура бір саты жоғары көтерілген кезде бір белгісін өзгертеді деген қорытындыға бағыттайды. Осылайша балалар ақ шардың қандай болып өзгеруі мүмкін екенін табуы керек. Қорытынды жасаудан бұрын «Сиқырлы дорба» ойынын ұйымдастырылады. Көлемді денелер мөлдір емес дорбаға немесе қорапқа жасырылады. Балалар қолмен ұстап, сипалап, нені алғанын анықтауы тиіс. Қандай фигураны алғанын сипаттауға болады. |
Жиынтық полотно немесе үлестірмелі материалдар – текше, шар, цилиндр |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. |
Әліппе-дәптер |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Сурет
|
Тақырыбы: |
Аққала бізге көмекке келді |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау. 0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу. 0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тәрбиеленушілер: • қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды; • заттарды бейнелеу үшін геометриялық пішіндерді қолданады; • дәстүрлі емес сурет салу техникаларын пайдаланады. Көпшілік тәрбиеленушілер: • затты бейнелеу ерекшеліктерін жеткізеді; • бір сюжетті желісі бар сурет жасайды; • алдағы әрекеттерді айтады. Кейбір тәрбиеленушілер: • өз суретін әңгімемен толықтырады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Дағдыларды дамыту. Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: • оқу мақсатын түсінеді және оған жетуге тырысады; • пішінді бейнеге айналдыру жөнінде идеялар ұсынады; • затты бейнелеудің ойын түсіндіреді; • өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір білдіреді. Көптілділік: аққала – снеговик – snowman. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: • көлік, көлік түрлері, аққала, мереке, шырша әшекейлері талқылауға арналған сұрақтар: Аққала неге көңілсіз деп ойлайсыңдар? Біз оған қалай көмектесе аламыз? Сендер оған кездесуден естелік ретінде не сыйлар едіңдер? |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Пішіндер туралы білімге сүйене отырып, заттар мен олардың бөліктерінің негізгі формасы, пропорцияларын мәнерлеп жеткізу іскерлігі. |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
(Ұ) Оң көңіл күй қалыптастыру Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. Бір-біріне күлімдеп қарайды. Аязата ойды- қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы Жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аязата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды. (Ұ) Педагог жаңажылдық ертеңгілікті, шырша қонақтарын еске түсіруді ұсынады. Балалардан әсерлерімен бөлісуді сұрайды. Аққаланың келуі. Аққала қандай көлікпен келді деп ойлайсыңдар |
Музыкалық сүйемеледу Өлеің Жаңажылдық ертеңгіліктен слайдтар, музыкалық сүйемелдеу. Аққала суреті не ойыншығы |
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. (Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс. Аққала балалардың шыршасына қандай көлікпен келе алады? Өз таңдауыңды түсіндір. Проблемалық сұрақ: Аққала неге көңілсіз деп ойлайсыңдар? Бүгін біз Аққаланы көңілдендіретін боламыз. Оған достарын салып береміз. Ол үшін бізге геометриялық пішіндер көмектеседі. Аққаланы қандай тәсілмен салуға болады деп ойлайсыңдар? Бүгін біз қандай құралдарды пайдаланамыз? (Қылқалам, гуашь, мақта таяқшалар.) (Ұ) Сергіту сәті Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Әппақ,әппақ, жапалақтап, Қар жауып тұр далада. Әппақ дала, барлық бала, Қуанып жүр далада. (Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы Педагог оқу құралдарының партада орналасу ережелерін еске салады. Балалардан қылқаламды қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетуді сұрайды. Қылқаламмен, бояулармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау қажеттілігіне ынталандырады (Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.) Әліппе-альбоммен жұмыс Әліппе-альбомдағы екі нұсқаны қарауды ұсынады, өздеріңе қызықты болып көрінгенін таңдап, жұмысқа кірісіңдер. Суреттеріңдегі ұсақ бөлшектерді (көз, түйме, аққаланың басындағы шелек әшекейлері) мақта таяқшаларды қолданып, толықтыра аласыңдар. |
Әліппе-альбом. Түрлі өлшемдегі қылқаламдар №3, №6, гуашь, суы бар төгілмейтін стақан, мақта майлықтар, мақта таяқшалар. |
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. (Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне туралы әңгімелейді. Кімге өз жұмысы ұнады? Аққаланы қандай геометриялық пішіндердің көмегімен бейнеледің? Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп ойлайсың ба, әлде онша емес пе? Не сәтсіз болды? Кімнің суреті көбірек ұнады? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар, біз аққаланың көңілін көтере алдық па? Біз ол үшін не жасадық? Өздеріңнің көңіл күйлеріңді бет қимылы (мимика) арқылы көрсетіңдер. |
Балалардың жұмыстарын орналастыруға арналған стенд. Әліппе-альбом. |
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Сауат ашу
|
Тақырыбы: |
Й дыбысы мен әрпі |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. 0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.2.2 Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. |
|
|
Күтілетін нəтиже |
|
|
|
|
||
|
Барлық тəрбиеленушілер: Педагог сұрақтарына толық жауап беріп, сөйлемдегі сөздердң санын анықтайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Й дыбысы – дауыссыз дыбыс, й дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі й дыбысының орнын ажыратады. Сөйлем түрлерін атайды. Й əрпінің баспа түрін жазады.
Көпшілік тəрбиеленушілер: Сурет бойынша өз
ойларын айтып, мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі
дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке
дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Й дыбысына сөз құрайды.
Сөздегі дыбыс санын, ондағы й дыбысының орнын ажыратады.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы,
лепті), сөйлеу барысында қолданады. Жазу жолын, жоларалық
кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, й əрпінің
элементтерін жазады. Кейбір тəрбиеленушілер: Жұмыс дəптерінен педагог сұрағы негізінде қажетті мəліметті табады. Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Й дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөйлем анықтамасын айтып, ұқсас сөйлем құрайды. |
||
|
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер : Сұраққа толық жауап бере отырып, Й əрпімен танысады. Й дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талодау жасайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Саяхат ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Өлең жолдарын қайтала. Сөздерді буынға бөл. |
|
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Сөйлем құрастыр. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді? |
|
|
|
||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шеңберге тұрғызып көңілді өлең жолодарын айтқызады.
Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Тəрбиелі баламыз, Амандасып аламыз.
(Ұ) Педагог балаларға саяхатта жүрген балалар туралы сюжетті суретті көрсетеді. Балалардан саяхатқа қайда барғандары туралы сұрайды. Саяхатқа өздеріңмен не алып бардыңдар? Өздерінің саяхатқа барғандары туралы əңгімелейді. |
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. (Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Суреттегі саяхатқа шыққан балалардың іс-əрекеті туралы əңгімелеседі. Педагог сөйлемдерді дауыс ым-ишарасын келтіріп оқиды. Балалар тиісті белгілерін қояды. Орман қандай тамаша! Орманға кіммен бардың? Мен орманнан тиінді көрдім. Балалар педагогтің сөйлемдерін қайталап айтады. Ым-ишиармен келтіреді. Сөйлемдерден й дыбысы естілетін сөздерді атайды, буынға бөледі. Қандай, қайың. Й – үнді дауыссыз дыбыс. Айтқанда кедергіге ұшырап қысқа айтылады. Көк текшемен белгілейміз. Й дыбысынан басталатын қазақта сөз жоғын педагог балаларға ескертеді. Мысал келтіреді. Айша, айна, қалай?, қайсы? т.б. Айша деген қыздың атын қайталайды. Айша сөзін буынға бөліп сызбасын жазады. Дауыссыз дыбыстарды көк, дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейді. 2-тапсырма. Суреттегі заттарды атайды, оларға ортақ атау (киім) береді, й дыбысы кездесетін сөздерді дауыстап айтып, оларға дыбыстық талдау жасатады. Мысалы: ма-ла-қай – үш буын, й дыбысы сөздің соңында тұр. Й дыбысы – үнді дауыссыз дыбыс. 3-тапсырма Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Й мен И орнын анықтайды. Тиін, инелік, қайың. Й дыбысының дауысты дыбыстан кейін ғана жазылатынын ескертеді. 4-тапсырма Й əрпімен танысамыз Й əрпін боя Педагог тақтаға Й əрпінің бейнесін іліп қояды. И əрпінің Й əрпінен айырмашылығын түсіндіреді. Балалар Й əрпін ауада жазып көрсетеді. Сергіту сəті. Педагогпен бірге балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды. Қояным тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. 5-тапсырма Балаларға таяқшалар таратып береді. Балалар тақтадағы Й əрпінің бейнесіне қарап, педагогтің көмегімен Й əрпін жасайды. Й əрпі кездесетін сөз ойлап айтады. Буынға бөледі. Й əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады |
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Балалардың белсенділігін талқылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
|
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Құрастыру
|
Тақырыбы: |
|
||
|
Күні: |
Педагогтың аты-жөні:Л.И.Молдагалиева |
||
|
Даярлық сыны: О "А" |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
|
||
|
Күтілетін нəтиже |
|
||
|
|
|||
|
. |
|||
|
Тілдік мақсат |
|
||
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
|
||
|
|
|||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
: |
|
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. |
|
|
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Құрастыру
|
Тақырыбы: |
|
||
|
Күні: |
Педагогтың аты-жөні:Л.И.Молдагалиева |
||
|
Даярлық сыны: О "А" |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
|
||
|
Күтілетін нəтиже |
|
||
|
|
|||
|
. |
|||
|
Тілдік мақсат |
|
||
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
|
||
|
|
|||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
: |
|
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. |
|
|
Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай
Құрастыру
|
Тақырыбы: |
|
||
|
Күні: |
Педагогтың аты-жөні:Л.И.Молдагалиева |
||
|
Даярлық сыны: О "А" |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
|
||
|
Күтілетін нəтиже |
|
||
|
|
|||
|
. |
|||
|
Тілдік мақсат |
|
||
|
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
|
||
|
|
|||
|
Жоспарланған уақыт |
|
|
|
|
І. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою 2–5 минут |
: |
|
|
|
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
. |
|
|
|
IV. ҰОҚ қорытындылау. Рефлексия.26–30 минут |
. |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген