жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сандар мен цифрлар
Пәні:Математика |
Сынып: 1 |
|||
Күні: Бөлімше тақырыбы: |
Мұғалім: Биназар У.А. Сандар мен цифрлар. (Сандық сәуле) |
|||
Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жоспардан |
1.1.1.1.** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. 1.3.3.1 сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; |
|||
Сабақ мақсаттары: |
Барлығы: натурал сандардың және нөл санының құрылу жолын айтады; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері атайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын көрсетеді. |
|||
|
Көпшілігі: натурал сандардың және нөл санының құрылу жолын түсіндіреді; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды іске асырады; натурал сандар қатарындағы орнын таңдайды; сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын түсіндіреді. |
|||
|
Кейбіреуі: натурал сандардың және нөл санының құрылу жолын талдайды; 10 көлеміндегі сандарды салыстырады; натурал сандар қатарындағы орнын табады; сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын көрсетеді |
|||
Бағалау критерийі |
Сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір- біріне қатысты орналасу қалпын анықтау. |
|||
Тілдік мақсат
|
Пәнге сәйкес сөздер мен терминдер Сандық сәуле, алдыңғы сан, келесі сан |
|||
Құндылықтар |
Оқушылар сыныптағы жиһаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиелей отырып, жауапкершілік құндылығына тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу өнері, сауат ашу |
|||
Ресурстар |
Оқулық, дәптер, сызғыш, смайликтер, маркерлер, АКТ. |
|||
Сабақтың жоспары |
Оқыту әдістері |
Бағалау
|
Саралау
|
|
Сабақтың басы |
Шаттық шеңбері Ширату «Өз орныды тап» ойыны Оқушыларды шеңберге тұрғызып ретімен санату. Ретімен саналған соң кір тартылып тұрған жайғыш жіпте 1-10-ға дейінгі сандар қатары тұрады сол жерге барып өз орындарын табады. Осы жерде сандық сәуле ұғымын түсіндіру. Сандық сәуледе сандар рет-ретімен орналасатынын және ара қашықтықтары бірдей болатынын түсіндіру. Натурал сандар қатарындағы әр санның өзіне сәйкес орны бар. Алдыңғы сан сандар қатарындағы берілген санның алдындағы сан, келесі сан натурал сандар қатарындағы берілген саннан кейінгі сан екенін түсіндіру. Дескриптор: - натурал сандардың және нөл санының құрылу жолын түсінеді; - 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; - натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды |
Ауызша мадақтау |
Тапсырма
|
|
Сабақтың ортасы |
2. Оқулықпен жұмыс. Алдарындағы флипчарт арқылы тапсырманы орындайды Т.Ж. 1.Сандық сәуледегі сандарды санайды. 2. Түсіп қалған сандарды тап 3. Қанша сан түсіп қалған? Бұл қандай сандар? (2,5,7) Дескриптор: - Сандық сәуледегі сандарды санайды; - түсіп қалған сандарды табады; - қандай сандар екенін атайды;
3. Жұп.ж. Қима қағаздағы берілген суреттегі алдыңғы, келесі санды табады. 2 және сандары үшін алдыңғы және келесі сандарды атайды. Дескриптор: Алдыңғы, келесі сандарды табады, атайды; 4. Аюға көмектес Жеке ж.дәптермен жұмыс Аю шыны құтыларды ретімен қойды ма? Сен оны қалай анықтадың? Дәптерге сандар қатарын ретімен жазу. Дескриптор: - шыны құтыларды сандық қатар ретімен қояды; Сандар қатарын дәптерге жазады; |
Бір –бірін бас бармақпен
Смайлик |
Диалог және қолдау көрсету
Дереккөз
|
|
Сабақтың соңы |
«Домино» ойыны домино тастарын ретімен орналастырады. Дескриптор: Сандар қатарын ретімен орналастырады; |
Бағдаршам |
Қарқын |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі: Бағалау критерийі: |
Қолдану - Сандарды сандық сәулеге ретімен орналастырады. - Сандық сәуледе белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орнын анықтайды 1-тапсырма Сандық сәулеге белгілеңіз. - 2 санының оң жағындағы санды; - 5 санының сол жағындағы санды; - 8 бен 10 сандарының арасындағы санды. Дескриптор: - сандық сәулеге 2 санының оң жағындағы санды белгілейді және жазады; - сандық сәулеге 5 санының сол жағындағы санды белгілейді және жазады; - сандық сәулеге 8 бен 10 сандарының арасындағы сандыбелгілейді және жазады. 2-тапсырма 5 санының сол жағынан санағанда 2 қадам және оң жағынан санағанда 3 қадам тұрған сандарды анықтаңыз және белгілеңіз. Дескриптор: - 5 санының сол жағындағы санды белгілейді; - 5 санының оң жағындағы санды белгілейді. Рефлексия: бүгінгі сабақ жайлы пікірін кір жаятын жіпте тұрған сандық сәуле қатарына барып көсетеді. Неге ол санның қасына барып тұрғаны жөнінде айтып өтеді. |
Басбармақ |
Тапсырма
Бағалау |
|
Өткізген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы 1) ОМ жеткен және жетпеген оқушылар саны 2) Егер жетпесе, себебі не? 3) жоспардан қандай ауытқулар болды, неге? |
||||
Жалпы баға ОМ жету үшін қандай әдіс-тәсілдер тиімді болды? Сабақтың жақсы өтуіне не әсер етуі мүмкін еді? Келесі сабақта неге көңіл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері)? |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген