400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сандар мен цифрлар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 саны мен цифірін білуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 бөлім «Сандар мен цифрлар»

СКО Ақжар ауданы Май орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жексембаева Алтыншаш Қайрбулатовна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

7 саны және цифры



Оқу мақсаттары

1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

7-нің натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; 7 санының құрамын анықтайды; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;

Көптеген оқушылар:

цифр мен санды бір-бірінен ажыратады, бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді; 7цифрын жазады,

Кейбір оқушылар:

Қазақ халқының жеті санына байланысты ұғымдарын айтады, мысалдар келтіреді

Бағалау

критерийлері

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; 7 санының құрамын біледі,натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Қазақ халқының жеті санына байланысты ұғымдарын айтады, мысалдар келтіреді




Тірек сөздер: жеті, семь,siven

Оқушылар орындай алады:

Қазақша, орысша, ағылшынша жеті санын айта алады

Айтылым:

Суреттер бойынша заттар санын айта алады.

Сандарды салыстыра алады.

Сурет бойынша есеп құрастыра алады.

Жазылым:

7 цифрын жазады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ халқында жеті санына байланысты қандай ұғымдар бар?

Жеті ата,жеті қазына.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға ұлттық ұғымдардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Тарих, ағылшын тілі, дүниетану, орыс тілі, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Сандар сәулесі, сандар құрамы, амалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ынтымақтастық орта қалыптастыру

Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимызОқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы 4,5,
6 санының құрамын қайталайды

«Жаңғырық» ойыны (гонгіне бірнеше рет соғу, оқушылар мұғалім неше рет соқты, сонша рет шапалақ соғады немесе қаламмен тықылдатады

Аудиожазба

Компьютер

Доп

Интербелсенді. тақта






Сабақтың ортасы


Ширату жаттығуы

«Адасқан сандар»

-Балалар, мына сандық сәулеге не болғанын қарайықшы.

Сандар араласып кетіпті.

-Кім көмектеседі?

-Тағы қандай сан қосылған? (7)

Жеті саны туралы не білеміз?


7 саны — натурал сан және сандық сәуледе 6 санынан кейін тұрады.

7 санының құрамы: 1 мен 6, 2 мен 5, 3 пен 4. 7 саны күнделікті өмірде кездеседі: аптаның жеті күні, белгілі ретпен орналасқан кемпірқосақтың жеті түсі.



Топпен жұмыс: Түстер палитрасы.

Оқушыларға тапсырманы топпен орындауды ұсынамын. Ол үшін қатырма қағазға түрлі- түсті дөңгелектер желімделген палитраны пайдаланамын. Жеке түрлі- түсті қағаз дөңгелектер дайындаймын. Оқушыларға әрбір палитрада жеті түстен болу үшін неше түрлі- түсті дөңгелек жетпейтінін анықтауға мүмкіндік беремін. Жұмыс барысында оқушылар түстер гаммасын сақтай отырып, жетпейтін дөңгелектерді желімдеу керек.

біріншіге бір бояу қосу керек, екіншіге — екеу, үшіншіге — үшеу.

Кемпірқосақта неше түс бар? Түстердің аттарын атап, неше түс бар, санап атап шығу.


ҚБ: ауызша мадақтау

Дескрипторлар:

-палитрадағы дөңгелектер мен түстер санын анықтайды;

-кемпірқосақтың түстерін атайды;

-кемпірқосақ түстерінің санын санап, атайды

Тапсырма № 2 Сандарды салыстыру (жеке)

Оқушылармен салыстыру таңбаларын қайталаймыз. Тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсынамын.

7 * 1 6 * 7 7 * 5 7 * 2 4 * 7 3 * 7 7 * 7 6 * 4

Оқушылар сандардың арасындағы сия тамшыларының орнына қандай салыстыру таңбасын қоятынын табады. Содан кейін оқушылар өз жұмыстарын тексеру үшін тақтаға дұрыс жауапты ілемін.

Бағалау «Бас бармақ»

Дескрипторлар:

Сандарды салыстыра алады.

Артық,кем,тең таңбаларын дұрыс орналастыра алады.

Сергіту сәті

7 музыка нотасын айтқызу,кері айтқызу

До ре ми фа соль ля си- ,си ля соль фа ми ре до

Тапсырма № 3

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау:.

Жеті жидектің суретін сал. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 7 санын заттардың санымен байланыстыруға дағдыланады.

Дескрипторлар:

Жеті жидектің суретін салады,бояйды:

7 санын заттардың санымен байланыстыра алады.

Бағалау:2 жұлдыз, бір тілек

Тапсырма №4 1.Заттарды тиісті санмен сызық арқылы қосу.

Дескриптор:

Заттарды санап тиісті санмен байланыстыра алады.

2. Түсіп қалған сандарды қою

Түсіп қалған сандарды қою.Топтарға ресурс беріледі. Сандарды табу үшін санау таяқшаларын, қарындаштарды қолданады. Жұппен жұмыс. Өзара тексеру.

Біріншіде:4,екіншіде:5, үшіншіде;1.

7 7 7


3 2 6

Дескрипторлар:Түсіп қалған сандарды дұрыс қоя алады.Жұптасып өзара жұмыс жасай алады.

Бағалау «Гамбургер» әдісі:

7 цифрын жазу.

Оқушыларға 7 цифрының жазба үлгісін көрсету,7цифрын ауада жазу, ол қандай бөліктерден тұратынын сұрап білу. Осы цифрдың элементтерін жеке жолға жазғызу . 7 цифрының жазылу үлгісін тақтада көрсету, 7цифрының жазылу элементтерін дәптерге жазғызу. Осыдан кейін оқушыларға 7 цифрын жазғызу.

Кестедегі бесінші және алтыншы жолдар бойынша өз бетімен жұмыс жасайды.




Сандық сәуле , /слайд/















Тақтада 7 саны баспа, жазбаша түрі берілген /дидакт .материал/













Оқулық 26- бет

Дөңгелектер желімделген

ұсынамын





















Өзін- өзі тексеру тақтада дұрыс жауаптар







аудиожазба



Жұмыс дәптері





Жұмбақ /слайд/,






































Сабақтың соңы


Блум таксономиясы бойынша «Жинақтау» деңгейіне, кейбір оқушыларға арналған тапсырма ұйымдастыру: «Мен білемін» ойыны

-Мен жеті қыздың есімін білемін...

-Мен аптаның жеті күнін білемін...

-Мен жеті қаланың атын білемін...

Қазақ халқының жеті санына байланысты ұғымдарын айтады, мысалдар келтіреді:

7 қазына

7 «жоқ»

7 ата, т.б.


Оқушылар сабақ соңында:


  1. сандық сәуледегі 7 санының орнын табады;


  1. 7 санын басқа сандармен салыстырады;

  2. 7 санының құрамын анықтайды;

  3. 7 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін білу


үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау.

— 7 саны сандық сәуледе қай жерде орналасқан?


— 7 санын қалай алуға болады?

— 7 санына байланысты қандай мақалдар біле-сіңдер?



Рефлексия «Қол»:

Бас бармақ – керемет болды, маған ұнады!

Балан үйрек – әлі де мән беру керек.

Ортан терек – маған бұл мүлдем ұнамады.

Шылдыр шүмек – сұрағым бар.

Кішкене бөбек – маған көмек керек















Флипчарт

Саралау

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс,жеке жұмыс.

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалардың құрылуы

Жоғары деңгейлі оқушылардың қолдауы

Бағалау

Бағалау парақшасында берілген табыс критерийлері арқылы

Бас бармақ

Ауызша мадақтау

«Гамбургер» әдісі




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
(топпен жұмыс жүргізгенде топ ережелері, қауіпсіздік ережелері, сергіту сәтін өткізу)



Shape1












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі