400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сандар сыры" 1-10-ға дейінгі сандар. Мектепалды даярлық сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім деңгейін байқау математика пәніне қызығуын арттыру, білімдерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ.

Тақырыбы: «Сандар сыры» 1-10-ға дейінгі сандар

Мектепалды даярлық сынып.

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін байқау математика пәніне қызығуын арттыру, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, санасын дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың ой танымдық қабілеттерін дамыту мен ұйымшылдыққа баулу, ой қорытуға үйрету.
Математикалық ойынның мақсаты:
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар! Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!

Математика - бұл тек ғылым және техника тілі ғана емес, математика - бұл адами өркениеттің тілі. Ол адам өміріне толығымен енді. Қазіргі өндіріс, ақпараттық технологиялар барлығы математикалық сауаттылықты қажет етеді. Математикалық білім жалпы қоғам мәдениетінің дамуына өзінің үлесін қосады. Дей отыра «Сандар сыры» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ұйымдастыру кезеңі:

Экранда көрсетілген санау әнін қосыла айту.

Осы әнмен ортаға сайыскерлер шығады. Сайыскерлер өз аттарын айтып,ұранын айтып өзін таныстырады.


Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін,
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.


Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағын
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.


Екіден соң әрқашан,
Үш саны боп қаламын
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою құрамын.


Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.


Әр қолда саусақ бес-бестен
Шықпас тегін ол естен,
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.


Беске бірді қосқанда

Шыға келем мен мұнда

Алты саны боламын

Санның ретін құраймын


Алтыға аға,сегізге іні

Жеті саны боламын кең ұғымды

Жеті күн құрайды бір аптасын

Әрбір бала білу керек жеті атасын


Жетіге аға боп келдім

Сандық сәуле бойымен

Сегіз саны мен болам

Шексіздік салар ойыммен


Сегізге бірді қосқанда

Шыға келер тоғызым

Біртаңбалының үлкені

Берер сыйы көп енді.


Бүгінгі сайысымызға  төрешілік ететін: Бастауыш сынып мұғалімі Тілеуқұлова Замира Кенжебекқызы.

Ұпай беруші қыздар: Ботбайбек Жансая және Еділбай Дария.

Сайыс кезеңдерімен таныстырайын:

І кезең. Көршім кім?

ІІ кезең. Геометриялық фигуралар әлемі.

ІІІ кезең «Біліктілік»

IV кезең. «Қызықты есептер»

V кезең. "Логика".

VІ кезең. Ақтық сайыс.

Әр кезең бойынша ұпайы аз бала ойыннан шығып отырады.


І кезең. Көршім кім?

***5*** ***2***

***8*** ***7***

***4*** ***4***

***3*** ***5***

***6*** ***3***

***7*** ***8***

Әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріліп отырады. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

ІІ кезең. Геометриялық фигуралар әлемі.

Әр қатысушыға геометриялық фигуралар беріледі,сол фигураны бала атап,ерекшелігін айту керек.Фигураны атағанға 1 ұпай,оған қоса ерекшелігін айтса тағы+1 ұпай.

Ұпайлар саналып.ұпайы аз 2 оқушы ойын алаңымен қош айтысады.


ІІІ кезең «Біліктілік»

5+3*9-3

4-3*7+1

6+3*8-4

3+3*402

2+8*3+7


Салыстыруды орындау. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Ұпайы аз 1 оқушы сахнамен қош айтысады.

Регламент 3 минут.

Регламент уақытында "Көрермендер көзайымы" айдары. "Кезекші микрофон" сұрақтары.

1.Төрт бұрышы бар фигураны ата.

2.Кәзір қыс мезгілі.

3.Арифметикалық амалдарды ата.

4.Жазда күн суық болады.

5.Бір аптада неше күн бар?

6.Аспанда ұшты 6 балық,

Қосылды оған 2 балық.

Болып шықты неше балық?

7.Есепте 5+4-3=??? 6

8.Үш бұрышы бар фигураны ата.

9.100 теңгең болғанша ***** аяқта

10.Қыста көбелек ұшады.


Дұрыс жауап берген көрермендер смайликпен ынталандырылады.

IV кезең. «Қызықты есептер»


Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2


Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2


Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10


Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )


Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )


Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )


Ұпай аз жинаған 1 оқушы сахнамен қош айтысады.

V кезең. "Логика" Бос орынды толтыр.

Регламент 2 минут

Ұпайы аз 1 оқушы сахнамен қош айтысады.


VІ кезең. Ақтық сайыс.



















Регламент 2 минут

Осы сәтте сандар сырын ашқан көшбасшы белгілі болады.


Ән: "Қоңырау" Найзабек Амина

Оқушыларды марапаттау кезеңі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі