Материалдар / «Сандар сыры» интеллектуалды сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сандар сыры» интеллектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыруда қосымша идея
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
283
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сандар сыры»

Мақсаты 1) Ойнап жүріп, ойлай білуге

2) Ауызша және тез есептеуге

3) Логикалық ойлау қабілетін дамытуға

4) тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке үйрету

5) Қазақтың салт-дәстүрін сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу

Әдісі топтық сайыс.

Көрнекілік слайдтар, қосымша тапсырмалар.

ЖүргізушіМатематика – бұралаңсыз, нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың.

Шығамын десең биік таудың басына,

Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.

Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,

Тула, толқы, тебірен, бірақ тасыма!

8 а,б сыныптарының арасында «Сандар сырының құпиялары» атты сыныптан тыс шарамызды бастаймыз. Бұл кешке 2 топ қатысады. Топтардың білімін бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.

ЖүргізушіСандардың біз сырына үңілеміз,

Үйренбеген достардан түңілеміз!

Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар,

Бүгін достар әрине жеңілеміз!,- дей келе кешіміздің жүру барысымен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері

І. “1001 мақал” (Жасырынған санды тап)

ІІ. Сандар сыры

ІІІ. “Арифметика” жұмбақ-есеп

ІV. “Ойлан, тап” логикалық есеп

V. “Кім жылдам” топ басшылар сайысы

Жүргізуші Сонымен, бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер! Кешіміздің бірінші бөлімі «1001 мақал». Дана халқымыздың ең ежелгі де, аса бай мәдени мұрасы – мақалдар. Бұл қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жана беретін, әр заманның талап-тіршілігін, мәдени қалыптарын танытып, тілге нәр, сөзге ерекше әсемдік пен ұтымдылық құятын үлкен байлық. Ол әр кезеңде көсемдер мен шешендердің, ақындар мен абыздардың, батырлар мен билердің ауыздарынан шықққан ұтымды да ұшқыр, өрнекті ойларымен толысып отырады.

Мақал-мәтелдер көп ретте халқымыздың әдет-ғұрып, салт-сана, таным-талғам, талап-парыз нормалары қызметін атқарып келді, алдағы уақытта да солай болары сөзсіз.

Ендігі кезекті мақал-мәтелдерге берейік. Әр топқа 8 мақалдан беріледі. Мақалдар слайдта жазылған Көп нүктенің орнына тиісті санды қою керек. І бөлім

І топ

... жақсы қас болмас, ... жаман дос болмас. (Жауабы 2)

Досыңды ... күн сынама, ... жыл сына . (Жауабы 3)

Білгенің бір ... , білмегенің ... (Жауабы 9, 99)

Ер қаруы- ... қару (Жауабы 5)

... рет айтқаннан ... рет көрсеткен артық (Жауабы 10, 1)

.... кісі қазған құдықтан ... кісі су ішеді (Жауабы 1, 1000)

Мал ... жұттық, батыр ... оқтық, жер мәңгілік. (Жауабы 1)

... жұрттың тілін біл, ... түрлі ілім біл. (Жауабы 7)

ІІ топ

... жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. (Жауабы 6)

Шындық ... қабат, шынжырды үзеді. (Жауабы 12)

Болар бала ...-інде баспын дейді, болмас бала ...-інде жаспын дейді. (Жауабы 15, 25)

Жерді ... рет жыртқан, өнімді ... есе өнім алады. (Жауабы 2)

...-ау ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу түгел болса төбедегі жетеді. (Жауабы 6, 4)

... саусақ бірдей емес. (Жауабы 5)

... күндік жолға шықсаң, ... күндік азық ал. (Жауабы 1, 3)

Досыңның ... болғанына мақтан, дұшпаның жалғыз болса да сақтан. (Жауабы 1000)

ІІ бөлім «Сандар сыры»

(Қасиетті сандарға байланысты дәстүрлі ұғымдарды атау)

Жүргізуші Ендігі кезекте сандардың құпия сырларына тоқталайық. Бұл бөлімде І топқа 3 саны, ІІ топқа 5 саны және екі топқа да 7 саны туралы бір, екі сұрақ беріледі. Осы сандарға байланысты қазақ халқының дәстүрлі ұғымдарын ашып беріңіздер. (Оқушылар өздері топпен ақылдасып, ойланып жауап береді)

І топ Үш қуат, Үш ғайып, Үш көз,Үш жұрт, Жеті күн, Жеті қазына.

ІІ топ Бес дұшпан,Бес асыл,Бес қару,Бес парыз, Жеті ата, Жеті жұт.

Жауаптары

І топ

Үш қуат ақыл, жүрек, тіл.

Үш ғайып ажал, қонақ, несібе.

Үш көз су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш жұрт Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.

Жеті күн бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күні, соңғы күн, азына.

Жеті қазына ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.

ІІ топ

Бес дұшпан өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ

Бес асыл талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Бес қару садақ, найза, қылыш, мылтық, айбалта

Бес парыз қажылық, намаз, иман, ораза, зекет.

Жеті ата әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті жұт құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, сел(тасқын), жер сілкіну.

Жүргізуші Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де – есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек-

ІІІ бөлім “Арифметика” жұмбақ-есеп

І топ

Он бір түйе, бес жылқы

Екі сиыр бес ешкі

Екі қоян үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі (28)

ІІ топ

Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)

ІV бөлім “Ойлан, тап” (логикалық есеп)

І топ

Аспанда бір топ қаз ұшып барады. Бір қаз аяғы сынып жерде ұша алмай тұр. Аяғы сынған қаз “Армысыңдар, 100 қаз!” дейді. Сонда аспандағы қаздар былай дейді “Біз 100 емеспіз! Біз 100 болу үшін, біз сияқты бір топ қаздарды қосасың, оған олардың жартысындай қаздарды қосасың, содан соң өзіңді қос. Сонда ғана 100 боламыз” –дейді. Аспандағы қаздар саны әуелде қанша еді? (33)

ІІ топ

Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап -Қанша асық ұттың?-дейді. Ол -Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, -деді. -Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді үшінші бала.

-Ең көп асық ұтылған мен болдым,-дейді мұңайып бірінші бала.

-Ойынның соңында кімде қанша асық болды? ( 4818.)

V бөлім “Кім жылдам” (топ басшылар сайысы)

Кестедегі сандардың арасындағы заңдылықты тауып, белгісіз сандарды табыңыз.

3 5 10 8

5 8 24 21

1 6 30 25

? ? 120 110

Топ басшылары ойланып отырған кезде көрермендерге сұрақтар қойылады.

Көрермендерге

Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылу керек?

3,5,10,12,24,26,? (Жауабы 52)

7,15,31, ? (Жауабы 63)

14 (625) 11

(?) 5. (Жауабы 225)

4)Анаграмманы шешіп артық сөзді алып таста

ШБЫРҰ

ЛӨШКЕБ

ЗАЙУАТ

НИ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!