Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлар

Оқу сабағының жоспары №


Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 8 Информатика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне дұрыс және тиімді түрде ауыстыруды меңгеру;

- Әртүрлі санау жүйелерінің ерекшеліктерін түсініп, олардың арасындағы байланысты орнату.

Міндеттері:

- Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелерінің құрылымын меңгеру;

- Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне түрлендіру жолдарын үйрену;

- Санау жүйелері арасындағы түрлендірулерді алгоритм арқылы орындау және есептер шығару.

3. Күтілетін нәтижелер

- Әртүрлі санау жүйелеріндегі сандарды танып, оларды бірінен екіншісіне ауыстыра алады;

- Санау жүйелері бойынша түрлендіру алгоритмдерін қолданып, есептер шығара алады;

- Нақты мысалдар арқылы теориялық білімін іс жүзінде қолдана алады.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар,оқулық,компьютер


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу


2. Білімді бақылау (5 мин)

Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?

  2. Екілік, ондық және оналтылық санау жүйелерінің айырмашылығы қандай?

  3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге қалай аударамыз?

  4. Ондық санды екілік санау жүйесіне қалай түрлендіруге болады?


Білімді бағалау критерийлері:

  • Санау жүйесінің анықтамасын біледі;

  • Әртүрлі санау жүйелерінің арасындағы айырмашылықты түсінеді;

  • Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне түрлендіре алады.


3. Жаңасын баяндау әдісі. Ауызша (4 мин)

Санау жүйесі — сандарды жазу мен атаудың ережелер жиынтығы. Ең көп қолданылатын санау жүйелері — ондық (10 негіз), екілік (2 негіз), сегіздік (8 негіз) және он алтылық (16 негіз) жүйелер. Ондық жүйе — күнделікті өмірде жиі қолданылатын жүйе, ал екілік жүйе — компьютерлер мен цифрлық құрылғылардың негізгі жұмыс істеу форматы. Әр санау жүйесінің өзіне тән негізі бар, ол жүйеде қолданылатын цифрлар санын көрсетеді.

Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру белгілі алгоритмдер арқылы жүзеге асады. Мысалы, ондық санды екілікке айналдыру үшін оны 2-ге бөліп, қалдықтарды жазу керек. Ал екілік санды ондыққа айналдыру үшін әр цифрды оның разряд салмағына көбейтіп, нәтижесін қосу жеткілікті. Бұл тақырыпты меңгеру ақпараттық технология, программалау және кибернетика салаларында маңызды рөл атқарады, себебі деректердің дұрыс өңделуі мен берілуі осы санау жүйелеріне тікелей байланысты.


4. Топтық жұмыс (10 мин)

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа әртүрлі санау жүйелері арасында түрлендіру бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топ өзінің ауыстыру алгоритмін шығармашылық тәсілмен түсіндіреді: постер, комикс, сахналық көрініс, не болмаса интерактивті сұрақ-жауап түрінде.Мысалы, 4 топ өз жұмыстарын басқаларға көрсетіп, түсіндіреді.

Тапсырма үлгілері:

1-топ: Ондық сандарды екілік санау жүйесіне түрлендіру жолын көрсетеді.

2-топ: Екілік сандарды ондық жүйеге айналдыру алгоритмін түсіндіреді.

3-топ: Оналтылықтан ондыққа түрлендіру ережесін ұсынады.

4-топ: Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне айналдыру жолын көрсетеді.


Білімді бағалау критерийлері:

  • Түрлендіру алгоритмін нақты әрі дұрыс ұсынады;

  • Түрлі санау жүйелері арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады;

  • Мысалдар арқылы есеп шығарып көрсете алады;

  • Шығармашылық пен топтық жұмыс қабілетін танытады (креативтілік, белсенділік, түсіндіру шеберлігі).


5. Материалды бекіту Жеке жұмыс. Деңгейленген есептер шығару (15 мин)

  1. 1011₂ санын ондық санау жүйесіне айналдыр.

Ж: 11₁₀

  1. 45₁₀ санын екілік санау жүйесіне айналдыр.

Ж: 101101₂

  1. 3F₁₆ санын ондық санау жүйесіне айналдыр.

Ж: 63₁₀

  1. 125₁₀ санын оналтылық санау жүйесіне түрлендір.

Ж: 7D₁₆

  1. 110101₂ → ондық → оналтылық жүйеге айналдыр.

Ж: 53₁₀ → 35₁₆

  1. 2E₁₆ → ондық → екілік санау жүйесіне түрлендір.

Ж: 46₁₀ → 101110₂

  1. Өзінің туған жылының (мысалы: 2009) санын екілік және оналтылық санау жүйесіне түрлендіріп, олардың айырмашылықтарын сипатта (қысқаша мәтін түрінде).

  2. Компьютер неге екілік санау жүйесін қолданады? Қысқаша түсіндір (5-6 сөйлем).


Білімді бағалау критерийлері:

  • Есептің шартын дұрыс түсініп, жүйені анықтайды;

  • Санды дұрыс санау жүйесіне түрлендіреді және аралық қадамдарды көрсете алады;

  • Түрлендіру ережелерін түсіндіре алады (шығармашылық тапсырмада — логикасын негіздейді);

  • Жауаптың дұрыстығын тексере алады (кері түрлендіру арқылы);

  • Терминология мен символдарды дұрыс қолданады.


6. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия: «Көңіл-күй»

Студенттерге үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ»

Көк түс - «Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.»

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау


7. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Оқу:Оқулықтан осы тақырыпты оқып, санау жүйелерінің түрлері мен түрлендіру алгоритмдерін қайталау.

Тапсырма: Жаттығу есептерін шығару:

1100₂ → ?₁₀

255₁₀ → ?₁₆

7A₁₆ → ?₁₀ және ?₂

Өз туған жылыңызды екілік және оналтылық санау жүйелеріне түрлендіріңіз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2025
3
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі